Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет161/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   192

      5) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған 
құжаттарға сәйкес деректермен салыстыруды жүргізу қажеттігінің болуы;
 
       6) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің пайдалануға тыйым салынған ақауы 
болуының анықталуы; 
 
       7) көлік құралын ұстап алу, оны пайдалануға тыйым салу көлiк құралдарын, шағын 
көлемдi кемелерді жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады. 
 
      4. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеруді оларды иеленушi 
тұлғалардың не оның өкiлiнiң немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде 
басқаратын тұлғаның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, 
оларға аталған тұлғалардың қатысуынсыз жете тексеру жүргізілуі мүмкiн.
 
      5. Көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi жете тексеру кезiнде анықталған 
заттарды тіркеу мақсатында қажет болған жағдайларда фото-, кинотүсiрiлiмі, бейнежазба 
жүргізіледі.
 
      6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру туралы хаттама жасалады. 
Бұл хаттаманың көшiрмесi жете тексеру жүргізілген көлiк құралдарын, шағын көлемдi 
кемелердi иеленушi тұлғаға не оның өкiлiне немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi 
заңды негiзде басқаратын тұлғаға тапсырылады.
 
      7. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасында оның 
жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жете 
тексеру жүргізілген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушiнің жеке басы туралы 
мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, моделі, мемлекеттiк 
тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
 
      8. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, 
құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жазылады. 
Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің 
белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, жете тексеру жүргiзу кезiнде алынған 
материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
 
      9. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасына оны жасаған 
лауазымды адам, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру 
жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне 
қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, 
шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, 
хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
 
        793-бап. Қарап-тексеру
 
      1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, Қазақстан 
Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
 
      2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі 
мүмкін.
 
      
Ескерту. 793-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
        794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
 
      1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. 
Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама 
жасалады, онда оның жасалған күнi мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-
жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына 
импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың 
түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, 
маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-


iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты 
қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
 
       Қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, қарап-тексерілген адам, 
қарап-тексерілген заттардың иесі, куәлар қол қояды. Қарап-тексерілген адам, қарап-
тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба 
жасалады. 
 
      2. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған лауазымды 
адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi тексерiп қаралушымен жынысы бiрдей 
адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
 
      Тiрi адамның өзімен бірге алып жүрген заттарын қарап-тексеруді, яғни олардың 
құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарауды осы Кодекстің 787-бабында 
санамаланған, оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші 
немесе иеленуші тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
 
      Тiрi адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн 
пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де заттар бар деуге негiздер болған ерекше 
жағдайларда қарап-тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, 
куәгерлерсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
 
      3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, 
Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң 
қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары 
болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды 
куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң 
қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары 
қолданыла отырып жүргiзiледi.
 
      4. Қажет болған кезде қарап-тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың, 
сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
 
      5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеру үшiн қосымша уақыт 
талап етілсе немесе табылған жерде қарап-тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, 
объектiлер алып қойылуы және оралған, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, қарап-
тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
 
      6. Қарап-тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, 
қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл жөнiнде хаттамаға белгi 
қойылады.
 
      7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін 
тауарлар ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер, тауарлар оралып, мөр 
басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.
 
      8. Қарап-тексеруге қатысатын тұлғалар өздерінің пiкiрiнше iстiң мән-жайларын 
анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын 
аударуға құқылы.
 
      9. Қажет болған жағдайларда қарап-тексеру кезiнде қарап-тексерiлетiн объектiлер 
өлшенедi, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және 
өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, бұл жөнінде хаттамаға белгi жасалып, оған 
көрсетілген материалдар қоса тiркеледi.
 
      10. Қарап-тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп 
жатқан тұлғаға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
 
      
Ескерту. 794-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау