«Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет46/51
Дата22.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#43050
түріКонспект
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
3.-геохимии-и-экогеохимии-каз

Бақылау сұрақтары: 
1. Экологиялық-геохимиялық зерттеулерді неше негізгі сатыға бөлуге болады?
2.Қандай жұмыстардан зерттеулерді бастайды?
3 Орташа масштабты жұмыстардың негізгі мақсаты не?
4.Режімдік жұмыстар қандай территорияларда өткізіледі?
5.
 
Аквальді жүйенің аясында экогеохимиялық зерттеулерді жүргізудің негізгі 
ерекшеліктері?
6. Қоршаған ортаның ластануына халықтың жағымсыз реакцияларын 
зерттеулерінің негізгі сипаттамасы? 
Тақырып 2.8. Сынамаларды іріктеу және өңдеу әдістемесі. 
Жоспар: 
1. Жалпы қағидалар. 
2. Литохимиялық сынамалау 
3. Биохимиялық сынамалау 
4. Гидрохимиялық сынамалау 
5. Сынамаларды талдауға дайындау 
5. Есептілік 
1. Жалпы қағидалар.
Қоршаған орта жағдайын сапалық және сандық бағалау кезінде 
экологиялық-геохимиялық зерттеудің барлық сатыларында сынамаларды 
іріктеу жүргізіледі. Сынамаларды бөлінетін геохимиялық ландшафттардың 
орталық бөліктерінде және олардың ауысу аймақтарында іріктеу қажет. 
Ландшафтылы-геохимиялық жағдайлар өзгерген (кедергілер пайда болған) 
жағдайда, камералды жолмен жасалған картада белгіленбеген ландшафттарды 
анықтау жағдайныда, мүмкін ластануы бар аймақтар болған жағдайда 
сынамаларды іріктеудің жоспарлы нүктелерінің арасындағы қосымша 
сынамалау жүзеге асырылу керек. 
Соңғы сынамалауды жалпы сынамалар мөлшерінің 3-5% көлемінде 
жүргізген дұрыс. Ең алдымен анықталатын кешенді геохимиялық аномалиялар, 
геохимиялық кедергілер және әдістердің бірімен аномалиялары анықталған 
учаскелер зерттеледі. Сонымен қатар, анықталатын элементтерінің фондық ... 
бар учаскелерге міндетті соңғы сынамалау жүргізілу керек. Жүргізілген 
зерттеудің мәліметтері бойынша %-қ қателікті есептейді және сынамалаудың 
сапасын тексереді. 
Сынамаларды іріктеумен бірге және бағытжолдың бойында ауданның 
ландшафтылы-геохимиялық ерекшеліктерін сипаттаумен бірге, стандартты 
далалық кітапшада сынамаларды іріктеуді далалық құжаттау жүргізіледі. 


54 
Барлық жазбалар далада қара қарындашпен жазылу керек. Сынамаларды 
ірікету нүктелеріндегі және олардың арасындағы бғатыжол бойынша 
суреттемелер түсті химиялық емес қарындаштармен жасалуы мүмкін.
Түрлі бағытжолдарда іріктелген барлық сынамалар лито-, био- және 
гидрохимиялық сынамалаудың арнайы журналдарында күнделікті тіркелу 
керек.
Далалық жұмыстардың басталуына дейін сынамалаудың далалық 
кітапшалар мен журналдардың беттері нөмірленеді. Далалық кітапшаларда 
жазбаларды өшіргішпен тазартуға және өшіруге, парақтарды жабыстыруға 
және тегістеуге тыйым салынады. Ерекше жағдайда ғана бір жұқа сызықпен 
жазбаларды сызуға рұқсат етіледі және жұмыстарды міндетті орындаушының 
қолымен міндетті түрде куәландырылу керек. 
Далалық кітапшадағы барлық жазбаларды жасақ жетекшісі жүйелі түрде 
тексеру керек және қол қою керек.
Әрбір бағытжол күнінен кейін, далалық кітапшаларда сипатталған, 
барлық ботаникалық, топырақ, геоморфологиялық және геологиялық 
ерекшеліктерді жеке картаға салған дұрыс. Бұл карта ластану аймақтарының 
деңгейін нақтылауда, ластану көздерін анықтауда зор көмегін тигізуі мүмкін. 

жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау