Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет68/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   192

      2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және 
беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың 
(сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
 
      3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің 
пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
 
      4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-
қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және 
ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық 
элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын 
төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
 
      5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі –
 
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 20-тарау 317-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 
№ 366-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
 
                  және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де
 
                  нормативтік және нормативтік құқықтық
 
                  актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және
 
                  құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник
 
                  жұмыскерлерді аттестаттау
 
      1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің 
талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник 
жұмыскерлерді аттестаттау –
 
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 20-тарау 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 
№ 366-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және
 
                пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу
 
      Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза 
отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген 
тәртібін бұзу –
 
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 318-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      319-бап. Заңсыз құрылыс
 
      Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе 
тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу –
 


      заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не 
онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      320-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 07.04.2016 
№ 487-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына
 
                үлестік қатысу туралы және тұрғын үй
 
                қатынастары саласындағы заңнамалық актісінің
 
                талаптарын бұзу
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй 
құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінде құрылыс салушы, жобалау компаниясы 
туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-
ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық 
емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы –
 
      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен 
есептілікті ұсынуы –
 
      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік 
жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) -
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы 
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер 
(әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, 
әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
 
      үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру 
жөніндегі қызметке арналған лицензияның қолданысын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата 
тұруға әкеп соғады.
 
      5. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген 
жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және 
(немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      6. Кондоминиум объектісін басқару органының кондоминиум объектісін басқару 
жөніндегі тоқсан сайынғы есеп беру мерзімдерін бұзуы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      7. Осы баптың бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаға – он, заңды тұлғаға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау