334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы
нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді
және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың
жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін
автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
335-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы
бұзу
1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және
реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа
да объектiлердi пайдалануға
қабылдау –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және
реконструкцияланған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап
қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау
және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды
сақтамау
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген
қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және
өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi
талаптарды сақтамау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
337-бап. Жердi бүлдiру
1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола
жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату
немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен,
өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және
радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе
өзге де
қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты,
бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына
немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз
пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану
жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
1) жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі
іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді
орындамауы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына
сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі
міндеттерді орындамау
Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге
келтіру жөніндегі
міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер
учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты
жасыру
Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi
туралы
ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту –
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және
бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы
бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің
сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және
топырақты бонитирлеуді жүргізуге;