Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика және басқару кафедрасы
Тастемирова Жанара Асылбекқызы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
Оқу құралы
Қостанай, 2012
ББК 330.8(075.8)
Т 23
Құрастырушы: Тастемирова Жанара Асылбеккызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және басқару құжырасының аға оқытушысы
Пікір білдірушілер:
Байкадамов Нуркен Турарұлы - э.ғ.к., З. Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті
Курмангалиева Айжан Касымжанкызы- э.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бухгалтерлік есеп және аудит құжырасының доценті
Сартанова Налима Телгаркызы- э.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қаржы және банк ісі құжырасының доценті
Тастемирова Ж.А.
Т 23 Экономикалық ілімдер тарихы: Бұл оқу құралы экономикалық мамандықтағы студенттер үшін арналған.-Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2012.- 61 бет.
Оқу құралында курстың әр бөлімшесіне арналған ұсыныстар мен кеңестер жазылған, «Экономикалық ілімдер тарихы» курсының бағдарламасының тақырыптары,сонымен қатар өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар берілген.
Берілген дайындық студенттерге болашақтағы білімді қолдану қызметінде алынған білімді дұрыс қолдану және маңызды шешімдерді тиімді басқару,макроэкономикалық көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасауға көмектеседі.
Бұл оқулық «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» мамандықтарында оқитын күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған.
ББК 330.8(075.8)
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекетік университетенің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген ___.____201__ж. хаттама №__
© А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................
|
4
|
1 тақырып. Экономиканың оқу тарихына кіріспе. Ерте және орта ғасырлардағы экономикалық ойлар генезисі.....................................................
|
5
|
2 тақырып. Меркантелизм....................................................................................
|
8
|
3 тақырып. Экономикалық либерализм және физиократия саясатының туындауы................................................................................................................
|
12
|
4 тақырып. А. Смит және оның «Табиғат және ел байлығының себептері туралы зерттеуі» жұмысы....................................................................................
|
15
|
5 тақырып. Томас Мальтустың “Халық заңы туралы тәжірибесі” (1803).......
|
19
|
6 тақырып. Дэвид Рикардо және «Саяси экономиканың және салық салымының бастауы» (1817)................................................................................
|
22
|
7 тақырып. Сэй заңы және классикалық ақша теориясы. «Саяси экономика немесе байлық қалыптасатын, бөлінетін және пайдаланылатын қарапайым тәсілді баяндау трактаты» (1803).........................................................................
|
24
|
8 тақырып. Джон Стюарт Милль және оның «Саяси экономика негіздері және олардың кейбер әлеуметтік философияға қосымшасы (1848)................
|
26
|
9 тақырып. Марксизмнің экономикалық теориясы. Карл Маркстың «Капиталы»............................................................................................................
|
28
|
10 тақырып. Австрия мектебіндегі XIX ғғ. капитал, пайыз және пайда теориясы. Е. Бем-Баверктің «Капитал және пайда» және «Капиталдың оң теориясы»...............................................................................................................
|
30
|
11 тақырып. ХІХ-ХХ ғасырлардағы экономикалық әл-ауқатты дамыту теориясы..................................................................................................................
|
32
|
12 тақырып. Кеңістікті пайдаланудың экономикалық теориясы және өндірісті араластырудың классикалық теориясы...............................................
|
36
|
13 тақырып. Ақша, пайыз және бағаның неоклассикалық теориясы Нақты өнімділік теориясы.................................................................................................
|
39
|
14 тақырып. Кейнстік жүйе. Джон Мейнард Кейнс және оның «Пайыз және ақшаның жалпы теориясы»...................................................................................
|
41
|
15 тақырып. Кейнстан кейінгі макроэкономикалық теория..............................
|
42
|
16 тақырып. Институционалдық теориялар және заманауи институционализм Институционалдық теорияның негізгі принциптері. Экономикаға деген инстуционалдық көзқарастардың даму себептері............
|
43
|
«Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінен қорытынды бақылау жұмыстары.
|
48
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................
|
59
|
Кіріспе
Экономикалық ілімдер тарихын білу экономисттер және басқару мамандығы үшін қажет болып табылады. Экономикалық теорияның өткенін білу қазіргі жағдайда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жүйені дұрыс түсінуге көмектеседі. Біздің алдымыздағылардың қате талдаулары бізге қателіктерден аулақ болуға мүмкіндік береді.
Берілген пән «Экономикалық теория» курсының жалғасы болып табылады. Студент жинаған дағдылар макро және микроэкономика курстарын игеруге көметеседі. Студенттер «Экономиалық ілімдер тарихына» шығармашылық жағынан қатысуы керек және бұл курста зерттеліп жатқан қазіргі маңызды мәселелерге өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруы керек.
Курсты оқу әдістемесі:
«Экономикалық ілімдер тарихы» курсының оқу құралы оқу бағдарламасына сәйкес семестр ішінде студенттердің өзіндік оқуымен оқытылу қажет.
Сонымен қатар берілген оқу құралында жазылған нақты тақырып бойынша студенттер эссе жазуы тиіс.Эссені жазу үшін бұл оқу құралында бұрынғы экономисттердің жұмыстары қысқаша қолданылған. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, жазу ережесі және эссенің мазмұнына және құрылымына қойылатын талаптар берілген әдістемеде көрсетілген.
Қорытынды емтихан бағасы студенттің семестр бойы жазылған эссесі үшін,аралық және қорытынды жұмыстарды қалай орныдағанына байланысты қойылады.
«Экономикалық ілімдер тарихы» курсы бойынша емтихан сұрақтары берілген оқу құралында көрсетілген.
1 тақырып. Экономиканың оқу тарихына кіріспе. Ерте және орта ғасырлардағы экономикалық ойлар генезисі
Бұрынғы экономика концепция бағасының критериі- қазіргі экономикалық теорияның өлшемі
1 Қазіргі экономистердің бұрынғы экономистердің теорияларына үндеуінің себептері
Бұрынғының теориясы нақтыны түсінуге көмектеседі. Барлық заманауи көзқарастарда ескі көзқарастардың тамыры бар. Біздің алдымызда болғандар бізден ақымақ болған деп ойлаудың қажеті жоқ.
Альтернативті көзқарас (А.Пигу): бұрынғыны оқудың қажеті жоқ. Ертедегі экономикалық оқу бұл жай ғана дүниеден өткен адамдардың қате түсінігі.
2 Абсолютизм мен релятивизмнің келіспеушілігі
Релятивизм- экономистермен берілген әр түрлі теорияны зерттеген зерттеуші өмір сүрген ортаның әлеуметтік – экономикалық жағдайларының көрінісі болып табылады.
Салдары: Әрбiр теория қағидаларға сәйкес өз меншiктi мәніне тең.
Абсолютизм: экономика пәнін интелектуальды дамуын жалғаннан шындыққа жанасуын ғана көрсетеді; шындықтың шекті (қосымша) кең мағынада экономиканың объективті мағынасына өсуі.
3 Экономиканы ғылым ретінде танудың генезисі
Экономика ғылымдарының тарихы ұлғайтылған интелектуальды төңкерiстерiнiң ағыны сияқты ұсынылуы мүмкін. Экономикалық ойдың
дамуы әрбiр жаңа теория әрдайым ескіге қарама-қарсы болып табылғанда симметрияға ұшыраған.
Экономика пәні:
А.Смит экономика пәні «халық байлығын зерттеуден тұрады» деп есептеген. Осы тарихи мән мәтін өткен теорияның білімімен ұштастырады. Нұсқалары: «идеология» және «жалған білім» доктринасы – экономистердің саналы топқа негізделген немесе топтық қызғушылығы ( экономистер, прокурорлар және сот үдерісіндегі қорғаушылар сияқты өз пайда мақсаттарын ойлайды)
Д.Рикардо «өнімдердің жерде таралуын реттейін заңдарды» зерттеу.
К.Маркс экономика пәнінің астарында «капитал қозғалысының заңдарын» зерттеуді қарастырды.
1970 жылдардан кейін экономика пәні келесідей қалыптасты: адам тәртібінің сараптамасы берілген мақсаттар мен сарқылатын құралдар қарым- қатынасы сияқты, яғни олар қабылдаудың альтернативті мүмкіндіктерін иеленген. Идеологиядан құтылудың бір жолы: ойдың экономикалық үлгісі позитивтің ойлау мысалы ретінде.
4 Экономика ғылымында прогресс мәселесі
Ескі және қазіргі заманғы экономикалық теорияларды тексеру үлкен қиындық тудырады, себебі дұрыс жүйеленбеген эксперименттер теорияның негізгі құрылымын ашуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған лабораториялардың болмауынан анықталған эмперикалық кретериялардың нақты болжамына келе алмайды.
Экономика ғылымында озықтық бар, себебі қазіргі экономикалық жүйелер бұрынғыға қарағанда жақсы түсіндіріледі.
Тақырып бойынша тапсырма: дарын туралы библиядағы нақыл сөздерді талдап, қорытынды шығарыңыз.
Дарындар туралы тәмсiл. Евангелияға Матфейден 25 бөлім
14 ... Ол (Құдай) бөтен елге аттанардағы адам ретінде өзінің құлдарын шақырды және оларға өз пікірін аманат етті:
15 және біреуіне ол бес дарын*, келесісіне екеу, басқасына біреу, әрқайсысына өз күшінің бір бөлігін берді; және сол сәтте аттанды.
16 Бес дарынды иеленуші оларды жұмысқа қолданды және басқа бес дарынды иеленді;
17 дәл осылай екі дарынды иеленуші басқа екі дарынды иеленді;
18 ал бір дарынды иеленуші оны жерге көміп, қожайынының күмісін жасырды.
19 Уақыты келгенде сол құлдардың қожайыны келеді және олардан есеп беруді талап етеді.
20 Бес дарынды иеленуші басқа бес дарынды ұсынады және былай дейді: қожайын! сен маған бес дарын бердің; міне мен соларға басқа бес дарын алдым.
21 Қожайыны оған былай деді: жақсы, мейірбан және адал құл! сен өте адал болдың, сені жоғары бағалаймын; қожайыныңның қуанышы бол.
22 Екі дарынды иеленуші де жақындап былай дейді: қожайын! сен маған екі дарын бердің; міне соларға мен екі дарын алдым.
23 Қожайыны оған былай деді: жақсы, мейірбан және адал құл! сен өте адал болдың, сені жоғары бағалаймын; қожайыныңның қуанышы бол.
24 Бір дарынды иеленуші де жақындап былай дейді: қожайын! мен сенің қатыгез сеппеген жеріңді оратын, шашпаған жеріңді жинайтын адам екеніңді білдім,
25 сосын қорыққаннан алған дарынды жерге көміп тастадым; міне сен берген дарын.
26 Қожайыны оған былай жауап берді: қу және жалқау құл! Сен менің сеппеген жерімді оратынымды және шашпаған жерімді жинайтынымды білдің;
27 сондықтан сен менің күмісімді көпестерге беруің керек еді, сонда мен өзімдікін табыспен қоса алатын едім;
28 сонымен, оның дарынын алып, он дарынды иеленушіге беріңдер,
29 өйткені қолында барға қосылады, ал қолында жоқтан алынады;
30 ал жарамсыз құлды тозаққа лақтырыңдар: ол жақта жылау да, қайғы да болады. Осыны айтқаннан соң бар даусымен: құлағы барлар естісін дейді.
Дарын - ежелгі еврейлік салмақ өлшемі (24-36кг), дарынның бағасы металл құны мен салмағына байланысты болады, мысалы: алтын дарыны,күміс дарыны,мыс дараны. Дарын сол кездегі үлкен ақшалай бірлік болып саналады.
Неге біреуі бес талантқа ие болса,ал басқасы-екі талантқа,ал үшіншісі жалғыз?
Жұмыскерлердің тәуекелділікке бейімділігін анықтаңыз. Ол жұмыс нәтижелеоіне қалай әсер етеді?
Жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мақсаттары сәйкес келуі мүмкін бе?
Соңғы құлды банктегі жинақпен салыстыруға бола ма?
Осы мысал бойынша қандай қорытынды жасай аласыз?
«Экономикалық ғылым тарихына кіріспе» тақырыбына тестік тапсырмалар
Егер осы тұжырымдамамен келіссеңіз «ия» деп, ал келіспеген жағдайда «жоқ» деп жауап бересіз.
Экономикалық ғылым тарихын меңгеруде экономистер арасында келіспеушіліктер болды ма?
Бұрынғы экономикалық теорияны сол кездегі экономиканың даму кезеңімен бағалау дұрыс па?
Релятивистер экономикалық теорияның дамуын нормативтік талдау көзқарасымен қрастырады.
Релятивистер экономистерді класстық және топтық көзқарастарды негіздеуші деп ойлайды.
Әрбір теория өзінің ғылыми құндылығына тек тәжірибемен дәлелдегенде ғана ие болады.
Экономистердің бұрыс көзқарастары жұмысын 0-ге әкеп соғады.
Экономикалық ғылымға насихаттау иен идеология қосарланады.
Экономикалық ғылымның тарихы – бұл нарықтық экономиканың қимылын түсіну тарихы.
Экономикалық теорияны тексерудегі қиындық- қағадаланып тұратын эксперименттерді өткізудің шарасыздығы.
Экономистер арасында гипотезаны растайтын және теріске шығаратын келісілген критерийлері бар.
Нормативтік теориялар эмпирикалық жағынан бағаланады.
Позитивті теориялар әрқашанда дұрыс.
Экономикалық ойлардың дамуы түзусызықты болған жоқ.
А. Смит экономика пәнін әлемде не жаратылса соны бөлуді реттейтін заңдарды оқыту екендігін түсіндірді.
Экономикалық ілімдер тарихын талдай келе релативті әдістерді ғана емес сонымен қатар абсолютизм қағидасын пайдалануға тура келеді.
Адам Смиттің айтуы бойынша экономика пәні ел байлығы себептерін зерттеу болып табылады.
Заманауи трактатта экономика пәні капитал қозғалысы заңдарын оқыту болып түсіндірледі.
Экономистер болашақты болжау үлгісін пайдаланады.
Карл Маркс экономика пәнін шектеулі ресурстар жағдайындағы адами мінез-құлықты талдау болып табылады деп есептеді.
Экономиканың дамуы шектеулі ресурстардың проблемаларын шешуге жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: |