Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет77/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   192

      1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, 
жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық 
және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын 
бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен 
шағылыстыру –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да
 
                объектiлердi орналастыру, жобалау және салу,
 
                өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк
 
                құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау
 
                құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа
 
                да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен
 
                жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
 
      Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, 
кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік 
процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау 
құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде 
өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи
 
                аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн
 
                бұзу
 
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи 
парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына 
арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы –
 
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi
 
                бүлдіру немесе жою
 
      Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, 
артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар 
мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, 
тұрақты орман тұқымы учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі 
ағаштар мен бұталарды бүлдіру немесе жою –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң
 
                аулау қағидаларын бұзу
 


      1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану 
талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір 
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық –
 
      жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау 
құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не 
аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 
жасалған әрекет –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке 
тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге 
айыруға әкеп соғады.
 
      383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да
 
                су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
 
        1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су 
жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық 
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – 
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, 
тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау 
қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа 
да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ 
өрескел бұзу –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе 
онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе 
онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген 
құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау