Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні



жүктеу 1,17 Mb.
бет4/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#17137
1   2   3   4   5   6   7

25-ұсыным

  1. 2009 жылдың желтоқсан айында ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң қабылдады.

  2. Отбасындағы төбелесқорларға қатысты қорғау нұсқамасы түріндегі және құқық бұзушының мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгілеу түріндегі әкімшілік-құқықтық әсер етудің жаңа шарасы енгізілді. Сонымен бірге қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленді.

  3. Сонымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру барысында бірқатар проблемалық мәселелер туындады, атап айтқанда:

1) қорғау нұсқамасының қысқа мерзімділігінің (10 тәулік) құқық бұзушыға тигізетін профилактикалық әсері жеткіліксіз және қолданылу мерзімі өткен соң ол ішкі істер органдарының назарынан тыс қалады;

2) кейде қорғау нұсқамасын шығару үшін құқық бұзушыларды, әсіресе шалғай орналасқан ауылдық округтерден қалалық, аудандық органдарға жеткізу мүмкіндігі бола бермейді, бұл жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз ету шұғыл шарасын іске асыруға кедергі келтіреді.



  1. Осы жағдайларды ескере отырып, Мемлекет басшысы 2014 жылғы 18 ақпанда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

  2. Осы Заңмен учаскелік полиция инспекторына және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторына өз бетінше қорғау нұсқамасын шығару өкілеттігі берілді, бұл жәбірленушіні уақтылы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл ретте қорғау нұсқамасының мерзімі 10 тәуліктен 30 тәулікке дейін ұлғайтылды.

  3. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа тұрғын үйі болған жағдайда жәбірленушімен бірге тұрғын үйде тұруға тыйым салу түріндегі әкімшілік-құқықтық ықпал етудің жаңа шарасы енгізілді.

  4. Одан басқа, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін 2014 жылдан бастап әйелдерді
    зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері шаралар кешенін жүргізуде.

  5. Полиция бөлімшелерінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

  6. 2014 жылы сенім телефонына 10 мыңнан астам қоңырау шалынды, олар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданды.

  7. Жалпы алғанда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері өз қызметінде үкіметтік емес ұйымдармен белсенді түрде өзара әрекеттеседі.

  8. Бүгінгі таңда 50 астам ҮЕҰ-лармен және дағдарыс орталықтарымен ынтымақтастық орнатылған.

  9. Есепті кезеңде осы орталықтарда зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін 219 маман тартылды (психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер).

  10. Дағдарыс орталықтарында 212 сенім телефоны бар, оларға
    2014 жылы 10 мыңнан астам қоңырау шалынды және 10 мыңнан астам әйел жүгінді.

  11. Мәселен, 2014 жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерге олардың құқықтарына қысым жасалғаны жөнінде
    31 мыңнан астам әйел жүгінген, оның ішінде 10 мыңнан астамы дағдарыс орталықтарына жіберіліп, оларға заңдық, психологиялық көмек көрсетілді.

  12. Сонымен қатар, ІІО қызметкерлері 1,5 мыңнан астам әйелді аталған орталықтарға жіберген.

  13. 2015 жылы полицияның мектеп инспекторлары (1918 бір.) білім беру ұйымдарына көмек көрсету мақсатында құқықтық тақырыпта 65 мыңға жуық дәріс, дөңгелек үстел және семинар өткізді.

  14. Олар білім беру ұйымдарының өкілдерімен және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп, 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара жүргізді, олардың шеңберінде 3 мың құқық бұзушылық анықталды, тұрғылықты жері бойынша мектепішілік есепте тұрған 8 мыңға жуық жасөспірімге және 5 мыңнан астам тұрмысы қолайсыз отбасыға барды.

  15. Жыл сайын «Жұмыспен қамту» акциясы өткізіледі, оның мақсаты жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған және ішкі істер органдарының тізімінде бар жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

  16. Бұдан басқа, жыл сайынғы негізде мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 10 күн» акциясы өткізіледі.

  17. Науқан шеңберінде полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерде тарататын буклеттер мен жадынама түрінде баспа өнімдері дайындалды.

  18. Мысалы, Ақмола облысының Көкшетау қаласында ақпараттық тақталарда тұрмыс саласында құқық бұзушылардың профилактикасына бағытталған бейнероликтер орналастырылған.

26-ұсыным

  1. ҚР-да адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі маңызды шаралар қолданылуда.

  2. Осы мәселені реттейтін нормативтік актілер әзірленуде («ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-дың 2006 жылғы
    2 наурыздағы № 131 Заңы, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV Заңы, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 127-V Заңы; 2004 ж., 2006 ж., 2009 ж., 2012 ж., 2015 ж. – «ҚР Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі 2004-2005, 2006-2008, 2009-2011, 2012-2014, 2015-2017 жылдарға арналған
    іс-шаралар жоспары туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) ; 2012 ж. – ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы).

  3. Іс-шаралар жоспарын орындау үшін Адам саудасында қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері және Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары әзірленді.

  4. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ҚР Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады) өз қызметін жалғастыруда.

  5. 2014 жылы оның жұмысын жетілдіру мақсатында Комиссияның жұмыс органы болып ротация негізінде екі жыл кезеңділікпен ҚР ІІМ және ҚР Еңбекмині айқындалды (яғни адам саудасына қарсы күрестің екі негізгі бағыты – қылмыстық қудалау (ҚР ІІМ) және адам саудасының құрбандарын оңалту
    (ҚР Еңбекмині) үшін жауапты мемлекеттік құрылымдар).

  6. Осы санаттағы қылмыстар ауыр және аса ауыр санатқа жатқызылатынын және оларды ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтынын ескере отырып, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармалардың жанынан адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылып, жұмыс істейді, олардың құрамында жыл сайын елде
    (ІІМ Қарағанды Академиясының Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау оқу орталығында) және шетелде кәсіптік даярлықтан өтетін ең тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылады.

  7. Жыл сайын олар адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша 300-ден астам қылмыстық іс қозғайды.

  8. 2015 жылы ішкі істер органдары 345 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде:

ҚК-нің 116-бабы бойынша (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) – 1;

ҚК-нің 125-б., 3-б., 2-т. бойынша (адамды қанау мақсатында ұрлау) – 2;

ҚК-нің 126-б., 3-б., 2-т. бойынша (адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру) – 2;

ҚК-нің 128-б. бойынша (адам саудасы) – 41 ҚК-тің 134 б. бойынша (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 18;

ҚК-нің 135 б. бойынша (кәмелетке толмағандар саудасы) – 46;

ҚК-нің 308 б. бойынша (жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 36;

ҚК-нің 309 б. бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) – 199.


  1. 2016 жылы ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты қылмыстар бойынша 345 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде:

қанау мақсатында адам ұрлағаны үшін - 4;

қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін - 25;

адам саудасы үшін - 24;

кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін - 12;

кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін - 9;

жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін - 44;



жеңгетайлық және притондарды ұстағаны үшін - 228.

  1. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес сектор арасында орнатылған тығыз ынтымақтастықты да атап өткіміз келеді.

  2. Бүгінгі таңда ҮЕҰ өкілдері республикалық және өңірлік Комиссиялардың және Кеңестердің (адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге, сатуға қарсы күрес; әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі, гендерлік мәселе және отбасылық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі), ҮЕҰ консультациялық-кеңесші кеңестерінің, Балалар еңбегінің жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің және т.б. мүшелері болып табылады.

  3. Олардың көбісімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, аясында бірлескен профилактикалық шаралар жүргізіледі.

  4. 2-қосымшада 2007-2014 жылдарға адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша қозғалған қылмыстық істер саны туралы мәліметтер ұсынылған.

27-ұсыным

  1. Кәмелетке толмағандардың арасында қараусыздықтың және панасыздықтың алдын алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мақсатында білім беру жүйесінде 18 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (КБО) жұмыс істейді. Мұндай орталықтарда балалардың тәрбиесімен педагогтер мен психологтар айналысады. КБО-ларда ата-аналар мен балаларға БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер консультациялық-құқықтық көмек көрсететін отбасыны қолдау қызметтерінің, қоғамдық қабылдау бөлімдерінің, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылған.

  2. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жыл сайын
    6 мыңнан астам (2010 жылы – 6237, 2011 жылы – 4805, 2012 жылы – 5994, 2013 жылы – 6467, 2014 жылы – 6299, 2015 жылы – 7149) жасөспірім келіп түседі, олардың 5 мыңға жуығы (2010 жылы -5031, 2011 жылы -4001,
    2012 жылы -4960, 2013 жылы – 5254, 2014 жылы – 5418, 2015 жылы - 6397) қараусыздығы мен панасыздығы үшін.

  3. ҚР 1993 жылы ХЕҰ-ның мүшесі болып, ХЕҰ Жарғысына сәйкес олардың бірі балалар еңбегінің жаман түрлеріне тыйым салу болып табылатын негіз құраушы құқықтарға қатысты қағидаттарды сақтауға, оларға жәрдемдесуге және жүзеге асыруға міндеттенді.

  4. Осы мақсатта Қазақстан «Балалар еңбегінің жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» ХЕҰ-ның № 182 Конвенциясын ратификациялады.

  5. Қазіргі уақытта Қазақстанда бала еңбегін болдырмауға жеткілікті құқықтық база және аталған мәселе бойынша заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшін тетіктер жасалған, сонымен қатар балаларды балалар еңбегінің жаман түрлеріне тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделген.

  6. 2015 жылғы 23 қарашада жоғарыда көрсетілген Конвенцияның нормаларын толықтай көрсететін жаңа Еңбек кодексі қабылданды.

  7. ҚР еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі ҚР-да мәжбүрлі еңбекке тартуға және балалар еңбегінің жаман түрлеріне тыйым салу болып табылады (4-бап).

  8. Еңбек кодексінде балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартына отыруға рұқсат етілетін жас айқындалған.

  9. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
    2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі бекітілді. Аталған тізім кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 103 жалпы кәсіп пен жұмыс түрінен, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіптерінен тұрады.

  10. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясында» белгіленген тапсырмасын орындау үшін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық нормалардың тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған ҚР жаңа Қылмыстық кодексі шеңберінде балаларға қарсы қылмыс жасағаны үшін жазаны қатаңдату көзделген.

  11. Мәселен, жұмыс берушінің еңбек заңнамасын он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзғаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

  12. Бұдан басқа, Қылмыстық кодексте сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеті, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны және т.б. үшін өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды белгілей отырып жазалау мерзімдері едәуір ұлғайтылған.

  13. Сондай-ақ, 2015 жылғы 5 шілдеде қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР жаңа Кодексі шеңберінде еңбек саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық айтарлықтай күшейтілді. Атап айтқанда, жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  14. Еңбекмині Балалар еңбегінің жаман түрлерін жою жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі және мемлекеттік органдармен бірлесе іске асыруда.

  15. Осы жоспар шеңберінде ХЕҰ-мен бірлескен түрде балалар еңбегі жөнінде кешенді ақпарат алу мақсатында зерттеулер жүргізіледі. Балалар еңбегі жөніндегі жағдайды объективті және тәуелсіз бағалау үшін Еңбекмині осы зерттеулерді жүргізу туралы ХЕҰ-ға жүгінді.

  16. Сонымен қатар, балалар еңбегінің жаман түрлерінің профилактикасы және оларды жою бойынша жұмыс ҚР Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде іске асырылады (2015 жылғы 28 қаңтардағы № 23 ҚРҮҚ бекітілген).

  17. Балалар еңбегінің жаман түрлерін жою, сондай-ақ аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму (2016 жылғы 20 наурыздағы № 160), Білім және ғылым (2015 жылғы 20 наурыздағы № 133), Ішкі істер (2015 жылғы 27 наурыздағы № 269) министрліктерінің «Каникул кезеңінде ішкі істер есебінде тұрған 14 жасқа толған аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншысының жазбаша келісімі бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген жағдайда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.

  18. Мемлекет кәмелетке толмағандардың еңбегіне қойылатын заңнамалық талаптарды белгілеп, олардың сақталуын бақылайды.

  19. Еңбек инспекторлары жүргізген тексерулердің барысында
    2016 жылы жұмысқа кәмелетке толмаған балаларды тарту арқылы еңбек заңнамасын бұзудың 17 фактісі анықталды (Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қ.).

  20. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілер кәмелетке толмағандармен еңбек шартын жасаспайтынын, оларды ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімінсіз жұмысқа тартатынын анықтады.

  21. Барлық фактілер бойынша жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді және олар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

  22. ХЕҰ қолдауымен әрбір өңірде жыл сайын 1 және 12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.

  23. «Қазақстан балалары – Нұрлы болашақ» республикалық акциясының шеңберінде 2016 жылғы 1 және 12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» 11-ші Ұлттық ақпараттық науқаны (ҰАН) өткізілді.

  24. Ішкі істер органдарының, білім беру басқармасының өкілдерімен бірлесе, ҮЕҰ қатысуымен өңірлерде шұғыл-профилактикалық іс шаралар жүргізіледі. Ағымдағы жылы бірнеше рет «Балалар түнгі қалада», «Жұмыспен қамту» шұғыл-профилактикалық іс-шара-акциялары өткізілді.

  25. 2006 жылдан бастап Балалар еңбегiнiң жаман түрлеріне қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) және үкіметтік емес ұйымдардың («Қызыл Жарты Ай қоғамы», «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» АҚ, «Родник» Балалар және әйелдерге арналған
    әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры, «Қазақстанның балалар қоры» қоғамдық қоры, «Интеллектуалдық еңбек әйелдері одағы» АҚ, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі») өкілдері кірді.

  26. Балалар еңбегінің жаман түрлерін жою бойынша жұмыстағы елеулі нәтиже Қазақстанда темекі өсіруді балалар еңбегі пайдаланыла өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары тізімінен алып тастау болып табылады (ақпарат көзі: АҚШ Еңбек жөніндегі мемлекеттік департаментінің есебі).

  27. ҚР-да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге әсер етуші экономикалық тетіктерді қолдана отырып, балалар еңбегінің жаман түрлерін азайту тәжірибесі бар. Мәселен, «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы фермерлермен (шаруа қожалықтарымен) жасаған келісімшарттарында Алматы облысының темекі плантацияларында балалар және мәжбүрлі еңбекке жол бермеу шарттарын көздеген.

  28. Оңтүстік Қазақстан облысында да балалар еңбегінің жаман түрлеріне қарсы күрес бойынша ұқсас тетікті қолдану жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 8 аудандық (Мақтаарал, Сарыағаш, Қызылқұм, Отырар, Ордабасы, Бәйдібек, Кентау, Арыс) Білім бөлімі, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Оңтүстік Қазақстан облысы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, аумақтық кәсіподақтар, ОҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында Еңбекті заңсыз пайдалану фактілерін жою бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы меморандум жасалды.

28-ұсыным

  1. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік саясатты жетілдіру (2009-2011 жылдары зейнетақы мен жәрдемақыларды жыл сайын көтеру, бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақыларын, стипендияларды және т.б. көтеру) бойынша қолданылатын шаралар нәтижесінде, сонымен қатар экономикалық өсім нәтижесінде республикада соңғы жылдары табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халық үлесінің 2010 жылғы 6,5%-дан 2015 жылы 2,7%-ға дейін немесе іс жүзінде 2,5 есеге төмендеуінің оң серпіні байқалуда.

  2. Ұлттық экономика көрсеткіштерінің өсуі аясында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының өсуі байқалады, мәселен, соңғы алты жылда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2010 жылғы 38 779 теңгеден 2015 жылы 67 112 теңгеге дейін 1,7 есеге өскен.

  3. Табыс деңгейі бойынша қоғамның жіктелу процестері және халықтың экономикалық теңсіздігінің шамасы ең көп және ең аз қамтылған халық топтары табысының арақатынасын сипаттайтын саралаудың арнайы коэффициенттерінің көмегімен айқындалады. Солардың бірі 10% ең көп қамтылған халық пен 10% ең аз қамтылған халық табысының арақатынасын көрсететін қорлар коэффициенті болып табылады, ол 2001 – 2015 жылдар аралығында 1,6 есеге қысқарып, 5,6-ны құрады.

  4. Кедей халықтың неғұрлым нақты сипаттамасын алу үшін сондай-ақ кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштері пайдаланылады. Кедейліктің тереңдігі 2001 жылдан 2015 жылға дейін тиісінше 14,8%-дан 0,3%-ға дейін
    (49 есеге), кедейліктің өткірлігі 6,5%-дан 0,1%-ға дейін (65 есеге) төмендеді.

  5. Табыс тобының децильдік (10%) интервалымен Джини индексінің мәні 1,3 есеге: 2001 жылғы 0,366-дан 2015 жылы 0,278-ге дейін қысқарды, бұл елеулі теңсіздікті, яғни қалыпты теңсіздікті сипаттайды.

  6. Осылайша, ҚР әлеуметтік дамуын сипаттайтын негізгі макрокөрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы мәнде ұлғаю серпінін көрсетеді.

  7. Жоғарыда аталған көрсеткіштер кедейлік масштабын қысқарту мақсатындағы ҚР қабылдайтын шаралардың нәтижесін көрсетеді. Мәселен, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» (2002 жыл) ҚР Заңының қабылдануымен Заң іске асырылған он жылда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 41 есе, оны көрсету шығыстары 10,9 есе қысқарды
    (2016 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 28,8 мың адамды, бұл ретте шығыстар 842,3 млн теңгені құрады).

  8. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы енгізілген кезден бері 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылардың саны 1,3 есе азайған. 2016 жылы барлығы 11,3 млрд. теңгеден астам сомаға 576,1 мың бала жәрдемақының аталмыш түрімен қамтылды.

  9. Аз қамтылған азаматтарға пассивті шаралармен қатар 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен 60 % болған кезде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасаған адамдар үшін шартты ақшалай төлемдерді енгізу бойынша Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Өрлеу» жобасы шеңберінде табысты іске асырылып жатқан оларды еңбек қызметіне тартуға жағдайлар жасау жөніндегі белсенді ынталандыру шаралары қолданылады.

  10. Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сыналуда, сонымен қатар 2015 жылғы 1 шілдеден жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағы 38 пилоттық аудан енгізілді. 2016 жылдан бастап АӘК көрсету бойынша жаңа тәсілдерді енгізу пилоттық режимде барлық өңірлерде іске асырылуда.

  11. 2016 жылы 38,8 мың адамға жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына 8,7 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының жалпы қатысушылары санының 90,5 %-ы тартылды, пилоттық жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы жобаға қатысқанға дейінгі сәттен бастап 2 еседен аса өсті.

  12. 5-қосымшада кірістердің теңсіздігі туралы 2010-2015 жылдарға статистикалық ақпарат берілген.

29-ұсыным

  1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)
    15-бабына сәйкес жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiк иесiне оның тұрғын үйi бұзылғанға дейiн өз таңдауы бойынша меншiгiне жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.

  2. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiнен алынбайды. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiне өтеледi.

  3. Заңның 106-бабының 4-тармағына сәйкес бұзылатын үйде кемiнде 15 жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.

  4. Аталған Заңның 106-бабының 5-тармағына сәйкес тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиіс.

  5. Заңның 116-бабына сәйкес жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда тұрғын үйдi бұзушы құрылыс салушылар мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғын үй-жайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесiндегi жаңадан салынған тұрғын үйлерден меншiгiне (жалға) тұрғын үй беру туралы шарт жасалуы мүмкін.

  6. Бұл жағдайда құрылыс салушы меншiк иесiне (жалдаушыға) Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi орналасқан үй-жайларды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.

  7. Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн. Тұрмысқа жайлы тұрғынжай берiлгенге дейiн көшiрiлуге тиiстi азаматтар осы елдi мекенде орналасқан әрi санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетiн уақытша тұрғынжайларға (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғынжайға ақы төлеу жөнiндегi шығыстар құрылыс салушыға жүктеледi. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, құрылыс салушы соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.

  8. Заңның 119-1-бабына сәйкес ҚР астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға Заңда өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.

  9. Шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғынжайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

  10. Заңның 8-бабына сәйкес азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.

  11. Біріккен Ұлттар Ұйымының жеткілікті дәрежедегі тұрмыс деңгейі құқығының компоненті ретінде жеткілікті тұрғын үй туралы, сондай-ақ кемсітпеушілік құқығы туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Р. Рольниктің ҚР-ға сапары (2010 ж.) қорытындысы бойынша ұсынымдар, оның ішінде мәжбүрлеп көшіруден қорғауды қамтамасыз ететін Заңды әзірлеу жөнінде ұсынымдар берілді.

  12. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарды ҚР-дың аумағындағы жалғыз тұрғынжайына меншік құқығы мәжбүрлеп тоқтатылған кезде жылыту маусымында тұрғынжайдан шығаруға тыйым салуға қатысты өзгерістер енгізілді (2014 жылғы 29 желтоқсан).

жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау