лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
8.
Алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
9.
Алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі
комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық
туралы заңнамасын бұзуы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың
сандық және сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық
иесінің астық сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
402-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015
№ 424-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру және қызметтер көрсету
кезiндегi бұзушылықтар
1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұза отырып,
тұқымдарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау және пайдалану жөнiндегi қызметтi:
1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
2) егер тұқым мемлекеттік сорттық сынаудан өтпеген сортқа жататын болса, ауыл
шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
3) егер тұқым Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген, Селекциялық
жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген немесе Қазақстан Республикасында
перспективасы жоқ деп танылған сортқа жататын болса, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
4) аттестатталған элиталық тұқым өсiру және тұқым өсiру шаруашылықтарында сорттық
және егу сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
5) тұқымдардың егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу)
үшін пайдалану;
6) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу
(отырғызу) үшін өткізу және пайдалану;
7) сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатында олардың өндірісін қамтамасыз ету
үшін сорттардың бірегей тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау;
9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі
бойынша есепке алуды, олардың сорттық және егу сапасын есепке алуды жүргізбеу;
10) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және
өтпелі қорларын жасау түрінде жүзеге асыру –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он
жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынамалауды жүргізу жөнінде
қызметтер көрсететін сынамалаушылардың, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды
тұлғалардың тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын сараптауды бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ сынамалаушылар мен тұқым
сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын
бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
– отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға,
аттестатталған тұлғаларға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге
асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы
жүргізбеу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау
туралы заңнамасын бұзу
1. Фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен
фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық
шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мынадай:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін
арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) берушілер (өндірушілер, импорттаушылар,
сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы
химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының
болмауы;
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз
болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) герметикалығын қамтамасыз етпейтін және
қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластану мүмкіндігін жоққа
шығармайтын ыдыстарда сақтау;
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған кезде
полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің
(улы химикаттың) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
Достарыңызбен бөлісу: |