2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын
деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмеген бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды
тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен
бастап он жұмыс
күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес
жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға
жатпайды.
Ескерту. 238-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
239-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
заңнамасын бұзуы
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық
есептiлiк туралы заңнамасын:
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын
iс-әрекет белгiлерi болмаса;
2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына),
тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк
бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне
сәйкес оларға, қаржылық есептілік
депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну,
қаржылық есептiлiктi
ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз
ұсынбау;
3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын
деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын
бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз,
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз,
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы
компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму
Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде
көрсетпей
жүргізуі –
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік
көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы
компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму
Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан
Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген
талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі –
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ
айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан
аспайтын мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау
жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін
бұзуы
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың
Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 239-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар
тұлғалардың iрi залал келтiрмей жария етуi –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу –
заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде
қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының
пруденциялық нормативтердi және (немесе)
сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен
лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептілікте қамтылған көрсеткіштерді не
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған
пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен
лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы
мiндеттi өзге де нормалар
мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп
рет) орындамауы –