Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні



жүктеу 1,17 Mb.
бет3/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#17137
1   2   3   4   5   6   7

16-ұсыным

  1. Қылмыстық кодекстің 44-бабының бірінші бөліміне сәйкес бас бостандығын шектеу сотталған адамға бiр жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады, сотталған адамды жаза мерзімінде жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, ішінде жыл сайын
    240 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Өзге жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін, бұл ретте сотталған адам мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай негізгі жұмысы бойынша жұмыс орнын (лауазымын) сақтау арқылы сотталушы оны өтеу уақытында негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босатыла отырып оқудан бос уақытында, ал егер сотталушының негізгі жұмыс орны болмаса және оқымаса – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай өтеледi.

  2. Қылмыстық-атқару кодексінің 63-бабының екінші бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар көрсетілген Кодекстің 57-59-баптарына сәйкес ұйымдастырады.

  3. Осылайша, сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту мәселелері ҚР заңнамасында регламенттелген.

  4. Әлемдік практика соттың сотталғандарға мәжбүрлі еңбек түрінде жаза қолдануы қоғам мен мемлекетке көбірек пайда әкелетін ең қолайлы әрі әділ, анағұрлым тиімді болып табылатынын және жазалау қағидатына қайшы келмейтінін, қылмыстық заңнаманың ырықтануын көрсетінін атап өтеміз.

17-ұсыным

  1. ҰЭМ Статистика комитеті жыл сайынғы негізде «Бақыланбайтын экономиканың жалпы ішкі өнімдегі жалпы қосылған құнының үлесі» көрсеткішін қалыптастырады.

  2. Евростаттың Кестелік тәсіліндегі бақыланбайтын экономиканың типтерін зерделеу кезінде ҚР үшін есептеулерді N1, N2, N3, N6 және N7а компоненттері бойынша жүргізуге болатыны туралы қорытынды жасалды.

N1 компоненті – тіркелмеген кәсіпорындар өндірген өнімнің көлемі;

N2 компоненті – өндірушілер әдейі тіркелмейді (заңсыз қызмет);

N3 компоненті – формальды емес сектор өнімінің көлемі;

N6 компоненті – саналы түрде нақты емес ақпаратты ұсынатын өндірушілер шығаратын өнімнің көлемі;



N7а компоненті – өндірушілердің толық емес, бастапқы көздерден жиналмаған немесе тікелей жиналмаған өнімінің көлемі.

  1. N3 есептеулеріне қатысты формальды емес сектор өнімінің көлемі. Есеп жүргізу үшін ақпарат көзі формальды емес сектор кәсіпорындарының Жалпы өнімі (үй шаруашылықтарының өнімі) болып табылады.

  2. N3-ке заңнамаға сәйкес тіркелмеуге тиіс өндірушілер жатады. Аталған санатқа тауарларды өзі тұтыну, өз капиталын қалыптастыру, тұрғын үй құрылысы және оны жөндеу үшін өндіретін үй шаруашылықтары жатады. Не өндірушіде кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болатындай шағын, бірақ белгіленген деңгейден төмен болмайтын нарықтық шығарылымы болады.

  3. Бақыланбайтын экономика, оның ішінде формальды емес сектор бойынша барлық есептеулер ЭҚОЖ секциясына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша жүргізіледі (ҚР МС 03-2007).

  4. Оған қоса, бақыланбайтын (көлеңкелі) экономика бойынша қажетті ақпарат Статистика комитетінің www.stat.gov.kz ресми сайтында, «ҚР Ұлттық шоттары» статистикалық жинағында, сондай-ақ «Ұлттық шоттар – интеграцияланған шоттар» бөлімінде еркін қолжетімділікте орналастырылған.

  5. Формальды емес сектордың ауқымы туралы ақпарат жыныс және қала/аудан бойынша бөлек қалыптастырылмайды.

  6. Бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы (ҰЭМ Статистика комитетінің ресми ақпаратына сәйкес) 2015 жылы 126,0 мың теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 162,4 %-ды құрады. Ерлерде бұл көрсеткіш 151,7 мың теңгені (2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,4 %-ға өскен), әйелдерде 99,9 мың теңгені (2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,1 %-ға өскен) құрады.

  7. Әйелдер жалақысының ерлер жалақысына арақатынасы 2015 жылы 65,9 %-ды құрады. Бұған, ең алдымен, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты қызмет салаларында әйелдердің көбірек топтасуы себеп, мұндағы жалақы деңгейі өндірістік салаға қарағанда төмен.

  8. ҚР-дағы формальды емес жұмыспен қамтылған халықтың саны туралы ақпарат 2005 жылдан бері жыл сайынғы негізде қалыптастырылады. Жынысы, жердің типі және басқа да сипаттамалар бойынша аталмыш ақпарат Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтында «Ресми статистикалық ақпарат»/«Еңбек» бөлімінде еркін қолжетімділікте орналастырылған.

  9. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2015 жылы 8,6 млн. адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында қала тұрғындары
    4,9 млн. адамды (56,7 %), әйелдер 4,2 млн. адамды (48,4 %) құрады.

  10. Алдын-ала ақпарат бойынша республика экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,0 %-ы формальды емес қамтылған болып табылды.

Жастардың формальды және формальды емес жұмыспен қамтылуы

  1. Жұмыспен қамтылу сипаты бойынша 319,4 мың адам немесе
    15-24 жаста жастардың 25,3 %-ы формальды емес жұмыспен қамтылған жастар, яғни еңбек нарығында жұмыспен қамтылған барлық осы жас тобындағы жастардың төрттен бір бөлігі. 25-34 жас шамасындағы формальды емес жұмыспен қамтылғандардың үлесі аздау және 21,3 %-ды құрайды.

Зейнеталды жастағы адамдар мен қарт адамдардың формальды және формальды емес түрде жұмыспен қамтылуы

  1. Статистикалық ақпарат бойынша 55-64 жастағы адамдар арасында еңбек нарығында 781 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде жұмыспен формальды емес қамтылғаны – 208,8 мың адам немесе 26,7 %. 65 және одан үлкен жастағы қарт адамдар арасында 62 мың адам экономикада жұмыспен қамтылған, бірақ басқа жас топтарына қарағанда, формальды емес қамтылғандардың үлесі көбірек және 72 %-ды құрайды.

  2. 55-64 жас тобындағы адамдар үшін жұмыспен қамтылудың негізгі саласы экономиканың формальды емес секторы болып табылады, егде жастағы халық (65 және одан үлкен жастағы) оның үстіне өнімді өзі тұтыну үшін өндірумен айналысатындар үшін негізгі сала – үй шаруашылығы.

  3. 4-қосымшада 2010-2015 жылдары экономикада жұмыспен қамтылған халық (мың адам) туралы ақпарат ұсынылған.

18-ұсыным

  1. Еңбек кодексіне сәйкес айлық жалақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен аз болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.

  2. Жалпы ҚР бойынша айқындалатын және жыл сайын инфляция ескеріле отырып тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күн көріс деңгейі («Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» ҚР Заңының 17-бабының
    1-тармағы) адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіретін ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс болып табылады.

  3. Ең төмен күнкөріс деңгейі:

1) ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ы болатын азық-түлік себетінен;

2) ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ы болатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.



  1. Қазіргі уақытта азық-түлік себеті жан басына шаққанда күніне 2175 ккал деңгейінде энергетикалық құндылықты қамтамасыз ететін өнімдердің
    43 түрінен тұрады.

  2. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі мемлекеттік статистика және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен ең төмен тұтыну себетiнiң құнына арақатынасы арқылы айқындалады.

  3. Одан бөлек, азық-түлік себеті Тамақтану институтының ұсынымдарына сәйкес жасалғанын және ДДҰ/ФАО тамақтану талаптарына сай келетінін атап өткен жөн.

  4. Осылайша, бүгінгі күні ҚР-да жалақының ең төмен мөлшері жұмыскердің ең төмен қажеттіліктерін ғана қанағаттандыра алады және жалпы республика бойынша қала/ауданға бөлінбей белгіленеді.

  5. ҚР-да жалақының ең төмен мөлшерін белгілеуге және төлеуге ҚР Конституциясында және Еңбек кодексінде (1-бап) кепілдік берілген, сондай-ақ Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты жағдайларда және қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығында еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде қарапайым біліктілігі жоқ жұмыскерге айына берілетін ең төмен ақшалай төлем болып табылады.

  6. Осылайша, жыл сайын Республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін жалақының ең төмен мөлшеріне мемлекет кепілдік береді және жұмыс берушілер үшін міндетті түрде сақталуы норма болып табылады.

  7. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшері 22 859 теңге сомасында белгіленді, 2010 жылмен салыстырғанда (14 952 теңге) өсім 52,9 %-ды құрады.

20-ұсыным

  1. Еңбек кодексінің 107-бабына сәйкес жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және ынталандыру жүйесі ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

  2. Бұл ретте еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу шарттары Еңбек кодексінде және ҚР-дың өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды. Осыған орай республикада жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі тиісті нормативтік құқықтық актілерде айқындалады, бұл ретте еңбекақыны белгілеу қағидаттары барлық санаттар үшін бірыңғай болып табылады, яғни ол жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына байланысты белгіленеді.

  3. Сондай-ақ Еңбек кодексінде ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа және де қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтыны туралы норма бар.

  4. Осыған орай, оның қай елдің азаматы болғанына қарамастан, бірдей лауазымды атқаратын, күрделілігі бойынша бірдей жұмысты орындайтын жұмыскерлерге еңбекақы жоғарыда аталған өлшемшарттардың негізінде төленеді.



21-ұсыным

  1. 2007 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңымен ХЕҰ «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы туралы» № 167 Конвенциясы ратификацияланды.

  2. Осы Конвенция құрылыс қызметінің барлық түрлерін, атап айтқанда, құрылысты, азаматтық құрылысты, құрылыс алаңындағы кез келген процестерді, операцияларды немесе тасымалдауды қоса алғанда, алаңды дайындаудан объектіні аяқтауға дейінгі монтаждау және қайта монтаждау жұмыстарын қамтиды.

  3. Конвенцияның 4-б. сәйкес осы Конвенцияны ратификациялаған ХЕҰ әрбір мүшесі еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы үшін мүмкін қатерлерді бағалау негізінде Конвенция ережелерінің қолданылуын қамтамасыз ететін заңнаманы немесе қағидаларды қабылдауға және күшінде сақтауға тиіс.

  4. Құрылыс объектісін жобалауды және құрылыс жұмыстарын жоспарлауды жүргізетін ұйымдар ұлттық заңнамаға, қағидаларға және практикаға сәйкес құрылысшы жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасын ескереді.

  5. Бұдан басқа, 2014 жылы ҚР 2014 жылғы 20 қазандағы Заңымен «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ХЕҰ №187 Конвенциясы ратификацияланды.

  6. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі ҚР Заңына сәйкес еңбек саласындағы уәкілетті органға мынадай нормативтік құқықтық актілерді бекіту құзыреті берілген:

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді жүргізу;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу;

жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге арнайы киім және жеке қорғаныш құралдарын, сүт және емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын;

ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту және басқалары.



  1. Осы нормативтік құқықтық актілердің барлығы республиканың кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мен оны төмендетуге бағытталған.

  2. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылу қатерінің алдын алу мақсатында Еңбек кодексі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіріп, бақылау субъектісіне бару немесе қажетті ақпаратты сұрату түріндегі алдын алу-профилактикалық сипаттағы өзге де мемлекеттік бақылау нысандарымен толықтырылды.

  3. ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 905, ҰЭМ-нің
    2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бұйрықтарымен «Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына қол қойылды, оның аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асыратын болады.

  4. Бақылау субъектісіне бару оны алдын ала хабардар етпестен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелусіз жүзеге асырылатын болады.

  5. Одан басқа, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабында құрылыс объектілерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ҚР-дың заңнамасын сақтау саласындағы тексеруді жүргізу мерзімін олардың техникалық жағынан күрделілігін ескере отырып, 30 күннен:

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – 5 жұмыс күнінен аспайтындай және 5 жұмыс күніне дейін ұзарта отырып;

техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтындай және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзарта отырып қысқарту көзделген.



  1. Соңғы бес жылдың динамикасы республика кәсіпорындарында жыл сайын екі мыңнан астам жұмыскер жарақат алатынын көрсетеді, оның ішінде 300 астам адам қаза тапқан.

  2. Сонымен бірге, соңғы жылдары өндірістік жарақаттанудың төмендеуі байқалады.

  3. Мәселен, егер 2010 жылы өндірісте 2179 адам зардап шеккен болса, 2015 жылдың қорытындысы бойынша зардап шеккендердің саны 20 %-ға азайып, 1723 адамды құрады, қаза тапқандар саны да 2010 жылдан 2015 жылға дейін 31,1 %-ға азайған (365 адамнан 251 адамға дейін).

22-ұсыным

  1. Ереуілге құқық ҚР Констиуциясының 24-бабының 3-тармағымен регламенттелген, оған сәйкес ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңда белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

  2. Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі Еңбек Кодексінің 15-тарауында регламенттелген, оған сәйкес жұмыскердің даулы жағдайларды шешу үшін келісім комиссиясына өтініш білдіруді не дауды сот тәртібінде реттеуді еркін таңдау құқығы бар.

  3. Келісім комиссиясы жұмыс беруші өкілдері мен ұйым жұмыскерлері өкілдерінің тең санынан тепе-тең негізде тараптардың келісімі бойынша құрылады.

  4. Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі Еңбек кодексінің
    15-тарауында регламенттелген.

  5. Еңбек кодексінің 163-бабы келіспеушіліктерді реттеу, талаптарды орындау не оларды орындау бойынша іс-шараларды қолдану немесе жұмыскерлерге өз шешімдерін және ұсыныстарын жеткізу мерзімін көздейді.

  6. Жалпы алғанда, қолданыстағы Еңбек кодексі, оның құрылымы мен мазмұны жұмыскерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін сақтауға ықпал етеді және елде еңбек дауларын шешуді қоса алғанда, еңбек қатынастарын құру және реттеудің өркениетті тәртібін қамтамасыз етеді.

  7. Бұл ретте Конституцияның 39-бабының 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

  8. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда ҚР-дың заңнамасында белгіленген мемлекет немесе жергілікті бюджеттерден не ҚР-дың Ұлттық Банкі қаражатынан төленетін лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын ҚР-дың азаматы.

  9. Аталған Заңда мемлекеттік қызметшілерге қатысты ереуілге қатысуын шектеу белгіленген.

  10. Сондай-ақ, «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңында құқық қорғау органының қызметкері ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға құқылы емес.

  11. Еңбек кодексінің 176-бабының 2-тармағына сәйкес теміржол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың
    тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл, жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісім негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі сақталған жағдайда өткізіледі.

  12. Бұл жағдайда сөз оларды айқындауға ереуілді ұйымдастырушылар тікелей қатысатын ең төмен қызметтер туралы болып тұр.

  13. Осы шектеу республиканың жергілікті ереуілдерге қатыспайтын қалған халқының конституциялық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты және оларды ереуілдерді ұйымдастырушылар ескеруге тиіс.

  14. Еңбек кодексінің 176-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда ереуілді өткізуге тыйым салынады.

  15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Занының 70 және 71-баптарында қауіпті өндірістік объектілерге жататын объектілердің тізбесі қамтылған.

  16. Аталған нормалар ХЕҰ Конвенцияларына қайшы келмейді, ХЕҰ Сарапшылар комитеті атап өткендей, қауіпті өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда ереуілдерге тыйым салу кейбір жағдайларда ұлттық заңнамамен де шартталған.

  17. Ереуілге қатысу құқығы ХЕҰ № 87 Конвенциясында бекітілген қауымдастықты құру құқығының ажырамас бөлігі болып табылатынына қарамастан, Сарапшылар комитеті «ереуілге шығу құқығы абсолютті бола алмайды», «жұмысты тоқтату бүкіл халықтың немесе оның бір бөлігінің өміріне, жеке қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірген» кезде өмір үшін маңызды салаларда ереуілді шектеу және оған тыйым салу қажет деп атап өтеді.

  18. Еңбек кодексінің 172-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ереуілді жариялау туралы шешімде ереуіл ұзақтығын көрсету талабы алынып тасталды.

  19. Осы нормалар жұмыскерлердің талаптарын тиімді мәлімдеу үшін жағдайлар жасайды.

23-ұсыным

  1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 1-бабының
    12) тармақшасына сәйкес өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) – бұл өздеріне табыс әкелетін жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

  2. Арнайы салық режимiн қолданатын шаруа (ферма) қожалықтарына қатысты өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсіпкерлер – қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа (ферма) қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады.

  3. Осылайша, қолданыстағы заңнамада өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдарға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру нормалары көзделген.

  4. ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген ҚР 2020 жылға дейінгі старатегиялық даму жоспарына сәйкес әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған көрсеткіштердің бірі
    2020 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 40-пайызын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту болып табылады.

  5. Осы аталған индикаторға «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының (2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-5) шеңберінде, жалпыға ортақ кірістерді декларациялауға өту, жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімін арттыру бөлігінде қол жеткізіледі.

  6. ҚР «Әлеуметтік қамсыздандырудың ен төмен нормалары туралы» ХЕҰ 1952 жылғы 4 маусымдағы № 102 Конвенциясына қосылуына қатысты мәселені қарастыруды ҚР заңнамасы Конвенция нормаларына сәйкес келтірілгенге дейін кейінге қалдыру шешімі қабылданды.

24-ұсыным

  1. Зейнетақы жүйесін жаңғырту мақсатында 2013 жылы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР жаңа Заңы қабылданды, оған сәйкес:

1) азаматтардың барлық зейнетақы жинақтары шоғырландырылған
(2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5,8 трлн. теңге) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды және жұмыс істеуде;

2) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті 5 % кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 372,9 мың шотта 64,5 млрд.теңге шоғырландырылған);



3) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге, олардың 1 жылға дейін бала күтімі бойынша демалыста болуы кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау институты енгізілді (2014-2015 жылдарға осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен 7,9 млрд. теңге бөлінді)».

  1. ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 2 тамызда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

  2. Осы заңда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту көзделген.

  3. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты, тек зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана (58-63/63) тағайындалатын болады.

  4. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы
    1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілімен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері, балаларды күту, жұбайлардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған шекарадан тыс жерде тұрған кезеңдері және тағы басқалар қосылатын болады.

  5. Егер азаматтың еңбек өтілі он жылдан және одан аз болған немесе болмаған жағдайда, онда базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс шамасының 50 %-ына тең болады. Он жылдың үстіне әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға арттырыла отырып, 35 және одан артық жылда базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс шамасының 100 %-ын құрайды (өтілі 20 жыл болған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс шамасының 70 %-ын, 30 жыл – ең төмен күнкөріс шамасының 90 %-ын құрайды).

  6. Осы өзгерістер, бір жағынан, жұмыс өтілі көп бола тұра, табыстары туралы мәліметтер болмағаны себебінен зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алып отырған зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге, екінші жағынан, бүгінгі жұмыскерлерді және болашақ ұрпақты еңбек қатынастарын формальдандыруға ынталандыруға мүмкіндік береді.

  7. Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда жұмыс берушілердің рөлін күшейту мақсатында жұмыс берушілердің қосымша 5 % міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу көзделуде.

  8. Бұл жарналар БЖЗҚ-да ашылған әр жұмыскердің шартты зейнетақы шотында белгіленетін болады.

  9. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 182 теңгені құрайды және 2010 жылмен салыстырғанда 1,87 есе өскен (5 981 теңге). Базалық зейнетақыны алушылардың саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 1 683 954 адамды, 2016 жылдың 1 қаңтарына 2 009 832 адамды құрады, бұл 5 жыл ішінде 16,0 %-ға өскенінің дәлелі.

  10. 2015 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 23 692 теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары (12 344 теңге болған).

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау