ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................
КІРІСПЕ
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 2-ші қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда өнеркәсіп саласының көздеген мақсатқа жетуде атқаратын рөлі ерекше.
Кез-келген елдің экономикалық өмірінде өнеркәсіп сияқты материалдық өндіріс саласы үлкен рөл атқаратыны барлығына мәлім. Сондықтан оның динамикалық дамуындағы қозғалысын тұрақтандырудағы ел үшін тиімді бағытты таңдау кез-келген ұлттық экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Өнеркәсіптің ішінде болып жатқан дезинтеграция және басқа да жағымсыз тенденциялар процесіндегі шикізаттық және өңдеуші салалардың ерекше дамуы нәтижесінде салалық құрылымда прогрессиялық «қиындық» туып отырған Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дағдарыстық жағдайы Қазақстан Республикасының экономикасын реформалауының баяулатып және тиімді нарықтық жүйе құру мүмкіндігін төмендетуде.
Сонымен қатар ұзақ уақыттық даму перспективалары және реформалау әдістемелері мен формаларын анықтау, Қазақстан өнеркәсібінің техника-технологиялық жағдайына көп көңіл бөлу қажеттілігі мемлекеттің сәйкес келетін ұлттық өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруды меңзейді, өйткені бұндай саясаттың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің динамизмін қамтамасыз ететін мүмкін емес.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өнеркәсіп саласын жеделдетіп дамыту және оның тиімділігін жоғарылату, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өнеркәсіптік секторлардың үдемелі дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |