Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет78/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   192

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 
№ 376-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын
 
                қорғау, өсімін молайту және пайдалану
 
                саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
 
      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану 
саласындағы заңнаманың талаптарын:
 
      1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру;
 
      2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен 
қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
 
      3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы 
фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану;
 
      4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар 
мен құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану;
 
      5) су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдану;
 
      6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму;
 
      7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз 
етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу;
 
      8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер 
төндіретін техника мен технологияларды қолдану;
 
      9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау 
және оларда көму;
 
      10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, 
мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің 
сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған 
бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
 
      1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
 
      1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
 
      2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
 
       3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығының су 
айдындарында жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды 
қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет белгілері болмаса, – 
 
      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу 
құқығынан айыруға әкеп соғады.
 
      386-бап. Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау
 
                қағидаларын бұзу
 


      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi 
органдары белгiлейтін жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш
 
                қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман
 
                соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес
 
                аумақтарды қоқыстау
 
      1. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман 
соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      388-бап. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен
 
                мерзімдерін бұзу
 
      1. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      389-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін,
 
                олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз
 
                иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау
 
                (ұстау)
 
      1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе 
дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) –
 
      жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, 
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, 
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
 
                және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін
 
                бұзу
 
      1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу –
 
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау