Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет176/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   192

      2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын 
тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан 
басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру 
нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы 
наразылық енгізеді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
 
      3. Прокурордың наразылық келтіруі қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн 
тоқтата тұрады.
 
      835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық түскен 
күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.
 
      2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа 
тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген 
кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға жатады.
 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан 
өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде 
шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған 
орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он тәуліктен аспайды. Сот, орган (лауазымды 
адам) шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот 
ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, 
сондай-ақ олардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, салықтық және 
(немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған 
жағдайда тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжделген ұйғарым шығарылады.
 
      
Ескерту. 835-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
 (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 03.12.2015
 № 432-V 
 (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған сот
 
                судьясының, жоғары тұрған орган басшысының                       
 немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
 
      Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың 
судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының 
орынбасары) жеке-дара қарайды.      
 
      Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) 
шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, 
наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны 
апелляциялық сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.
 
      
Ескерту. 836-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға 
әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, (лауазымды адам):
 
      1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
 
      2) өтiнiшхатты шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, 
наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады; қажет болған 
кезде судья сараптама тағайындайды;
 
      3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық 
материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.
 


      838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағымды, наразылықты қарау
 
      1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс 
бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:
 
      1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын; қандай шағым, наразылық қаралуға 
жататынын; шағымды, наразылықты кiм бергенiн жариялайды;
 
      2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға 
өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың 
келгенiне көз жеткiзедi;
 
      3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiктерін 
тексередi;
 
       4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және 
олардың қатысуынсыз шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды 
кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды; 
 
       5) шағымды, наразылықты қарауға қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен 
мiндеттерiн түсiндiредi; 
 
      6) мәлiмделген қарсылық білдірулерді және өтiнiшхаттарды шешедi;
 
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты, ал 
қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау 
кезiнде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының 
заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) 
шағымның, наразылықтың дәлелдерiмен байланысты емес және iстi толық көлемде тексередi, 
бұл ретте ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
 
      3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмеуіне, iс 
бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты 
және шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа 
жағдайларда, шағымның, наразылықтың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.
 
      4. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және 
жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бiр мезгiлде келiп түссе, онда шағымды сот 
қарайды.
 
      839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулыға шағым, наразылық бойынша шешiм
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарап, 
судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:
 
      1) қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
 
      2) қаулыны өзгерту туралы;
 
      3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, 
сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының 
күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
 
      4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы;
 
      5) егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган 
(лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық 
бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
 
      2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, 
наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi 
бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
 
      3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, наразылық бойынша жоғары 
тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында 
көзделген жағдайда судья шығарған қаулыға осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау