Ескерту. 851-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
47-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ
КҮШIНЕ ЕНГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШАҒЫМДАРДЫ, НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ
ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР
БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ
852-бап. Қайта қарау негіздері
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар және шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша
қайта қаралуы мүмкін.
2. Қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес,
іс үшін маңызды мән-жайлар;
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, заңсыз не негізсіз қаулы
шығаруға әкеп соққан куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған
қорытындысы, көрінеу дұрыс емес аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың,
құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған,
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске
қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің
қылмыстық әрекеттері немесе
судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе
қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін
жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық
емес деп тануы негіздер болып табылады.
853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
қаулыларды және оларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша
қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша
қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар
(лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұл шешімді шығарған
сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) қаулыларын қайта қараған және оны өзгеріссіз
қалдырған жағдайда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді
шығарған сот жүзеге асырады.
854-бап. Арыз беру
1. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік
жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері
немесе прокурор
қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар қаулыны жаңадан ашылған мән-
жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болған мән-жайлар
анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.
855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
1. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша
нысанда не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық
құжат нысанында
беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
2) арыз беруші тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және
(немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар бар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы,
орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні,
телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер олар бар болса);
3) арыз иесі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхат
берген
актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; осы актінің
қабылданған күні;
4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-
жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз
берушінің пікірі бойынша қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы
мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызға:
1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген қаулының көшірмесі;
3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері
жіберілгенін растайтын құжат;
4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат
қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 855-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс
жүргізуіне қабылдау
1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның
(лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік
ішінде шешіледі.
3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау
бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
857-бап. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта
қарау туралы арызды қайтару
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс
жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыздың осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып
берілгенін;
2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына
келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін
қалпына келтіруден бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз
берушіге қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын
қайтарып береді.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның
шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
858-бап. Арыз беру үшін мерзімді есептеу
Арыз беру үшін мерзім: