Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні



жүктеу 1,17 Mb.
бет6/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#17137
1   2   3   4   5   6   7

36-ұсыным

  1. ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап «Саламатты өмір салты және қатердің мінез-құлық факторларымен шартталған әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін төмендету» денсаулықты қорғау жөніндегі сектораралық кіші бағдарлама орындалуда.

  2. Жыл сайын саламатты өмір салтын насихаттау, қатер факторларының және әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық науқандар шеңберінде әрбір іс-шарада 1 миллионнан астам адам қамтылатын бір миллионнан астам іс-шара өткізіледі.

  3. Тұрақты негізде республикалық және өңірлік деңгейде БАҚ-тарда баспасөз конференцияларын, ТВ-хабарлар, радиохабарларды, бейне және аудиороликтерді трансляциялауды қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, оның ішінде халық көп жиналатын жерлерде (қоғамдық көліктер, емханалардың холлдары, әуежайлар және т.б.), сондай-ақ мақалалар жарияланады.

  4. 2011 жылдан бастап жыл сайын 60-тан астам ҮЕҰ-ларды тарту арқылы әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың маңыздылығы туралы халықтың сауаттылығын арттыру үшін 100-ден астам әлеуметтік жобаны іске асырылуда.

  5. 2012 жылдың мамыр айынан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін республикада еліміздің кез-келген жерінен қоңырау шалып, акушер-гинекологтің, психологтің тегін консультациясын алуға болатын
    «150-сенім желісі» Ұлттық телефон желісі жұмыс істейді. 2012-2015 жылдары барлығы 1 154 756 қоңырау шалынған: мәні бойынша – 19 809 қоңырау, 16 131 абонентке психологиялық қолдау, 2 298 абонентке құқықтық қолдау, 1 380 абонентке әлеуметтік қолдау көрсетілді, мәні бойынша емес 1 134 947 қоңырау шалынды, 215 абонент үндемеді.

  6. Ең үздік халықаралық практиканы ескере отырып профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейде симуляциялық жабдықты пайдалану бойынша заманауи инновациялық технологиялар енгізілуде.

  7. 2011-2015 жылдар аралығында жыл сайын бірыңғай мазмұнда және дизайнда ақпараттық-білім беру материалдары әзірленді, бұл 72 053 849 дана плакат, буклет, парақша және басқалары, сонымен бірге 3 ақпараттық-оқыту кешенін (кітап+бейнефильм, 20 минут хронометраж); 44 бейне және
    42 аудиороликті, танымал адамдар тартылған 36 телехабарды құрады. Ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отыратын өңірлік СӨСҚ www.hls.kz, www.zhas-hls.kz веб-сайттары жұмыс істейді. Интернет арқылы ҚР ДСМ және www.youtube.com. веб-сайттарында бейнероликтерді орналастыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау қарқынды жүргізіледі.

37-ұсыным

  1. «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттерінің бірі мәдени құндылықтарға еркін қолжетімдікті қамтамасыз ету болып табылады.

  2. ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен Мәдени саясат тұжырымдамасы бекітілді, оның шеңберінде халықтың мәдениет өнімдері мен қызметтеріне кең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

  3. Мәдениет ұйымдарының көбісі мәдени іс-шараларға қатысу қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тегін қызмет көрсетеді не арнайы жеңілдіктерді қарастырады. Оның ішінде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында, М. Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттік академиялық театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар академиялық театрында, Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар академиялық театрында, Республикалық Неміс драма театрында мүгедектерге тегін кіру қарастырылған.

  4. ҚР Ұлттық музейіне ҰОС ардагерлері, мүгедектер, мектепке дейінгі жастағы балалар, жетім балалар, көп балалы аналар тегін кіреді.

  5. 2005 жылдан бастап Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана «Вести» интернет газетін шығарады. Сонымен қатар, айына бір рет СD форматында «Менің жолым» атты газетін шығарады. Осы басылымдар зағип және нашар көретіндерге арналған арнайы қаріпті қолдану арқылы шығарылады.

  6. «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес еліміздің барлық мемлекеттік кітапханалары мүгедектер мен қарттарға сырттай немесе негізгіден тыс қызмет көрсету нысандары арқылы қызметтер ұсынады.

  7. 2015 жылы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын концерттік ұйымдарға, театрларға, мәдениет-ойын-сауық ұйымдарына, кітапханаларға, музейлер мен қорық-музейлерге, цирктерге қол жеткізу нормативтерін қамтитын «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін
    мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілді. Стандартқа сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің 50 пайызын төлейді.

38-ұсыным

  1. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін оның маңызды құрамдас бөлігі сондай-ақ ана мен бала денсаулығы болып табылатын Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

  2. Балалардың өлі тууы мен өлімінің санын қысқарту мақсатында практикаға дәлелді медицинаға негізделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық технологиялар енгізілді.

  3. Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде бірқатар жүйелік шараларды іске асыру жалғасуда.

  4. Тәуекел дәрежесіне байланысты жүкті әйелдер мен жаңа туылғандарға күтім жасау технологиясын барынша қолдануға мүмкіндік берген өңірлендіру ең тиімді ұйымдастыру технологияларының бірі болды.

  5. Ауыр патологиясы бар жүкті әйелдер мен уақытынан бұрын босанатын әйелдер перинаталдық орталықтарға жіберіледі, онда шала туылған және ауру жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және күту үшін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, заманауи медициналық жабдық шоғырландырылған және қымбат дәрілік заттар қолданылады.

  6. Жоғары білікті жедел көмектің уақтылылығын және қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында республикада 2011 жылдан бастап республикалық санитариялық авиация қызметі жұмыс істейді. 2015 жылы 2149 ұшу жасалды, 2700 пациентке қызмет көрсетілді, 2098-і тасымалданды, оның 1530-ы (72 %) –жүкті әйелдер мен балалар.

  7. Babies матрицасына сәйкес дене салмағы және өмір кезеңдері бойынша нәрестелердің өлімін талдау нәрестелер өлімінің мониторингін жүргізуге және басқарушылық шешімдер қабылдау мен медициналық қызметтердің тиісті көлемін көрсету үшін проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

  8. Республикада аналардың қауіпсіздігі, балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеу (бұдан әрі – БШАСЕ) және басқа да тиімді халықаралық технологиялар енгізілген.

  9. «Аналардың қауіпсіздігі» бағдарламасына мынадай технологиялар кіреді: әріптестік босандыру, босануда еркін қалыпты таңдау, ананың баламен ерте байланысы, «жылылық тізбегін сақтау», ана мен баланың бірге болуы, тек емшекпен тамақтандыру.

  10. Соңғы 3 жыл ішінде тиімді технологияларды енгізудің республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді және көрсетілген технологияларға босандыру және балалар ұйымдарының медицина қызметкерлерінің 80 %-ынан (шекті масса) астамы оқытылды.

  11. Еліміздің барлық өңірлерінде техникалық жабдықталған БШАСЕ тиімді перинаталдық көмекті енгізу бойынша өңірлік оқу орталықтары құрылды. ДДҰ ұсынған тірі және өлі туу өлшемшарттарының енгізілуін, әйелдер мен балалар өлімі себептерінің құрылымын ескере отырып, елімізде стационарлық қызметті жетілдіру және нығайту, практикаға қарапайым, үнемді, қолжетімді, дәлелді медицинаға негізделген халықаралық технологияларды, тиімді перинаталдық күтімді, БШАСЕ енгізу басталды.

  12. ҚР ДСМ халықтың аз қамтылған топтарының арасында баланың денсаулығы үшін қауіпті белгілерді білудің төмен деңгейін анықтап, ЮНИСЕФ және ДДҰ бірлесіп, бүгінде 5 жасқа дейінгі балаларды күту қағидалары жөнінде аналарды ақпараттандыру бойынша кең ауқымды науқан жүргізуде.

  13. 2014 жылы аналарға арналған «5 жасқа дейінгі баланың дамуы бойынша жеке карточка» және мейіргерлерге арналған балаларды тамақтандыру және психо-моторлық дамуы бойынша оқу-әдістемелік нұсқау әзірленді, сондай-ақ ерте жастағы балаларда болатын ауру кезіндегі алғашқы қауіпті белгілер жөніндегі, емшекпен тамақтандырудың маңыздылығы туралы бейнероликтер түсірілді (халық үшін). «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ бірге 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру бойынша оқу фильмі түсірілді.

  14. Жоба шеңберінде халықаралық консультанттар ДДҰ ұсынған тиімді технологияларды енгізуді ұйымдастыру және бағалау бойынша
    80 өңірлік үйлестірушіні, оның ішінде 32 тәуелсіз аккредиттелген медицина сарапшысын оқытты.

  15. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 478-ден астам отбасын жоспарлау кабинеті ашылды. Профилактика және
    әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелері бар отбасы денсаулығы орталықтары, 97 Жастар денсаулық орталығы, денсаулықты нығайту орталықтары (жас ана, репродуктивтік денсаулық мектептері, бастамашылық клубтары және т.б.) құрылды. «Әр бала қалаулы, әр босану қауіпсіз» қағидаты насихатталады.

  16. Баланың дұрыс дамуы мақсатында халықтың балалардың денсаулығы, тамақтандыру, гигиена және емшекпен тамақтандырудың артықшылығы, гигиена туралы хабардарлығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ақпараттық материалдар шығарылады және үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобалар іске асырылады. Тек емшекпен тамақтандырумен қамту 6 айға дейінгі балалардың 82 %-ын құрайды. Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту үшін саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі қағидаттары насихатталады. 2017 жылдан бастап оқушыларға медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау жүйесінің құзыретінде.

  17. 2014 жылы жұмыс істеп тұрған жүректе миокард ісігін алып тастау бойынша алғаш рет операция жасалды, бұл ретте әлемде осындай барлығы 4 операция жасалған, сондай-ақ 3 балаға кеңірдек өңеш терең жарасы бар өңеш бітеу өзегін эндоскопиялық жедел емдеу жүргізілді.

  18. Балалар үшін амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі медициналық көмек диагностика мен емдеудің жоғары технологиясын және қымбат әдістерін қолдану арқылы тегін көрсетілетінін атап өткен жөн.

  19. Қазақстан – қант диабетімен ауыратын балаларға тегін инсулиндік помпалар ұсынған әлемдегі жалғыз ел. Сирек генетикалық аурулармен (Гоше ауруы, муковисцидоз, мукополисахаридоз) ауыратын балалар ТМККК шеңберінде өмір бойы қымбат дәрілік терапиямен қамтамасыз етіледі. Қазақстанның халықаралық деңгейде балаларды вакцинациялаумен толық және тегін қамтамасыз ететін мемлекет мәртебесі бар, оларды қамту «MICS 2010 ж.» ақпараты бойынша 97,5%-ды құрайды. Соңғы 7 жыл ішінде вакцинациялауға мемлекеттің шығыны 1-ден 12 млрд. теңгеге дейін өсті. Вакцинациялаудан кейінгі реакцияны төмендету мақсатында Қазақстан 2013 жылдан бастап олардың жоғары тиімділігі кезінде көкжөтел, дифтерия мен сіреспеге қарсы аз реактогенді вакцинамен қамтамасыз етуге көшті. Нәтижесінде соңғы 20 жыл ішінде қызамықпен ауыру 291 есе азайған, балалардың арасында «В» гепатитімен ауыру 135 есе, дифтериямен ауыру 100 есе, қызылшамен ауыру 25 есе, көкжөтелмен ауыру 20 есе азайған. Біздің ел 2002 жылдан бастап полиомиелит, ал 2012 жылдан бастап малярия жоқ аумақ ретінде ДДҰ тарапынан сертификатталды.

  20. ҚР-да 2010 жылдан бастап ДДҰ ұсынымдарына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы 13-валенттік вакцина кезең-кезеңімен енгізілуде. Пневмококтік вакцинамен балалардың нысаналы топтарын қамту 2015 жылы 87%-ды құрады.

  21. ҚР-да 2010-2015 жылдар аралығында вакцинациялау нәтижесінде пневмониямен аурудың 1,5 есе азайғаны, 1 жасқа дейінгі нәрестелердің пневмониядан өлімі және сәби өлімі көрсеткішінің 2,2 есе азайғаны байқалуда.

  22. Тек соңғы екі жыл ішінде (2015-2015 ж.) 0-5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен ауруы 11 %-ға (43054-тен 38387-ге), ал 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониядан өлімінің үлес салмағы 9,5%-ға (4,5 %-дан 3,8 %-ға), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың пневмониядан өлімі 18 %-ға (3,9 %-дан 3,2%-ға) төмендеген.

  23. 2013 жылғы маусымда ҚР-да БҰҰ-ның Балалар өлімін бағалау жөніндегі ведомствоаралық сарапшылар тобы (БӨВСТ) жұмыс істеді. Олардың сапары барысында балалар мен сәбилер өлімі көрсеткішін қайта есептеу жүргізілді.

  24. БӨВСТ есептік ақпараты бойынша Қазақстанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1000 тірі туылғанға сәбилер өлімінің көрсеткіші 13-ті, балалар өлімі 1000 тірі туылғанға 14-ті құрады, бұл Child Mortality Report 2015 есебінде көрсетілген.

  25. Бұдан басқа, БӨВСТ сарапшылары Қазақстандағы балалар мен сәбилер өлімін тіркеудің дәйектілігі мен объективтілігін растады.

  26. Жетістіктер туралы ақпарат Дүниежүзілік Банктің ресми дерек-қорына 2015 жылы енгізілді және 2014-2015 жж. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін есептеу кезінде сәбилер өлімі көрсеткіші бойынша Қазақстан рейтингі 20 позицияға дейін жақсарды (98-ден 78-ге дейін).

  27. 2014 жылғы қарашада БҰҰ-ның Аналар өлімін бағалау жөніндегі ведомствоаралық сарапшылар тобы (MMEIG) аналар өлімі көрсеткішіне бағалау жүргізді. MMEIG есебі бойынша ресми көрсеткіш 11,7 болған кезде көрсеткіш 12,0-ді құрады. Осылайша, аналар өлімі БҰҰ-ның есептік деректері бойынша 85 %-ға төмендеген және ресми деректерден айырмашылық ±3 сенімгерлік интервалында.

  28. ҚР Конституциясы міндетті болып табылатын тегін орта білімге кепілдік береді. Аталған норма сондай-ақ «Білім туралы» Заңда көрініс тапқан, бұл Бала құқықтары туралы конвенцияның 28 және 29-баптарына сәйкес келеді.

  29. «Білім туралы» ҚР Заңында міндетті тегін мектепалды білім алуға мемлекеттік кепілдіктер көзделген.

  30. Білім саласында қабылданатын барлық шаралар оның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

  31. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттің білім беруге арналған шығындары ұлғайтылады: 2010 жылы – 782,6 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 3,6 %, 2014 жылы – 1,4 трлн. теңге немесе ЖІӨ-ге 3,5 %, 2015 жылы – 1,5 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 3,7 %.

  32. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда «Балапан» салалық бағдарламасының арқасында жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдардың желісі артуда.

  33. Республикада 2015 жылы 8 834 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді, оларда 758,8 мың бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған (қамту 81,6 %). 2010 жылы 4 781 мектепке дейінгі ұйымда 390,4 мың бала қамтылған (қамту 41,6%). Мектепке дейінгі мекемелердің 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуы – 53,8 % (2014 жыл-52,3 %), 3-6 жас – 81,6 % (2013 жылы – 78,6 %). Жалпы алғанда балаларды қамту 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға (1-ден 6 жасқа дейін) және 3 %-ға (3-6 жас) ұлғайған.

  34. 2010 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі мекемелер желісі 2 388 бірлікке артқан. Мектепке дейінгі дайындықпен мектепке дейінгі балалардың жалпы санының 99,7 %-ы, 2010 жылы 88,9 %-ы қамтылған.

  35. Республикада 7 160 (2010/11 оқу жылдары – 7 638) күндізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді, оларда 2,7 миллионнан астам оқушы оқиды (2010/11 оқу жылында – 2,4 млн. оқушы). Қысқарту шағын жинақталған мектептерді оңтайландыруға байланысты.

  36. Орта білім жүйесінде білім мазмұнының сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

  37. 2013 жылдан бастап барлық мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілін, 5 сыныптан бастап «Информатика» пәнін оқыту, сонымен бірге 9-11 сынып оқушылары үшін «Адам. Қоғам. Құқық» ықпалдастырылған пәні енгізілді.

  38. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Орта мектептерге арналған барлық оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды ескере отырып жаңартылды.

  39. Орта білімнің қолжетімдігін және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін республиканың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Республиканың жалпы білім беру мектептері республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталады. 2015-2016 оқу жылында мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау орта есеппен 68,1 %-ды (4876 мектептен 7 160 мектеп), соның ішінде: физика – 49,6 %-ды (3 551 мектеп); химия – 43,5 %-ды (3 114 мектеп); биология 42,2 %-ды (3 021 мектеп); мультимедиялық лингафондық кабинеттер – 40,0 %-ды (2 868 мектеп) құрайды.

  40. Оқытудың жаңа нысандары мен технологиялары енгізілді – балалар интерактивтік парктері (ғылым қалашықтары), технопарктер, балалар ғылыми музейлері.

  41. 2013 жылы Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік парк ашылды.

  42. Назарбаев зияткерлік мектептері желісін дамыту жалғасуда, олардың саны 2015 жылы – 20-ны, 2014 жылы 16-ны құрады (2010 жылы 0-ді құраған), онда 13 563 оқушы оқиды. Республиканың жалпы білім беру мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жүргізілуде.

  43. Көптілді білім беруді енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

  44. Жастардың техникалық және технологиялық кәсіптер бойынша техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділігін арттыру үшін 2014-2015 оқу жылында республикалық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын дайындауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 5358 бірлікке ұлғайтылды.

  45. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары заңды негізде «студенттерге» теңестіріліп, кәсіптік лицейлер колледж болып қайта аталды.

  46. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер стипендия мен жол жүруге өтемақы (4 АЕК) алады.

  47. Барлық білім беру ұйымдары компьютерлік техникамен 100 % жабдықталған. Республикада электрондық оқыту жүйесі енгізілуде.

  48. Қазіргі уақытта 1159 орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы электрондық оқыту жүйесіне қосылған. Жоба шеңберінде әрбір білім беру ұйымы заманауи дербес компьютерлермен, ноутбуктермен жабдықталған, кеңжолақты интернетпен және Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген.

39-ұсыным

  1. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық қауымдастықтың Қазақстан ратификациялаған ұсыныстарын этникалық аз топтардың кепілдік берілген құқықтарын іске асыруда кемсітушілікке жол бермеу бөлігінде қатаң сақтайды.

  2. Мәселен, ҰҚК «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдады.

  3. Оларды қабылдау адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қорғауды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

  4. ҚР ҰҚК нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуі кезінде заң жобалары орталық мемлекеттік органдарда келісуден, оның ішінде адам құқықтарының сақталу сәйкестігіне өтетінін атап өткен жөн.

  5. Оның үстіне «Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы», «Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы», «Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы», «Арнаулы және түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының және ҚР Дін істері агенттігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы», «Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің заңға тәуелді актілерінің қабылдануымен азаматтардың, оның ішінде терроризмге қарсы шараларды іске асыру кезінде зардап шегуі мүмкін этникалық аз топтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

40-ұсыным

  1. 2010 жылы ҚР Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.

  2. 2011 жылы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі қабылданды.

  3. 2012 жылғы қарашада ҚР Заңымен Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция бекітілді.

  4. 2013 жылғы шілдеде «ҚР-ның кейбір заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы Заңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығы көзделген.

  5. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының талаптарына сәйкес келтірілуде.

  6. ҚР-да бала құқықтары бойынша ҚР-ның нормативтік құқықтық базасы қалыптастырылған, ол жалпы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

  7. Елімізде заңнамамен балалардың өмір сүруге, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке басына қол сұғылмаушылыққа, тұрғын үйге, білім алуға, әлеуметтік қамсыздандырылуға және әлеуметтік қызмет алуға, денсаулығын сақтауға және медициналық көмекке, мәдени құндылықтарға қол жеткізу және басқа ең маңызды құқықтары қамтамасыз етілген.

  8. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттесудің тиімді жүйесі құрылған. ҚР Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын жалғастыруда.

  9. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын іске асыру шеңберінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»
    ҚР 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне ДДҰ ұсынған темекі бұйымдарына акциздер мөлшерлемесін сатылап арттыруға қатысты өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.

  10. Донорлардың, реципиенттердің және транспланттау бойынша қызметтерді ұсынатын медициналық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңнамалық базаны қалыптастыру үшін өмір мен денсаулыққа қауіпті аурулар табылған адамдар, сондай-ақ жүкті әйелдер тірі донор бола алмайтындығын айқындау ұсынылады.

  11. Сондай-ақ, ақысыз донорлық міндетті жүзеге асыратын донорға орташа жалақысының сақталуымен бір күн қосымша демалыс алу құқығы көзделген. Аталған норма ерікті ақысыз донорлықты ынталандыру мақсатында енгізіледі.

  12. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу, алуға келісу нотариаттың куәландыруын талап етпейтін гемопоэздік дің жасушаларын қоспағанда, оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырыла алатыны нақтылануда.

  13. Жетілдіру және халықаралық деңгейге шығу мақсатында заң жобасында тіндер реципиенттерінің тіркелімін және тіндер (тіндер бөлігі және/немесе ағзалар (ағзалар бөлігі) донорларының тіркелімін қалыптастыру бекітілген.

  14. Тиісінше тіндер (тіндер бөлігі) донорларының тіркелімі ұғымы, сондай-ақ ағзалар (ағзалар бөлігі) донорларының тізілімі ұғымы енгізілді. Бұл ретте тіндерді (тіндер бөлігін) және/немесе ағзаларды (ағзалар бөлігін) транспланттауға қызметін лицензияға сәйкес жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында жол берілетінін нақтылау енгізілген.

  15. Бұдан басқа, пациенттің құқығын қорғау, сонымен бірге медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында мекенжайын анықтау мүмкін емес туыстарының не болмаса заңды өкілдерінің келісімінсіз медициналық құжаттамада жазбаны міндетті түрде ресімдеумен және кейін бір тәулік ішінде денсаулық сақтау ұйымының лауазымды адамдарына ол жөнінде хабарлау арқылы дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша жедел транспланттау жасау көзделген.

  16. Халық арасында тегін донорлық мәселесін насихаттау үшін өнердегі, спорттағы, бизнестегі танымал қайраткерлерді тарту арқылы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар, холдингтер, бизнес-құрылымдар арасында жыл сайын акциялар өткізу жолымен ерікті тегін донорлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау