Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет41/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   192

       9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 
 
      заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген 
сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты 
қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау 
кезінде міндеттерін орындамауы –
 
      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес 
келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
 
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, 
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асыруы –
 
      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық 
қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның 
қолданылу шарттарын бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен
 
                алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
 
                және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
 
                туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен 
алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-
қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi 
туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және 
бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды 
жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды 
қорғау бөлігінде бұзуы –
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге 
асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді 
орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен 
алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-
қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының өз клиенттері мен өзге 
де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы 
хабарлауы –
 
      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған әрекеттер 
(әрекетсіздік) -
 
      алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданысын 
тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не 
олардан айырып, немесе үш айға дейінгі мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, 
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, адвокаттарға, нотариустарға, дара 
кәсіпкерлерге – төрт жүз, тауар биржалары, бухгалтерлік қызмет көрсету саласында 
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банк болып 
табылмайтын электронды ақша жүйесі опреаторларына, ойын бизнесін және лотореяны 
ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – екі мың айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 
№ 343-V
 Заңымен (01.04.2016 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      215-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін
 
                қалыптастыру тәртібін бұзу
 
      1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі 
бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзуы, егер қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда, –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, 
шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын 
талаптарды бұзуы, егер банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымы 
анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде 
жоймаған жағдайда, –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік
 
                инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі
 
      1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес 
үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде 
көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік 
инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
 
      лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып 
табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау