Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет175/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   192

      4. Шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) немесе судья өз өкілеттіктері шегінде 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге 
тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар 
қолдануға міндетті.
 
   45-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН 
ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ 
     Ескерту. 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен 
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру құқығы
 
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы 
Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-
ақ прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
 
      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына 
жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
 
      3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты 
құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым 
жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік 
фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.
 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған 
қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) 
орналасқан жері бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк 
сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым жасалуы, наразылық 
келтірілуi мүмкiн.
 
      5. Осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың жоғары 
тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны 
мәні бойынша қарауға және шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
 
      831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                  қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру тәртiбi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы 
шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, ол шағым, наразылық түскен 
күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, 
жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
 
      2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-
бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда, сот 
отырысы хаттамасынан фактінің анықталған бөлігінде үзінді көшірмені сот қаулыға қоса 
береді.
 
      3. Шағымдарды, наразылықтарды қарауға уәкілеттік берілген сотқа, жоғары тұрған 
органға (лауазымды адамға) шағым берілуі, ал наразылық тікелей енгізілуі мүмкін.
 
      4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, 
наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жіберілуге жатады.
 
      5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша 
қаулыға шағым жасалған, наразылық келтірілген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, 
шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.
 
      832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру мерзiмi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының 
көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы 
Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға 
қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
 


      2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық 
кодексінде белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан 
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру 
туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына 
байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, 
наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде 
берiлуi мүмкiн.
 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға жоғары тұрған органға 
(лауазымды адамға) шағым жасалса, наразылық келтірілсе, осы баптың бірінші бөлігінде 
көзделген мерзім осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған 
тұлғалардың шағым (наразылық) бойынша шешімнің көшірмелерін алған кезінен бастап 
есептеледі.
 
      4. Шағым, наразылық беру мерзімін өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға 
қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдері мен 
олардың мәнін сот шағымның, наразылықтың мазмұнына қарамастан тексереді.
 
      
Ескерту 832-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      833-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны
 
      1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен 
куәландырылған электрондық құжат нысанында берiледi және онда:
 
      1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
 
      2) шағым немесе наразылық берушiнiң тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) 
(заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта 
мекенжайы);
 
      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе 
мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
 
      4) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актiнiң немесе 
әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе әрекеттер 
өзiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
 
      5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтінішхат көрсетiлуге тиiс.
 
      2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлғаның атынан 
берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.
 
      3. Егер шағым немесе наразылық басқа тұлғаның мүддесiнде берiлсе, онда мүддесi 
үшін шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты 
жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi 
растайтын құжат қоса беріледі.
 
      4. Шағым немесе наразылық екi данада, сот, орган, (лауазымды адам) шығарған, шағым 
жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ 
шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар 
қоса беріледі.
 
      5. Келтірілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға 
сәйкес келмеген жағдайда, олар берілді деп есептеледі, бірақ мерзімі көрсетіле отырып, 
толық ресімдеуге қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, наразылық қайта 
жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар 
берілмеген деп есептеледі.
 
      
Ескерту. 833-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      834-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтірілуiне
 
                байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
 
      1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының 
орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау