52
Радиоактивті элементтер де ластаушылардың қатарында. Олар табиғи
радиоактивтілік кезінде: уран кендерін шығару
және реакторларды пайдалану
кезінде және атом жарылыстарының нәтижесінде келіп түседі.
Табиғи радиоактивтілік атмосфераға тән, ол табиғатта тұрақты болады
және адамның әрекетіне тәуелсіз. Тірі ағзалар оған бейімделген, оның қандай да
бір зиянды салдары жоқ.
Радиоактивті заттарды шығару және ядролық қондырғылар мен
қозғалтқыштарды пайдалану кезінде атмосфераға түсетін радиоактивті заттар
белгілі мөлшерде қауіп төндіруі мүмкін. Атом
және сутегі бомбаларының
жарылыс кезінде үлкен мөлшерде ластанады. Атомдық жарылыс кезінде
түзілетін изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдері әртүрлі. Соның ішінде 2
изотоп- Sr-90 (Т=25 жыл), Cs-137 (Т=33 жыл) жоғары қауіп төндіреді. Олар жер
бетіне шөгіп, өсімдіктер арқылы сиыр сүтіне, одан соң адам ағзасына түседі.
3.3. Қышқыл жаңбырлар
.
Ауаның қышқыл түзуші шығарындылармен ластануы адам ағзасына да
әсер етеді. Жүрек-қантамыры ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін, SO
2
тыныс алу аса қауіпті, өкпе ісінуі пайда болуы мүмкін. SO
4
2-
және SO
2
канцерогенді заттарға ие болғандықтан (канцероген – адамда, жануарда немесе
өсімдікте қатерлі ісі (рак) тудыра алатын зат). Қайғылы лондон тұманында 1952
ж. 4 мыңнан астам адам болды.
SO
2
тыныс
жолдарына өтіп, гемоглобинмен әрекеттеседі және
респираторлық астматикалық жүрек-қантамыры ауруларын тудырады. Осы
себептен 1972 ж. ақпанда Жапонияда 70 мың астам адам науқастанды.
3.4. Шу.
Қалалардағы шулы ластану күрт артты. Шу адамды өндірісте, далада,
үйде мазалайды. Шу көздері кейбір кәсіпорындар, көлік, механизмдер, көшені
жөндеуші бульдозерлер, радио және т.б. Кейбір зауыттардың (мысалы, ...)
жұмысшыларында қорғаныс құрылғылары болмағанда есту мүшесі
зақымдануы мүмкін.
Шипажайлардағы, жағажайлардағы, демалыс үйлеріндегі негізінен радио
дыбыстарымен ортаның шумен ластануы, бұл
орындарға адамдардың кейбір
бөлігінің демалуына тыйым салуға әкелді.
Шу физиологиялық қызметтерді реттеу үрдістеріне және ең бастысы
жүрек-қантамыр жүйесіне өте зиянды әсер етеді.
3.5.Смог
Смог – улы тұман (Pb үлкен мөлшері қосылған күйе шығарындылары),
тұманның зауыттардың түтінімен және автокөліктердің шығарындыларымен
қосылуынан пайда болады. Смог түзілген кезде ауада жағымсыз иіс пайда
болады, көру мүмкіншілігі күрт төмендейді. Смогқа мүмкіндік тудыратын
метеорологиялық жағдайларда (жел
мен жаңбырдың болмауы, t
0
инверсиясы
(өзгеруі) зиянды заттардың концентрациясы тез артады. Сонымен қатар
адамдардың хал-жағдайы нашарлайды, респираторлық және өзге аурулар саны
күрт артады, тұмау эпидемиялары пайда болады. Нашар көру мүмкіншілігінен
көлік қозғалысы тоқтайды дерлік. Смогтың басты құрамдас бөлігі SO
2
(улы
күкіртті газ) болып табылады, ол жоғары тыныс жолдарының ауыруына,
53
бронхит, диспепсиялық бұзылуларды тудырады. Смогтың 2 түрі бар:
лондон
және лос-анжелес, оны «фотохимиялық смог» деп атайды (көздің, мұрынның
шырышты қабатының, тамақтың тірікенуін, тұншығу симптомдарын және т.б.
тудырады). Үй жануарлары мен өсімдіктер де зардап шегеді.
Достарыңызбен бөлісу: