Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет162/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   192

                мен құжаттарын алып қою
 
      1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын 
қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар 
мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi 
қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi 
куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
 
      Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде 
немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде 
тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-
бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз 
ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын 
құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердiң 
қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары 
қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
 
      2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және 
құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс 
жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне табыс етіледі не әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы хаттамада тиiстi жазба жасалады.
 
      3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және 
заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып 
қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де 
сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, 
моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, 
арнаулы жедел-iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және 
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер 
қамтылады.
 
      4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары, Қазақстан 
Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 
өткізілетін тауарлары және заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен 
тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан 
жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
 
      5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және құжаттар әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам 
айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен 
сақталады.
 
      6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-
iздестiру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты 
қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 
айқындайтын тәртiппен сақталады.
 
      7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес, алып қойылған құжаттар, 
Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және заттар олардың иесiне қайтарылады немесе 
тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. 
Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған 
құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
 
       8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын 
басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана көлік құралын басқару 


құқығына жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Басқа жағдайларда әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына жүргізуші 
куәлігі тез арада иесіне қайтарылады. 
 
      9. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы бойынша алып 
қойылған жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген көлiк құралын 
басқару құқығына куәлiк, иесi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды 
тапсырған жағдайда жүргiзушiге қайтарылады.
 
      Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол 
жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған 
лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi 
саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
 
       Алып қойылған жүргiзушi куәлiгiнiң орнына жүргiзушiге уәкiлеттi орган белгiлеген 
нысан бойынша уақытша куәлiк берiледi. 
 
      10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік 
құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік 
нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып 
қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында 
көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
 
      11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-
ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының төсбелгiсi олардың заңды иесiне 
қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
 
      12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, Қазақстан Республикасының 
аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін 
тауарларын және құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде 
көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін айрықша жағдайларда ғана жүргізіледі. Аталған 
шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 795-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді
 
                кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн
 
                куәландыру
 
      1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, 
кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын
кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн 
куәландыруға жатады.
 
      2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, 
масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан 
Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, 
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк 
құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиiсiнше ішкі істер 
органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
 
      3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн 
ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, 
кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық 
куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
 
      4. Масаң күйiн куәландыру үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді 
кемені басқарудан шеттету туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi 
жасалады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау