Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет163/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   192

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк 
құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, 
орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп 
жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
 
      6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
 
      
Ескерту. 796-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      797-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді
 
                кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым
 
                салу
 
      1. Мынадай:
 
      1) осы 
Кодекстiң 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512
, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 574, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екiншi, 
үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және 
жетінші бөлiктерiнде), 597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 612 (бiрiншi, екiншi, 
төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 613 (екiншi бөлiгiнде), 654 
(590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 609, 61
0, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген 
бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам 
көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн 
оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне 
iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi 
немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi 
жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
 
      2) осы Кодекстiң 573, 575, 593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi 
бөлiктерiнде)-баптарында көрсетiлген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi 
бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды 
тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн оларды арнайы алаңдарға, 
тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның 
iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткiзу арқылы әкiмшiлiк жаза 
қолдану туралы қаулы орындалғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым 
салуға;
 
      3) осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы 
және оныншы бөлiктерiнде), 597 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 610, 611-баптарында 
көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi 
лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн 
мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым 
салуға құқылы.
 
      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе 
стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу 
(эвакуациялау) көлiк құралы жүргiзушiсі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған 
және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн 
анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да 
қолданылуы мүмкiн.
 
      2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi 
және пайдалануға тыйым салуды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, өз 
өкiлеттiктерi шегiнде көлiктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық 
шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) көлiк 


құралын басқаратын адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде ішкі істер 
органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери полицияның қызметкерлері, 
мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргiзедi.
 
      3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және 
пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалады және әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
 
      Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, 
немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген, немесе мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық 
қарап-тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ не жасырын, 
қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiр белгiлерi бар көлiк құралын, 
шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
 
      4. Ұстап алынған көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау 
жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып 
табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
 
      
Ескерту. 797-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
  (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015
 № 432-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі)
 
Заңдарымен.
 
      798-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
 
                тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
 
                құжаттарды қарап-тексеру
 
      1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, 
сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 804-бабына сәйкес заңды 
тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген 
лауазымды адамдар жүргiзедi.
 
      2. Қарап-тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
 
      3. Қарап-тексеруді жүргiзу туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне 
қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
 
      4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, 
сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, 
хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-
ақ оның заңды өкiлiнің не өзге де қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, қарап-
тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге 
де сәйкестендіру белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер 
көрсетiледi.
 
      5. Қарап-тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, 
бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы 
жазба жасалады. Фото-, кинотүсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбалардың, заттай дәлелдемелердi 
тіркеудiң белгiленген өзге де құралдары нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға 
қоса беріледi.
 
      6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, 
сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның 
өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның қызметкерi, сондай-ақ 
куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге де қызметкерi хаттамаға 
қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
 
      799-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып
 
                қою
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-
жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiкті қарап-тексеруді жүргiзу кезiнде 
табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, нәрселерді алып қоюды осы 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау