«Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет48/51
Дата22.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#43050
түріКонспект
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
3.-геохимии-и-экогеохимии-каз

3. Биохимиялық сынамалау 
Жұмыстар ауданының биогеохимиялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша 
арнайы тапсырма болмағанда, ауданда кең таралған өсімдіктерді 
биогеохимияық сынамалаған дұрыс. Әдетте олардың саны бестен аспау керек. 
Ал егер мүмкіндік болса, ауданның барлық жерінде өсетін 2-3 өсімдік 
тңдалады. 
Әр нүктеде өсетін барлық өсімдік сынамаланады. Әр өсімдік жеке 
сынаманы құрайды. Шөптекті өсімдіктерді зерттеу кезінде, олардың төменгі 
жапырақтары мен сабағының төменгі бөлігін алмай, олардың жер бетіндегі 
бөлігін толығымен алған дұрыс. Көп жылдық бұталар мен ағаштарды зерттеу 
кезінде өсімдіктердің бір бөлігін ғана (жапырақтары, соңғы жылдың өсімі, көп 
жылдық өркендері, қабығы) сынамаға алған жөн. Ыңғайлылық үшін 
ағаштардың бұтарқтарының төменгі қатарлары ғана зерттеледі.
Биогеохимиялық сынамалар жай (бір өсімдік немесе оның алдын ала 
анықталған бір бөлігі алынады) әне құрамды болуы мүмкін. Соңғы жағдайда 
сынама үшін, ауданы 60 м
2
дейін, өсімдіктің бір түрі ғана немесе оның белгілі 
бір бөлігі іріктеледі. 
Биогеохимиялық сынамалардың салмағы әдетте жасыл өсімдіктердің 
шикізатының 20-30 г құрайды. Күлділігі жоғары өсімдіктерді сынамаға іріктеу 
жағдайында салмақты 10-15 г дейін қысқартуға болады. 
Сынамаларды іріктеу үшін пышақтар, бақша қайшысы, бұтақ кескіш 
пайдаланылуы мүмкін. Ағаштар мен бұталардың жапырақтарын қолғап киіп
қолмен іріктеген ыңғайлы. 
Барлық биогеохимиялық сынамалар далалық жағдайларда құрғатылуы 
тиіс. Жаңбыр кезінде және түнгі уақытта олар арнайы жерге (шатырға) алыну 
керек. 
4. Гидрохимиялық сынамалау 
Аквальды ландшафттарды зерттеу кезінде өзендерден, каналдардан, 
бөгендерден және табиғи, жасанды суқоймалардан су сынамаларын іріктеу 
жүргізіледі. Сынамалар арнайы сынама іріктегіштермен судың бетінен, 
сонымен қатар судың түпкі және ортаңғы қабаттарынан іріктеледі. Арнайы 
жабдықтардың көмегімен сынамалар іріктелуі мүмкін. 
Сынаманың көлемі белгілі бір компоненттерге және олардың 
концентрациясын белгілеу әдісіне тәуелді. Жеке жағдайларда жалпы талдауға 
концентраттар немесе судың концентраттары мен сынамалары зертханаға 
жіберу үшін іріктелуі мүмкін. Судың сынамалары шыны немесе пластмассалық 
ыдыстарға іріктеледі, олар алдын ала арнайы дайындалады және тығындармен 
жабылады. Зертханада талдауға іріктелетін сумен шайылады. Алдымен рН 


56 
мөлшері анықталады, одан соң Cu, Zn, Pl, Ni, Co, U, Ra болуы анықталады және 
тұз қышқылымен (H
2
O 1 л-не 3 мл) тотықтырады. Ал Hg, Ag анықтау үшін 
талданатын сынамаларда H
2
SO
4
(H
2
O 1 л-не 3 мл) қышқылы «спектрлі таза» 
болу керек.

жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау