Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет44/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192

      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші 
деңгейдегі банк түсініледі.
 
      226-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)
 
                ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
 
      1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмше басшысының тарату комиссиясы қызметiне 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге 
кедергi келтiруi –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының 
сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес 
есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және 
одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан 
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген 
есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      227-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      227-бап. Қабылданған және (немесе) шектеулi ықпал ету
 
                шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi
 
                орындамау, уақтылы орындамау
 
      1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк 
конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкiнiң, банк 
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және 
(немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын 
қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз елу 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру 
холдингiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобы 
құрамына кiретiн заңды тұлғалардың, актуарийдiң, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, 
инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi 
қатысушыларының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне сәйкес 
келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң, арнаулы 
қаржы компаниясының, исламдық арнаулы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың, 
микроқаржы ұйымдарының өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген 
мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз тоқсан, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      3. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының 
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген мерзiмде орындамауы –
 
      жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      228-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және
 
                сақтандыру қызметi туралы заңнамасында
 
                белгiленген талаптарды бұзу
 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру 
(қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 
қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сондай-ақ 
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) 
белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді немесе өзге де 
сұратылатын ақпаратты ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай 
ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру 
(қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 
қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сондай-ақ 
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) 
белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың анық емес, сол сияқты толық емес 
есептілікті, мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты ұсынуы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi 
мемлекеттік органға есептілікті не «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты 
уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы не анық емес құжаттарды ұсынуы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу 
үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне оны ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы – 
 
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобы бас ұйымының Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) 
сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он 
екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
 
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру 
брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының 
сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзып жүзеге асыруы –
 
      мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының 
жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде елу және екі мыңнан аспайтын 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан 
Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұзып жүзеге асыруы –
 
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және 
сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауланған бөлiмшесiнiң 
орналасқан жерiнiң өзгергенi немесе атауының өзгергенi туралы уақтылы хабарламауы –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау