Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет80/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   192

      құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi 
тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – заңсыз берiлген минералдық және биологиялық 
ресурстар құнының он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз пайызы 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
 
      1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнаманың талаптарын орындамау –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу анық емес 
экологиялық аудиторлық есеп жасауы –
 
      жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Экологиялық аудит жүргiзу барысында тексерiлетін тұлғаның анық емес экологиялық 
аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан көрiнеу анық емес немесе толық емес ақпарат беруi –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айыра отырып, 
жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін
 
                бұза отырып таңбаланған уылдырығын не
 
                таңбаланбаған уылдырығын өткізу
 
      1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған 
уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
 
      таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін 
уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
– алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір 
жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін 
уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бір жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды
 
                орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және
 
                заңды тұлғалардың анық емес деректерді ұсынуы
 
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер 
көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау 
жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша 
есептерді әзірлеу кезінде анық емес деректерді ұсынуы –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бір жүз алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға ірі 
залал келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл 
әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
 
      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      22-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
 22-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ МЕН ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ, АСТЫҚ 
НАРЫҒЫ МЕН АСТЫҚТЫ САҚТАУ, МАҚТА САЛАСЫ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ 
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ 
ЖӘНЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК 
ТАУАРЛАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ 
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      400-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
 
                  саласындағы заңнамасын бұзу
 
      1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық 
талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
 
      1) карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық 
талаптарға сәйкес келмейтін, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелу;
 
      2) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық 
сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын 
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
 
      3) қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау 
фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі 
жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
 
      4) Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып, Қазақстан 
Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды 
жүзеге асыру;
 
      5) карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;
 
      6) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма 
үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізбеу;
 
      7) отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері 
алынғанға дейін пайдалану;
 
      8) отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама 
нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтамау;
 
      9) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық 
мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық 
мақсатта пайдалану;
 
      10) қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық 
өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді 
тасымалдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізбеу;
 
      11) карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде 
уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау