Кодекстiң 804-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы
Кодекстiң 235, 236, 237, 416-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама
жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi
құжаттарды,
тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды ресiмдеу, сондай-ақ оларды сақтау осы
Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы
болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
өзiне қатысты
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша, iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы
қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда
пайдалануға да) тыйым салу туралы хабарлана отырып, көрсетілген тауарлардың, көлiк
құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесiн білдіреді және егер осы тауарларды,
көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмайтын және (немесе) олардың
сақталуын алып қоюсыз қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған
тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған
басқа тұлғаларға жауапкершiлiкпен сақтауға берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым
салуды тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы
Кодекстiң 787-бабында, 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған, осыған уәкiлеттiк берiлген
лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге
де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым
салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және
өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны,
хаттама жасаған
адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және
иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар тұлға туралы
мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және сәйкестендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ
фото- және кинотүсiрілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және
кинотүсiрілімдер,
бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған
материалдар хаттамаға қоса беріледi.
5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де
мүлiк оралады және (немесе) оларға мөр басылады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым
салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне
тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi, тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де
мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi
қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi
сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иелiктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата
тұру не оған тыйым салу
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оларға тыйым салуды
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн
тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы
хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкiлеттiк берілген лауазымды адам
жүзеге асырады. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға
не оларға тыйым
салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган
(лауазымды адам) сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жіберуге міндетті.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу
туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт
жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне
уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның
түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте
қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым
салу туралы акт сот
шешімін шығарғанға дейін қолданыста болады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу
туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе
заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған
жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды.
4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу
туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады.
5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу
туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге
де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға,
кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-
ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды
орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.
41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін
себептер мен негiз
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ
бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы
техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы
жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол
жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және
жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн
бақылау аспаптарының
көрсеткiштерi;
5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау
құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-
жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi
деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен
жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бірінші
бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз
болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5
және 6-тармақтары мен 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген салаларда, сондай-ақ
мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған
кезде және