Экономикалық мамандықтар бойын


«Қаржылық есеп 1 » пәнінен тексеру тестері



жүктеу 4,06 Mb.
бет29/29
Дата27.02.2018
өлшемі4,06 Mb.
#10846
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

«Қаржылық есеп 1 » пәнінен тексеру тестері

  1. Бастапқы құн нені бейнелейді?

А. Баланста актив мойындалатын сома

В. Актив ауыстырылатын сома

С. Сатып алу кезінде төленген ақша қаражаттарының солмасы

Д. Пайдаланудың болжамды мерзім аяғында есептелетін сома

Е. Активтің ағымдық құны

2. Мойындау кезінде негізгі құралдардың объектісі қандай бағалануда бағалануы керек?

А. Бастапқы құны бойынша

В. Ағымдық құны бойынша

С. Баланстық құны бойынша

Д. Әділ құны бойынша

Е. Қалдық құны бойынша

3. Жаңа объектіні сондай әділ құны бар және сондай қызметте пайдаланылатын сондай объект түріне ауыстыру операциясы кезінде табыс немесе шығын пайда бола ма?

А. Табыс та, шығын да қалыптаспайды

В. Табыс қалыптаспайды

С. Табыс та, шығын да қалыптасады

Д. Шығын қалыптасады

Е. Дұрыс жауабы жоқ

4. Жалданған негізгі құралдарға инвентарлық карточкалар ашыла ма?

А. Жалданған негізгі құралдар белгісімен ашылады

В. Ашылды

С. Ашылмайды

Д. Сыныпталуы бойынша ашылады

Е. Дұрыс жауабы жоқ

5. Амортизацияланатын құн –бұл ............(жалғастырыңыз)

А. Бастапқы және жойылу құн арасындағы айырмашылық

В. Ағымдық және баланстық құн арасындағы айырмашылық

С. Баланстық және бастапқы құн арасындағы айырмашылық

Д. Әділ және баланстық құн арасындағы айырмашылық

Е. Ағымдық және әділ құн арасындағы айырмашылық

6. Амортизациялық аударымдар қай уақытта мойындалады?

А. Әрбір есептік кезең үшін шығын ретінде

В. Жыл сайын зиян ретінде

С. Тоқсан сайын табыс ретінде

Д. Жыл сайын табыс ретінде

Е. Тоқсан сайын зиян ретінде

7. Тозуды есептеудің біркелкі (тура сызықты) әдісі объектінің функционалдық пайдалылығы неге байланысты деп болжайды?

А. Пайдалы қызмет ету мерзімі барысында оны қолданудың уақыты өзгермейді

В. Объектінің прогрессивтілігі оның пайдалы қызмет ету барысында өзгереді

С. Объектінің жабдықтары оның пайдалы қызмет ету барысында өзгереді

Д. Объектінің қуаттылығы жыл барысында өзгереді

Е. Объектінің құны пайдалы қызмет ету барысында өзгермейді

8. Амортизацияны есептеудің біркелкі (тура сызықты) әдісі кезінде амортизацияның жылдық нормасы мен жылдық сомасы қалай өзгереді?

А. Пайдалы қызмет етудің барлық уақытында тұрақты болып қалады

В. Секірмелі түрде өзгереді

С. Пайдалы қызмет етудің барлық уақытында төмендейді

Д. Пайдалы қызмет етудің барлық уақытында өседі

Е. Жылдық норма өседі

9. Амортизацияны есептеудің біркелкі (тура сызықты) әдісі кезінде баланстық құн қалай өзгереді?

А. Бір қалыпты азаяды

В. Өзгермейді

С. Секірмелі түрде өзгереді

Д. Бір қалыпты өседі

Е. Дұрыс жауабы жоқ

10. Амортизацияны есептеудің біркелкі (тура сызықты) әдісі кезінде жинақталған амортизация қалай өзгереді?

А. Өседі

В. Өзгермейді

С. Секірмелі өзгереді

Д. Төмендейді

Е. Дұрыс жауабы жоқ

11. Амортизацияны есептеудің өндірістік әдісінің мәні объектінің функционалдық пайдалылығы неге байланысты деп болжайды?

А. Оның қызметінің қорытындысына

В. Прогрессивтілікке

С. Оны қолданудың уақытына

Д. Объектінің құнына

Е, Объектінің қуаттылығына

12. Амортизацияны есептеудің өндірістік әдісі кезінде объектінің пайдалы мерзімі қалай анықталады?

А. Өндіруге қарастырылып отырған өнімнің, жұмыстың және қызметтің санымен

В. Қызмет ету жыл санымен

С. Жұмыс уақытының ұзақтығымен

Д. Объектіні қолданудың ұзақтығымен

Е. Дұрыс жауабы жоқ

13. Өндірістік әдіс кезінде амортизация қалай есептеледі?

А. Амортизацияланатын құнды сәйкес кезең үшін шығарылған өнім, жұмыс және қызмет санына пропорционалды бөлу жолымен

В. Амортизацияланатын құнды жұмыс уақытына пропорционалды бөлу жолымен

С. Баланстық құнды өнім, жұмыс және қызмет санына пропорционалды бөлу жолымен

Д. Бастапқы құнды сәйкес кезең үшін шығарылған өнім, жұмыс және қызмет санына пропорционалды бөлу жолымен

Е. Бастапқы құнды еңбектік шығындарға пропорционалды бөлу жолымен

14. Амортизацияны есептеудің өндірістік әдісі кезінде негізгі құралдардың баланстық құны қалай өзгереді?

А. Өндірілген өнім санына байланысты төмендейді

В. Еңбек шығындарына байланысты төмендейді

С. Жұмыс уақытына байланысты төмендейді

Д. Өндірілген қуатқа байланысты төмендейді

Е. Пайдалану мерзіміне байланысты төмендейді

15. Қалдықты азайту әдісімен амортизация сомасы қалай анықталады?

А. Амортизация нормасы баланстық құнға қолданылады

В. Амортизация нормасы ағымдық құнға қолданылады

С. Амортизация нормасы бастапқы құнға қолданылады

Д. Амортизация нормасы әділ құнға қолданылады

Е. Амортизация нормасы амортизацияланатын құнға қолданылады

16. Жеңіл машина көлігі бойынша амортизация есептеу қандай бухгалтерлік проводкамен бейнеленеді?

А. Дт 821 Кт 133

В. Дт 811 Кт 133

С. Дт 904 Кт 133

Д. Дт 935 Кт 133

Е. Дт 845 Кт 133

17. Негізгі құралдар қандай құн бойынша баланс валютасына енгізіледі?

А. Баланстық құны

В. Бастапқы құны

С. Ағымдық құны

Д. Сату құны

Е. Жойылу құны

18. шаруашылық тәсілмен

19. Кейінгі капиталдық салымдар негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіре ме?

А. Тек оның нормативтік көрсеткіштерін өсіретін (қызмет ету мерзімі, қуаттылығы, ауданы, жылдамдығы) объектінің жағдайын жақсарту жағдайында өсіреді

В. Өсірмейді

С. Капиталдық салымдар жасалғандықтан барлық жағдайда өсіреді

Д. Жұмсалған шығындардың тек 50% сомасына өсіреді

Е. Жұмсалған шығындардың тек 25% сомасына өсіреді

20. Еншілес кәсіпорындардан монтаждауды талап ететін құрал-жабдықтардың түсуі қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 123 Кт 641

В. Дт 641 Кт 123

С. Дт 321 Кт 123

Д. Дт 123 Кт 671

Е. Дт 123 Кт 687

21. Дт 821 Кт 131 бухгалтерлік жазба нені білдіреді?

А. Офистік негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу

В. Цехтік негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу

С. Консервацияда тұрған негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу

Д. Есептен шыққан негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу

Е. Көмекші өндірістің объектілері бойынша тозуды есептеу

22. Дт 126 Кт 671 бухгалтерлік жазба нені білдіреді?

А. Құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлеміне мердігердің шоты төленуге алынды

В. Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелді

С. Жабдықтаушылардан басқа да негізгі құралдар кірістелді

Д. Жабдықтаушылардан алынған құрылыс материалдары кірістелді

Е. Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелді; жабдықтаушылардан басқа да негізгі құралдар кірістелді

23. Материалдық активтердің негізгі белгілерін атаңыз?

А. Физикалық формасы мен мазмұны бар, субъектінің қызметінде тікелей қолдану, бірнеше есептік кезең барысында пайда әкелу қабілеті бар

В. Физикалық формасы мен мазмұны бар

С. Субъектінің қызметінде тікелей қолдану

Д. Бірнеше есептік кезең барысында пайда әкелу қабілеті бар

Е. 1 жылдан артық пайдалану

24. Объектінің бастапқы құнына енгізілмейтін құрылыспен байланысты шығындар қандай шотқа жатқызылады?

А. 821


В. 126

С.122


Д. 121 және 122

Е. Басқа шотқа

25. Субъектінің шаруашылық қызметінде міндеті бойынша пайдалану мақсатымен алынатын негізгі құралдардың объектісі қандай активтер құрамында бейнеленеді?

А. Негізгі құралдар құрамында

В. Инвестиция құрамында

С. ТМҚ құрамында

Д. Материалдық емес активтер құрамында

Е. Басқа да активтер құрамында

26. Әрі қарай қайта сату мақсатымен алынатын негізгі құралдардың объектісі қандай активтер құрамында бейнеленеді?

А. ТМҚ құрамында

В. Инвестиция құрамында

С. Негізгі құралдар құрамында

Д. Материалдық емес активтер құрамында

Е. Басқа да активтер құрамында

27. Ұзақ мерзімді кезеңге қаржыларды салу мақсатымен алынатын негізгі құралдардың объектісі қандай активтер құрамында бейнеленеді?

А. Инвестиция құрамында

В. Негізгі құралдар құрамында

С. ТМҚ құрамында

Д. Материалдық емес активтер құрамында

Е. Басқа да активтер құрамында

28. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың құнына қалай әсер етеді?

А. 12 бөлімшенің сәйкес баланстық шоттары бойынша негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіреді

В. 12 бөлімшенің сәйкес баланстық шоттары бойынша негізгі құралдардың бастапқы құнын төмендетеді

С. Қалдық құнын өсіреді

Д. Қалдық құнын төмендетеді

Е. Ешқандай әсер етпейді

29. Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы қандай шотта бейнеленеді?

А. 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудыңқосымша төленбеген капиталы

В. 12 бөлімше «Негізгі құралдар»

С. 542 «Инвестицияны қайта бағалаудың қосымша төленбеген капиталы»

Д. 13 бөлімше «Негізгі құралдардың тозуы»

Е. 561 « Бөлінбеген табыс»

30. Қайта бағалау сомасы бөлінбеген табысқа қалай жатқызылды?

А. Амортизацияны есептеудің қабылданған әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде

В. Қайта бағалаудың барлық сомасы жатқызылады

С. Қайта бағалау сомасының 50 пайызы жатқызылады

Д. Бөлінбеген табысқа қайта бағалау сомасы жатқызылмайды

Е. Дұрыс жауабы жоқ

31. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа қашан аударылады?

А. Активтің шығуы кезінде

В. Активті қайта бағалау кезінде

С. Қайта бағалаудан соң 1 жыдан кейін

Д. Негізгі құралды күрделі жөнднуден кейін

Е. Бөлінбеген табысқа қайта бағалау сомасы жатқызылмайды

32. Қайта бағалауды жүргізу күніне есептелген тозу қалай түзетіледі?

А. Негізгі құралдар құнының өзгерісіне пропорционалды

В. Негізгі құралдар құнына бір қалыпты

С. Негізгі құралдардың бастапқы құнына пропорционалды

Д. Түзету жүргізілмейді

Е. әртүрлі тәсілдермен

33. Қандай жағдайларда шығындар негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіреді?

А. Дұрыс жауаптары В,С, Д

В. Модернизация және қайта құру

С. Техникалық қайта жарақтандыру мен күрделі жөндеу

Д. Техникалық жағдайын ұстау мен сақтау мақсатындағы шығындар

Е. С, Д жауаптары

34. Негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіру қандай жағдайларда жүргізіледі?

А. Нормативтік қызмет ету мерзімін немесе өнімділігін өсіру шарты негізінде

В. Бөлшектеп жою жағдайында

С. Ағымдағы жөндеу кезінде

Д. Құнын өсіру болмайды

Е. Объектіні сату кезінде

35. Негізгі құралдардың бастапқы құнын төмендету қандай жағдайларда жүргізіледі?

А. Бөлшектеп жою жағдайында

В. Нормативтік қызмет ету мерзімін немесе өнімділігін өсіру шарты негізінде

С. Ағымдағы жөндеу кезінде

Д. Құнын өсіру болмайды

Е. Объектіні сату кезінде

36. Ағымдағы жөндеуге шығындарды есептеу үшін келесідей әдістер қолданылады?

А. Пайда болу шамасы бойынша есептеу мен сақтау әдісі

В. ЛИФО және ФИФО әдісі

С. Бірқалыпты және өндірістік

Д. Есептеу әдісі

Е. Міндеттеме әдісі

37. Пайда болу шамасы бойынша шығындарды есептеу әдісі нені болжайды?

А Олардың пайда болу шамасында техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу бойынша нақты шығындарды бейнелеу

В. Белгілі бір мерзім аралығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге шығындарды бағалау

С. Күнтізбелік жылдың аяғында бейнелеу

Д. Олардың есептен шығарылуы

Е. Шығындарды бағалау

38. Сақтау әдісі нені болжайды?

А. Белгілі бір мерзім аралығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге шығындарды бағалау

В. Олардың пайда болу шамасында техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу бойынша нақты шығындарды бейнелеу

С. Күнтізбелік жылдың аяғында бейнелеу

Д. Олардың есептен шығарылуы

Е. Шығындарды бағалау

39. Егер де айлар сайын бірдей бөлінетін бір жыл үшін жөндеу жұмыстарының жалпы құны бағаланса, онда бұл-..............?

А. Сақтау әдісі

В. Пайда болу шамасы бойынша есептеу

С. Шығындарды бағалау

Д. Шығындарды есептен шығару

Е. Бірқалыпты әдіс

40. Егер де ұйым алдағы болатын жөндеуге қор құрса, онда есептеу қандай проводкамен бейнеленеді?

А. Дт 821,811,936 Кт 686

В. Дт 821 Кт 686

С. Дт 686 Кт 671

Д. Дт 811 Кт 671

Е. Дұрыс проводка көрсетілмеген

41. Жетілдірумен, ауыстырумен, жаңартумен байланысты кейінгі шығындардың есебі немен рәсімделеді?

А. Қабылдау-тапсыру актісімен

В. Инвентарлық карточкамен

С. Жөндеуге актімен

Д. Ақаулар карточкасымен

Е. Кез келген құжатпен

42. Кәсіпорында қандай мақсатпен жөндеуге қор құрылуы мүмкін?

А. Өндіріс шығындарына жөндеу шығындарды бір қалыпты енгізу үшін

В. Жөндеу жүргізу үшін

С. Өндіріс шығындарын есептеу үшін

Д. 920 шот бойынша шығындарды есептеу үшін

Е. Кәіспорында қорлар құрылмайды

43. Негізгі құралдардың шығып қалуы нәтижесінде пайда болатын шығын немесе табыс қалай анықталады?

А. Сату құны мен баланстық құн және де сату мен активтің басқа да шығуымен байланысты шығындар арасындағы айырмашылық ретінде

В. Сату құны мен баланстық құн арасындағы айырмашылық ретінде

С. Сату мен активтің басқа да шығуымен байланысты шығындармен анықталады

Д. Тапсыру актісімен анықталады

Е. 842 шотта бейнеленген сомамен анықталады

44. Қайта бағалауды жүргізу мерзімділігі қайда қарастырылады?

А. Есеп саясатында

В. Бухгалтерлік есеп стандарттарында

С. Бухгалтерлік есеп туралы заңда

Д. МСФО

Е. Мерзімділік қарастырылмаған



45. Қайта бағалауға ненің құны жатады?

А. Жер


В. Ғимарат пен құрылыстар

С. Машина, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары

Д. Негізгі құралдардың басқа да түрлері

Е. А, В, С, Д жауаптары

46. Негізгі құрал объектілерінің нарықтық бағасын растау үшін не қолданылады?

А. Негізгі құрал объектілерінің ағымдық құны туралы уәкілетті ұйымдардың сараптамалық қорытындылары

В. Даярлаушы кәсіпорыннан ұқсас өнімнің бағалары туралы мәліметтерді жазбаша түрде алу

С. Тауарларға бағалар туралы сатушы және басқа да ұйымдардың анықтамалары

Д. Арнайы басылымдарда жарияланған бағалар туралы мәліметтер

Е. А, В, С, Д жауаптары

47. Төменде көрсетілген ТМҚ бағалаудың қай әдісі МСФО бойынша есепті ұйымдастыру кезінде қолданылмайды?

А. ЛИФО


В. ФИФО

С. Орташа өлшемдік шама

Д. Ерекше теңестіру

Е. Басқа әдіс

48. Өзіндік құннан төмен сатудың таза құнына дейін қорларды шегеру қандай принципке сәйкес келеді?

А. Сақтық (консерватизм)

В. Құн бойынша есептеу

С. Табыстардың шығындарға үйлесуі

Д. Сату

Е. Есептік кезең



49. ТМҚ сатудың таза құнын бағалау қалай жиі жүргізіледі?

А. Әрбір есептік кезеңде

В. Сату шамасы бойынша

С. Шығару шамасы бойынша

Д. Қажеттілігі бойынша

Е. ТМҚ бағалау талап етілмейді

50. Шот-фактурадағы 2/10, п/30 жазуы нені білдіреді?

А. 10 күн ішінде төлем шартының негізінде 2% жеңілдік, олай болмаған жағдайда 30 күн ішінде төлем жасау

В. Төлем жасау мерзімі 30 күнді білдіреді

С. 2% пайыз жеңілдік берілгенін білдіреді

Д. Төлем жасау мерзімі 10 күннен 30 күнге дейін ұзартылғанын білдіреді

Е. Шот-фактурада бұндай жазба берілмейді

51. Тауарларды сатып алу кезінде жеңілдіктерді бейнелеу үшін қандай әдістер бар?

А. Жалпы және нетто-әдіс

В. ЛИФО және ФИФО

С. Жалпы және брутто-әдіс

Д. Көлемді және нетто-әдіс

Е. Көлемді және брутто-әдіс

52. Жалпы әдісті қолдану кезінде сатып алу құны бейнеленеді?

А. Қойылған шот-фактура негізінде толық сомада

В. Берілген жеңілдікті есепке алғандағы қорлардың құны

С. Толық сомада немесе берілген жеңілдікті есепке алғандағы

Д. Екі жақтың келісімі бойынша

Е. Сатып алу сомасының мәні жоқ

53. Нетто-әдісті қолдану кезінде сатып алу құны бейнеленеді?

А. Берілген жеңілдікті есепке алғандағы қорлардың құны

В. Қойылған шот-фактура негізінде толық сомада

С. Толық сомада немесе берілген жеңілдікті есепке алғандағы

Д. Екі жақтың келісімі бойынша

Е. Сатып алу сомасының мәні жоқ

54. Алынған немесе алынуға жататын табыс қандай құн бойынша өлшенеді?

А. Әділ құны

В. Бастапқы құны

С. Ағымдық құны

Д. Сату құны

Е. Бағаланбайды

55. Операциондық (ағымдық) қызмет –бұл

А. Ұйым құрылатын және негізгі табыс алып келетін қызмет

В. Ұзақ мерзімді активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

С. Меншікті капитал мен қарыздық қаражаттардың құрамы мен көлеміндегі өзгерістерде бейнеленетін қызмет

Д. Ағымдағы активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

Е. Қосымша табыс алып келетін қызмет

56. Инвестициялық қызмет- бұл

А. Ұзақ мерзімді активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

В. Ұйым құрылатын және негізгі табыс алып келетін қызмет

С. Меншікті капитал мен қарыздық қаражаттардың құрамы мен көлеміндегі өзгерістерде бейнеленетін қызмет

Д. Ағымдағы активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

Е. Қосымша табыс алып келетін қызмет

57. Қаржылық қызмет –бұл

А. Меншікті капитал мен қарыздық қаражаттардың құрамы мен көлеміндегі өзгерістерде бейнеленетін қызмет

В. Ұйым құрылатын және негізгі табыс алып келетін қызмет

С. Ағымдағы активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

Д. Қосымша табыс алып келетін қызмет

Е. Ұзақ мерзімді активтерді алу және олардың шығуымен байланысты қызмет

58. Төмендегі тізімнен ағымдық қызметке жатқызылатын ақша қаражаттарының ағымын алыңыз?

А. Тауарлар мен қызметтерді сатудан ақшалай ағымдар

В. Мүлікті және айналымнан тыс активтерді алумен байланысты ақшалай төлемдер

С. Акцияларды шығарудан ақшалай қаражаттардың түсуі

Д. Қарыздық ақшалай қаражаттарды қайтарумен байланысты ақшалай төлемдер

Е. Негізгі құралдар мен басқа да активтерді сатудан ақшалай қаражаттардың түсуі

59. Төмендегі тізімнен инвестициялық қызметке жатқызылатын ақша қаражаттарының ағымын алыңыз?

А. Мүлікті және айналымнан тыс активтерді алумен байланысты ақшалай төлемдер

В. Тауарлар мен қызметтерді сатудан ақшалай ағымдар

С. Акцияларды шығарудан ақшалай қаражаттардың түсуі

Д. Қарыздық ақшалай қаражаттарды қайтарумен байланысты ақшалай төлемдер

Е. Негізгі құралдар мен басқа да активтерді сатудан ақшалай қаражаттардың түсуі

60. Төмендегі тізімнен қаржылық қызметке жатқызылатын ақша қаражаттарының ағымын алыңыз?

А. Акцияларды шығарудан ақшалай қаражаттардың түсуі

В. Мүлікті және айналымнан тыс активтерді алумен байланысты ақшалай төлемдер

С. Тауарлар мен қызметтерді сатудан ақшалай ағымдар

Д. Қарыздық ақшалай қаражаттарды қайтарумен байланысты ақшалай төлемдер

Е. Негізгі құралдар мен басқа да активтерді сатудан ақшалай қаражаттардың түсуі

61. Акцияның «сплит» нені білдіреді?

А. Олардың ұсақталуын

В. Олардың бірігуін

С. Олардың шығарылуын

Д. Олардың сатылуын

Е. Олардың сатып алынуын

62. Акциялардың сплиті қандай мақсатпен жүзеге асырылады?

А. 1 акцияның нарықтық құнын төмендету үшін

В. 1 акцияның нарықтық құнын өсіру үщін

С. Акцияларды сату үшін

Д. Акцияларды сатып алу үшін

Е. Өзінің жұмысшыларына акцияларды сату үшін

63. Акцияның сплиті?

А. Жарғылық капиталдың мөлшерін өзгертпейді

В. Жарғылық капиталдың мөлшерін өзгертеді

С. Резервтік капиталдың мөлшерін өзгертпейді

Д. Резервтік капиталдың мөлшерін өзгертеді

Е. Меншікті капиталдың өзгерісіне ешқандай әсер етпейді

64. Күмәнді дебиторлық берешекті тікелей есептен шығарудың мәні неде?

А. Шығындар тек тікелей төленуге тиіс нақты шоттарды үмітсіз деп мойындағаннан кейін есептеледі

В. Үмітсіз берешектерге қаражаттардың бір бөлігі алдын ала жатқызылады

С. Шығындар төленуге тиіс шотты үмітсіз деп мойындағанға дейін есептеледі

Д. Дұрыс жауабы жоқ

Е. Барлық жауаптар дұрыс

65. Қорлану әдісінің мәні?

А. Үмітсіз берешектерге қаражаттардың бір бөлігі алдын ала жатқызылады

В. Шығындар тек тікелей төленуге тиіс нақты шоттарды үмітсіз деп мойындағаннан кейін есептеледі

С. Шығындар төленуге тиіс шотты үмітсіз деп мойындағанға дейін есептеледі

Д. Дұрыс жауабы жоқ

Е. Барлық жауаптар дұрыс

66. Есептен шығарылған дебиторлық берешекті өтеу мен қайта қалпына келтіру кезінде қандай прводка беріледі?

А. Дт 301 Кт 311 Дт 441 Кт 301

В. Дт 311 Кт 301

С. Дт 821 Кт 311

Д. Дт 821 Кт 301

Е. Дұрыс жауабы жоқ

67. Пайда болу сипаты бойынша дебиторлық берешек қалай бөлінеді?

А. Қалыпты және ақталмаған

В. Қалыпты және қалыпсыз

С. Ақталған және ақталмаған

Д. Расталатын және расталмайтын

Е. Ақталған және расталмайтын

68. Қалыпты дебиторлық берешек –бұл

А. Өндірістік шаруашылық қызмет барысымен негізделген

В. Мерзімінде төленбеген

С. Ондай сыныптау жоқ

Д. Құжаттамалық расталатын

Е. Тауарларды сату қорытындысында пайда болған

69. Ақталмаған дебиторлық берешек –бұл

А. Мерзімінде төленбеген

В. Өндірістік шаруашылық қызмет барысымен негізделген

С. Ондай сыныптау жоқ

Д. Құжаттамалық расталатын

Е. Тауарларды сату қорытындысында пайда болған

70. Күмәнді борыштар бойынша резервті құру кезінде қандай нормативтік актіні басшылыққа алу қажет?

А. №5 «Табыс» БЕС және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» атты әдістемелік ұсыныстарды

В. №7 «ТМҚ есебі» БЕС және оған әдістемелік ұсыныстарды

С. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңды

Д. Азаматтық кодексті

Е. Салықтық кодексті

71. Кәсіпорын балансынан күмәнді дебиторлық берешекті есептен шығаруға не негіз болып табылады?

А. 3 жылдық мерзімнің өтуі

В. Компания басшылығының бұйрығы

С. Акционерлер кеңесінің шешімі

Д. Баланстан бұл сома шығарылмайды

Е.берешекті өтеу

72. Баланстан есептен шығарылған күмәнді дебиторлық берешектің есебі қандай мақсатпен баланстан тыс жүргізіледі?

А. Борышкердің мүліктік жағдайы өзгерген кезде оны талап ету мүмкіндігін бақылау үшін

В. Баланста кейін оны көрсету үшін

С. Оны солай есептеу тиіс


Д. Дұрыс жауабы жоқ

Е. Барлық жауаптар дұрыс

73. Баланстан есептен шығарғаннан кейін күмәнді дебиторлық берешектің есебі қаншы жыл жүргізіледі?

А. 5 жыл


В. 3 жыл

С. Өтелгенге дейін

Д. 1 жыл

Е. 2 жыл


74. Заңнамаға сәйкес акция акционерлердің келесідей құқықтарын куәландырады?

А. Дивидендтерді алуға

В. Компанияны басқаруға қатысуға

С. Оның жойылуынан кейін қалатын мүліктің бөлігіне

Д. Компания табысының бөлігіне

Е. А, В, С жауаптары

75. ТМҚ сатып алуға шығындар енгізеді?

А. Сатып алуға шығындар,импорттық баждар, тиеу мен түсіру бойынша транспортқа шығындар

В. Сатып алуға және тасымалдауға шығндар

С. Тасымалдауға, тиеуге және түсіруге шығындар

Д. Сатып алуға және сақтауға шығындар

Е. Сатып алу құны

76. Қоймалық ғимаратты жалға алумен байланысты шығындар?

А. Сатып алу бойынша шығындарға жатқызылмайды

В. Сатып алу бойынша шығындарға жатқызылады

С. Бөлек жағдайларда сатып алу бойынша шығындарға жатқызылады

Д. Қоймалық ғимаратты жалға алынбайды, сондықтан онымен байланысты шығындар жоқ

Е. Сатып алу бойынша қосымша шығындарға жатқызылады

77. Төменде көрсетілген шығындардың қайсысы өндіріске жіберілген шикізатты өңдеу шығындарына жатқызылады?

А. Өндірілетін өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің бірлігімен тікелей байланысты шығындар

В. Коммуналдық қызметтерге шығындар

С. Жалға алумен байланысты шығындар

Д. Сақтауға шығындар

Е. Тасымалдауға шығындар

78. Дт 132 Кт 123 бухгалтерлік жазбасы нені білдіреді?

А. Шығып қалған негізгі құралдар бойынша тозуды есептен шығару

В. Негізгі құралдардың арзандауын бейнелеу

С. Сатып алынған негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу

Д. Негізгі құралдарды жеткізіп бағалау

Е. Дұрыс жауабы жоқ

79. Қайтарусыз негізде алынған комбайнның құны қандай бухгалтерлік проводкамен бейнеленеді?

А. Дт 124 Кт 727

В. Дт 124 Кт 333

С. Дт 124 Кт 701

Д. Дт 124 Кт 722

Е. Дт 124 Кт 671

80. Негізгі құралдардың ағымдық құны дегеніміз не?

А. Қазіргі нарықтық бағалар бойынша негізгі құралдардың құны

В. Бастапқы құннан жинақталған тозу сомасын шегеру

С. Қалпына келтіру құнынан жинақталған тозу сомасын шегеру

Д. Бастапқы құны

Е. Қалпына келтіру құнынан жойылу құнын алып тастағандағы

81. Инфляцияның коэффициент шегінде негізгі құралдарды қайта бағалаудың (жеткізіп бағалау) қорытындысын қандай бухгалтерлік жазбамен бейнелеу қажет?

А. Дт 123 Кт 541

В. Дт 132 Кт 123

С. Дт 123 Кт 722

Д. Дт 123 Кт 542

Е. Дт 541 Кт 132

82. Қайта бағалаудан (индексация) өткен негізгі құралдар бойынша индекстелген тозудың сомасын қандай бухгалтерлік жазбамен бейнелеу қажет?

А. Дт 541 Кт 131

В. Дт 132 Кт 123

С. Дт 122 Кт 541

Д. Дт 131 Кт 541

Е. Дт 542 Кт 131

83. Қайтарусыз негізде демеушілерден алынған негізгі құралдардың құнын қандай бухгалтерлік жазбамен бейнелеу қажет?

А. Дт 123 Кт 726

В. Дт 123 Кт 701

С. Дт 122 Кт 671

Д. Дт 727 Кт 123

Е. Дт 123 Кт 727

84. Сатылған негізгі құралдар үшін берешекті бейнелеу кезінде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?

А. Дт 301 Кт 722

В. Дт 945 Кт 132

С. Дт 123 Кт 671

Д. Дт 842 Кт 125

Е. Дт 301 Кт 727

85. Негізгі құралдарға кейінгі күрделі салымдар –бұл

А. Әрекеттегі объектілердің техникалық қайта жарақтануына шығындар

В. Қайта құруға шығындар

С. Жаңашылдандыруға шығындар

Д. Күрделі жөндеуге шығындар

Е. Әрекеттегі объектілердің техникалық қайта жарақтануына шығындар; қайта құруға шығындар; жаңашылдандыруға шығындар, күрделі жөндеуге шығындар

86. Негізгі құралдардың бастапқы құны –бұл

А. Негізгі құралдардың объектілерін шығару немесе сатып алу бойынша барлық нақты болған шығындардың құны және активті жұмыс жағдайына келтірумен байланысты барлық шығындар

В. Келісімнің жақтары арасындағы негізгі құралдарды ауыстыру мүмкіндігінің құны

С. Негізгі құралдардың объектілерін шығару немесе сатып алу бойынша барлық нақты болған шығындардың құны

Д. Белгілі бір күндегі қазіргі нарықтық бағалар бойынша негізгі құралдардың құны

Е. Дұрыс жауабы жоқ

87. Еншілес кәсіпорынға қайтарусыз негізде берілген көлік құралдарының баланстық құнын есептен шығаруды қандай бухгалтерлік жазбамен бейнелеу керек?

А. Дт 842 Кт 124

В. Дт 842 Кт 123

С. Дт 321 Кт 124

Д. Дт 641 Кт 124

Е. Дт 642 Кт 124

88. Негізі құралдар қайта бағалау нәтижесінде есеп пен есеп беруде қалай бейнеленеді?

А. Ағымдық құны бойынша

В. Баланстық құны бойынша

С. Бастапқы құны бойынша

Д. Жойылу құны бойынша

Е. Сатудың мүмкін құны бойынша

89. Дт 841 Кт 106 бухгалтерлік жазбасы нені білдіреді?

А. Басқа кәсіпорындарға басқа да материалдық емес активтерді беру

В. Материалдық емес активтердің үлестеріне салымдар

С. Акциялар есебінен материалдық емес активтерді алу

Д. Дұрыс жауабы жоқ

Е. Материалдық емес активтердің үлестеріне салымдар; акциялар есебінен материалдық емес активтерді алу

90. Материалдық емес активтердің қандай құны баланс валютасына енгізіледі?

А. Баланстық

В. Бастапқы

С. Ағымдық

Д. Жойылу

Е. Сату құны

91. Жабдықтаушылардан материалдық емес активтерді (гудвилл) сатып алу қалай бейнеленеді?

А. Дт 105 Кт 671

В. Дт 122 Кт 671

С. Дт 121 Кт 671

Д. Дт 126 Кт 671

Е. Дт 126 Кт 687

92. Несиеге алынған материалдық емес актитің бастапқы құнына несие үшін төленген сыйақы ....... (жалғастырыңыз)

А. Қосылмайды және кезеңдік шығындарға жатқызыдады

В. Қосылмайды және үстеме шығындарға жатқызыдады

С. Қосылады

Д, Тек сыйақының 50 пайызы қосылады

Е. Дұрыс жауабы жоқ

93. Материалдық емес активтер бойынша тозу қалай есептеледі?

А. Пайдалы қолдану мерзімінен шыға отырып

В. Пайдалануға беру кезінде бірден 100%.

С. Түсу кезінде 50% және пайдаланудан шығару кезінде 50%

Д. Пайдалануға беру кезінде 50% , ал 50% пайдалы қолдану мерзімінен шыға отырып

Е. Дұрыс жауабы жоқ

94. Жағымды гудвилл нені білдіреді?

А. Сатып алу күніне мүліктік кешеннің сатып алу құнының оның барлық активтерінің ағымдық құнынан жоғары болуы

В. Сатып алу күніне барлық активтерінің ағымдық құнының олардың сатып алу құнынан жоғары болуы

С. Сатып алу күніне мүліктік кешеннің бастапқы құнының оның барлық активтерінің сатып алу құнынан жоғары болуы

Д. Сатып алу күніне мүліктік кешеннің сатып алу құнының оның барлық активтерінің бастапқы құнынан жоғары болуы

Е. Дұрыс жауабы жоқ

95. ТМҚ аналитикалық есебі қайда жүргізіледі?

А. Сальдолық тізімдеме

В. Материалдардың қозғалысы туралы есепте

С. Лимиттік-заборлық карта

Д. №10 журнал ордер

Е. №6 журнал ордер

96. Қолма қол есеп айырысу негізінде тауарларды сатудан түсім есепте қалай бейнеленеді?

А. Дт 451 Кт 701

В. Дт 451 Кт 333

С. Дт 441 Кт 301

Д. Дт 441 Кт 701

Е: Дт 431 Кт 701

97. Егіске жанар-жағар май (отын) шығындары қандай бухгалтерлік проводкамен бейнеленеді?

А. Дт 901 Кт 203

В. Дт 901 Кт 205

С. Дт 901 Кт 206

Д. Дт 901 Кт 202

Е. Дт 901 Кт 201

98. Негізгі өндірістің дайын өнімін кірістеу қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 221 Кт 900

В. Дт 222 Кт 900

С. Дт 221 Кт 920

Д. Дт 221 Кт 910

Е. Дт 221 Кт 930

99. Дт 801 Кт 221 бухгалтерлік жазбасы қандай операцияны сипаттайды?

А. Сатылған дайын өнімнің нақты өзіндік құнын есептен шығару

В. Сатылған басқа да тауарлардың нақты өзіндік құны есептен шығарылады

С.Тиелген дайын өнімнің келісілген құны бейнеленген

Д. Сатылған өнім үшін берешекті сатып алушыға жатқызу

Е. Сатылған тауарлардың нақты өзіндік құнын есептен шығару

100. Себептерін анықтағанша ТМҚ нормадан тыс жоғалтуларын қай шотқа алып барады?

А. 334


В. 938

С. 333


Д. 821

Е. 930


101. Инвентаризация кезінде анықталған стихиялы апаттардың салдарынан материалдық құндылықтардың өтелмейтін жоғалтуларыесепте қалай бейнеленеді?

А. Дт 861 Кт 201

В. Дт 334 Кт 201

С. Дт 821 Кт 334

Д. Дт 845 Кт 201

Е. Дт 862 Кт 201

102. Жетіспейтін материалдық құндылықтардың баланстық және нарықтық құндары арасындағы айырмашылықтан табысты қандай бухгалтерлік жазбамен бейнелеу керек?

А. Дт 611 Кт 727

В. Дт 201 Кт 727

С. Дт 727 Кт 441

Д. Дт 333 Кт 727

Е. Дт 727 Кт 571

103. Басқа да қарыздық қаражаттар есебінен ТМҚ жеткізуге аванстарды аудару қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 351 Кт 603

В. Дт 351 Кт 602

С. Дт 351 Кт 441

Д. Дт 352 Кт 441

Е. Дт 351 Кт 601

104. Қоймаға жабдықтаушылардан ТМҚ түсуі немен рәсімделеді?

А. Кіріс ордер

В. Сенімхат

С. Кіріс кассалық ордер

Д. Ішкі шаруашылық бағыттағы накладной

Е. Лимиттік-заборлық карта

105. Дайын өнім қоймасындағы бұйымдарды қораптаға жіберілген материалдық құндылықтар қандай шотқа жатқызылады?

А. 811 «Дайын өнімді (тауарлар, жұмыс, қызмет)сату бойынша шығындар»

В. 920 «Қосалқы өндіріс»

С. 930 «Үстеме шығындар»

Д. 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар»

Е. 845 «Негізгі емес қызмет бойынша басқа да шығындар»

106. Қосалқы цехпен шығарылған дайын өнім кірістелді

А. Дт 221 Кт 920

В. Дт 920 Кт 221

С. Дт 921 Кт 221

Д. Дт 221 Кт 921

Е. Дт 221 Кт 900

107. Ақшалай қаражаттар –бұл ....... (жалғастырыңыз)

А. Қолма қол ақшалар, талап етуге дейінгі салымдар

В. Меншікті капитал, қолма қол ақшалар

С. Материалдық активтер, салымдар

Д. Меншікті айналым қаражаттары

Е. Меншікті капитал, қолма қол ақшалар; материалдық активтер, салымдар

108. Ақшалай эквиваленттер –бұл ...... (жалғастырыңыз)

А. Қысқы мерзімді жоғары өтімді салымдар

В. Ақшалай пайыздар

С. Қаржылық инвестициялар

Д. Бағалы қағаздар

Е. Ақшалай пайыздар; қаржылық инвестициялар

109. Ақшалай эквиваленттерге жатпайтынды көрсетіңіз?

А. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

В. Қысқы мерзімді жоғары өтімді салымдар

С. 3 ай мерзіміне дейінгі инвестициялар

Д. 2 ай мерзіміне дейінгі инвестициялар

Е. 1 ай мерзіміне дейінгі инвестициялар

110. Кассаға шетел валютасының түсуі немен рәсімделеді?

А. Кассалық кіріс ордері

В. Кассалық валюта ордері

С. Чек


Д. Касса кітабы

Е. Кіріс накладной

111. Кассадан қолма қол валютаны есептен шығару немен рәсімделеді?

А. Кассалық шығыс ордері

В. Кассалық валюта ордері

С. Чек


Д. Касса кітабы

Е. Шығыс накладной

112. Кассалық кітапта валютаның кіріс мен шығысы қалай жүргізіледі?

А. Екі бағалауда: валюта және теңге

В. Күн аяғына сальдо теңгемен анықталады

С. Күн аяғына сальдо валютада анықтаумен

Д. Бір күндегі айналысты валютада есептеумен

Е. Күн аяғына сальдо теңгемен анықталады; күн аяғына сальдо валютада анықтаумен

113. Сатып алушылардан валюталық шотқа қаражаттардың түсуі қандай жазбамен бейнеленеді?

А Дт 431 Кт 301

В.Дт 431 Кт 671

С. Дт 431 Кт 334

Д. Дт 431 Кт 333

Е. Дт 431 Кт 332

114. Бухгалтерлік есептің қандай стандарты бағамдық айырмашылықтың мазмұнын анықтайды?

А. БЕС 9


В. БЕС 2

С. БЕС 5


Д. БЕС 3

Е. БЕС 1


115. Бағамдық (курстық) айырмашылық –бұл ....... пайда болатын айырмашылық

А. Валютаны теңгеде қайта есептеу

В. Айналымды есептеу

С. Сальдоны есептеу

Д. Еңбекақымен есеп айырысуда

Е. Банкпен есеп айырысуда

116. Валютаны ұстаушылар үшін валюта курсының жоғарылауы неге алып келеді?

А. Табысқа

В. Зиянға

С. Табысқа әсер етпейді

Д. Табысты төмендетеді

Е. Зиянды төмендетеді

117. Валютаның валюталық шотқа түсуі немен рәсімделеді?

А. Кіріс валюталық ордер

В. Кіріс кассалық ордер

С. Валюталық квитанция

Д. Аударуға арыз

Е. Тапсырма (шығыс валюталық ордер)

118. Валюталық шоттан қолма қол валютаны беру немен рәсімделеді?

А. Тапсырма (шығыс валюталық ордер)

В. Кіріс кассалық ордер

С. Валюталық квитанция

Д. Аударуға арыз

Е. Кіріс валюталық ордер

119. Бенефециарға валюталық қаражаттарды аудару немен рәсімделеді?

А. Тапсырма (шығыс валюталық ордер)

В. Кіріс кассалық ордер

С. Валюталық квитанция

Д. Аударуға арыз

Е. Кіріс валюталық ордер

120. 431 шот бойынша есептік регистр ......... (жалғастырыңыз)

А. №2 журнал ордер, 2 тізімдеме

В. №1 журнал ордер, 1 тізімдеме

С. №3 журнал ордер, 3 тізімдеме

Д. №4 журнал ордер, 1 тізімдеме

Е. №5 журнал ордер, 1 тізімдеме

121. Шетелдік сатып алушымен есеп айырысу кезінде пайда болған жағымсыз бағамдық айырмашылықты бейнелеңіз?

А. Дт 844 Кт 301

В. Дт 301 Кт 725

С. Дт 725 Кт 301

Д. Дт 301 Кт 844

Е. Дұрыс жауабы жоқ

122. Шетелдік жабдықтаушымен есеп айырысу кезінде пайда болған жағымсыз бағамдық айырмашылықты бейнелеңіз?

А. Дт 844 Кт 671

В. Дт 671 Кт 725

С. Дт 725 Кт 671

Д. Дт 671 Кт 844

Е. Дұрыс жауабы жоқ

123. Шетелдік жабдықтаушымен есеп айырысу кезінде пайда болған жағымды бағамдық айырмашылықты бейнелеңіз?

А. Дт 671 Кт 725

В. Дт 844 Кт 671

С. Дт 725 Кт 671

Д. Дт 671 Кт 844

Е. Дұрыс жауабы жоқ

124. Жиынтық табысқа (зиян) жағымдық бағамдық айырмашылықты алып бару қандай жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 725 Кт 571

В. Дт 571 Кт 725

С. Дт 571 Кт 844

Д. Дт 844 Кт 571

Е. Дұрыс жауабы жоқ

125. Жағымды курстық айырмашылық қай шотта есептеледі?

А. 725


В. 844

С. 723


Д. 724

Е. 724,725

126. Жағымсыз курстық айырмашылық қай шотта есептеледі?

А. 844


В. 843

С. 842


Д. 845

Е. 841


127. Бағамдық (курстық) айырмашылық қалай бейнеленеді?

А. Ол пайда болған шотта

В. Меншікті капиталды есептеу бойынша шотта

С. Қарыздық қаражаттарды есептеу бойынша шотта

Д. Баланстан тыс шотта

Е. Дұрыс жауабы жоқ

128. Шетелдік сатып алушымен есеп айырысу кезінде пайда болған жағымды бағамдық айырмашылықты бейнелеңіз?

А. Дт 301 Кт 725

В. Дт 301 Кт 844

С. Дт 725 Кт 301

Д. Дт 844 Кт 301

Е. Дұрыс жауабы жоқ

129. Банкке қолма қол валютаны тапсыру қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 431 Кт 452

В. Дт 441 Кт 452

С. Дт 441 Кт 451

Д. Дт 421 Кт 452

Е. Дт 441 Кт 421

130. Шетел валютасының артықшылығы қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 452 Кт 727

В. Дт 451 Кт 727

С. Дт 727 Кт 452

Д. Дт 727 Кт 451

Е. Дт 452 Кт 431

131. Банктен алынған кірістелген валюта қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 452 Кт 431

В. Дт 452 Кт 441

С. Дт 451 Кт 441

Д. Дт 451 Кт 431

Е. Дт 452 Кт 401

132. Шетел валютасының жетіспеушілігі қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 333 Кт 452

В. Дт 333 Кт 451

С. Дт 431 Кт 333

Д. Дт 452 Кт 333

Е. Дт 301 Кт 452

133. Кассадағы шетел валютасындағы ақшалай қаражаттар туралы ақпарат қандай шотта бейнеленеді?

А. 452


В. 451

С. 441


Д. 431

Е. 451, 452

134. Есептік тұлғамен шетелдік валютада авансты кассаға қайтаруы қандай бухгалтерлік жазбамен бейнеленеді?

А. Дт 452 Кт 333

В. Дт 451 Кт 333

С. Дт 333 Кт 452

Д. Дт 333 Кт 451

Е. Дт 333 Кт 421

135. Жағымды курстық айырмашылық қандай проводкамен бейнеленген?

А Дт 452 Кт 725

В. Дт 452 Кт 701

С. Дт 452 Кт 727

Д. Дт 451 Кт 725

Е. Дт 451 Кт 727

136. Жағымсыз курстық айырмашылық қандай проводкамен бейнеленген?

А. Дт 844 Кт 452

В. Дт 842 Кт 451

С. Дт 844 Кт 451

Д. Дт 842 Кт 452

Е. Дт 844 Кт 431

137. Дт 301 Кт 633 жазбасы нені білдіреді?

А. ҚҚС сомасы бейнеленген

В. Жабдықтаушыға шот ұсынылды

С. Акциз сомасы бейнеленген

Д. Сатып алушыға шот ұсынылды

Е. Транспорттық шығындар сомасы бейнеленген

138. Сатып алушыларға тиелген өнімнің нақты өзіндік құнына бухгалтерлік жазба беріңіз?

А. Дт 801 Кт 221

В. Дт 801 Кт 900

С. Дт 221 Кт 801

Д. Дт 221 Кт 900

Е. Дт 900 Кт 221

139. Сатып алушыларға тиелген өнімнің сату құнына бухгалтерлік жазба беріңіз?

А. Дт 301 Кт 701

В. Дт 701 Кт 221

С. Дт 221 Кт 701

Д. Дт 701 кт 301

Е. Дт 301 Кт 221

140. Векселдің дисконты деп не аталады?

А. Векселдерді есептеу кезінде банкпен алынатын есептік пайыз

В. Вексель ұстаушымен ұсынылатын есептік пайыз

С. Вексель берушімен ұсынылатын есептік пайыз

Д. Вексель ұстаушымен алынатын есептік пайыз

Е. Вексель ұстаушының банкке ұсынатын есептік пайызы

141. Векселмен қамтамсыз етілген сатып алушыға ұсынылған шоттың сомасын бухгалтерлік есепте бейнелеңіз?

А. Дт 302 Кт 701

В. Дт 301 Кт 701

С. Дт 332 Кт 701

Д. Дт 701 Кт 302

Е. Дт 701 Кт 301

142. Векселдердің дисконты бойынша есептелген пайыздар сомасына проводка беріңіз?

А. Дт 831 Кт 684

В. Дт 831 Кт 302

С. Дт 831 Кт 332

Д. Дт 831 Кт 603

Е. Дт 332 Кт 724

143. 301 шоттың аналитикалық есебі қайда жүргізіледі?

А. Тізімдемеде

В. Реестрде

С. Журнал ордерде

Д. Кітапта

Е. Жауап жоқ

144. 352 шотқа сипаттама беріңіз?

А. Активті, Дт бойынша берілген аванстар, Кт бойынша авансты есепке алу

В. Пассивті, Дт бойынша авансты есепкеалу, Кт бойынша берілген аванстар

С: Активті, Дт бойынша авансты есепке алу, Кт бойынша берілген аванстар

Д. Пассивті, Дт бойынша берілген аванстар, Кт бойынша авансты есепке алу

Е. Жауабы жоқ

145. ТМҚ жеткізуге берілген авансты есепке алуға бухгалтерлік жазба құрыңыз?

А. Дт 351 Кт 671

В. Дт 671 Кт 351

С. Дт 351 Кт 441

Д. Дт 441 Кт 351

Е. Дт 671 Кт 441

146. Жетіспейтін тауар құнын өтеу туралы талап қою мерзімі?

А. 1 ай


В. 2 ай

С. 3 ай


Д. 6 ай

Е. 1 жыл


147. Дт 334 Кт 671 жазбасы нені білдіреді?

А. Жабдықтаушыға талап ұсынылды

В. Жабдықтаушымен жетіспеушілік ашылды

С. Сатып алушыға талап ұсынылды

Д. Банкке талап ұсынылды

Е. Жауап жоқ

148. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді құру әдістерін атаңыз?

А. Сату көлемінен пайыз әдісі; төлем мерзімін есептеу әдісі

В. Міндеттемелер көлемінен пайыз әдісі; міндеттемелер мерзімі әдісі

С. Талап ету көлемінен пайыз әдісі; талап ету мерзімі әдісі

Д. Тауар көлемінен пайыз әдісі; төлем мерзімін есептеу әдісі

Е. Жауап жоқ

149. Дт 821 Кт 333 бухгалтерлік жазбасы нені білдіреді

А. Аванстық есептің негізінде іссапар бойынша шығындар есептен шығарылды

В. Директордың еңбекақысы есептелді

С. Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді

Д. Кассадан есеп беруге берілді

Е. Есептік соманың қалдығы жұмысшының еңбекақысынан ұсталды

150. Бастапқы мойындағаннан кейін МСФО бойынша негізгі құралдарды есептеудің қанша моделі бар?

А. 2


В. 3

С. 4


Д. 5

Е. 1
12. Қарастырылмаған



13. 402-аудитория
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:



  • материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

  • материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;

  • дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.

жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау