Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет181/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   192

      2. Осы Кодекстiң 603-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды әкiмшiлiк 
қамаққа алуды орындау орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, іс бойынша iс жүргiзуге 
байланысты процестік шығындарды, сол сияқты осы тұлғалардың әкiмшiлiк қамаққа алуды 
орындау кезiнде қандай да бір жұмыстарды орындағаны үшiн жалақысын әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) 
заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жататын сомалардан 
шегерiп тастауға болмайды.
 
      3. Осы Кодекстiң 823-бабында көрсетілген құжаттардың көшiрмесiн зиянды өтеу 
тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде, осы Кодекстiң 862-бабының екiншi және 
үшiншi бөлiктерiнде аталған тұлғалар iстi тоқтату, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою 
немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянды 
өтеу туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) 
немесе сот тоқтатса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды 
адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот тоқтатса, зиянды өтеу 
туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмаған адам ақталған 
жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады.
 
      4. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың екiншi бөлiгiнде 
көрсетілген орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және 
әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисапты сұратып ала отырып, зиянның мөлшерiн 
айқындайды, содан кейін инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жүргізу туралы 
қаулы шығарады. Егер iстi сот тоқтатса, көрсетілген әрекеттердi iстi қараған судья 
жүргiзедi.
 
      5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жүргізуге мiндеттi 
органдарға беру үшiн тұлғаға тапсырылады немесе жіберіледі. Төлем жасау тәртiбi 
заңнамада айқындалады.
 
      866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою
 
      1. Тұлғаны ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян 
үшiн одан жазбаша нысанда ресми кешiрiм сұрауға мiндеттi.
 
      2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай түрде өтемақы туралы талап қою 
азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беріледі.
 
      3. Егер тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер 
баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары 
арқылы таратылған болса, онда осы тұлғаның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған 
жағдайда – оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық 
ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабар жасауға мiндеттi.
 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган 
(лауазымды адам) осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің 
заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарды он тәулік ішінде олардың 
жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жiберуге мiндеттi.
 
      867-бап. Талаптар қою мерзiмдерi
 
      1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жүргізу туралы талаптарды осы 
Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалар осындай төлемдер жүргізу туралы қаулыны алған 
кезден бастап бiр жыл iшiнде қоюы мүмкін.
 
      2. Өзге де құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру 
тәртiбi түсiндiрiлетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
 
      3. Осы мерзiмдер дәлелдi себептермен өткiзiп алынған жағдайда, бұлар мүдделi 
тұлғалардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген органның (лауазымды адамның) қалпына келтiруіне жатады.
 
      868-бап. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу
 


      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның 
(лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды мемлекет 
толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмдерде қалпына келтіруге тиіс.
 
      869-бап. Құқықтарды талап қою тәртiбімен қалпына келтiру
 
      Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не тұлға 
қабылданған шешiммен келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгiнуге 
құқылы.
 
   49-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН 
ИММУНИТЕТТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
      870-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутатына
 
                қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
 
                бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде 
Қазақстан Республикасы Парламентiнің тиiстi Палатасының келiсуiнсiз күштеп әкелуге, сот 
тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
 
      2. Депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк 
жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас 
Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам депутаты болып табылатын Қазақстан 
Республикасы Парламентiнiң тиісті Палатасына ұсыну енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) 
мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
 
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы 
Парламентiнiң тиісті Палатасының шешімі «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның 
депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында 
белгіленген мерзімдерде шығарылады.
 
      4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот 
тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға келiсiм 
берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, 
осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 
      5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы күштеп әкелуге 
келiсiм берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз 
етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен 
шешiледi.
 
      6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот 
тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға келiсiм 
бермеген жағдайда, іс бойынша iс жүргiзу осы негiзбен тоқтатылуға жатады.
 
      7. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы күштеп әкелуге 
келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге де шаралары қолданылады.
 
      8. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сот тәртiбiмен 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан 
Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
 
      871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне
 
                кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің
 
                депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық
 
                бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары
 
                мен тәртібі
 
      1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің 
депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау