5. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi
бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан
бас тарту туралы
ұйғарым шығарылады.
816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға
әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам)
қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган
(лауазымды адам) мынадай:
1) iстiң қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру
туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) егер осы iстi қарау құзыретiне жатпаса не судьяға, лауазымды адамға қарсылық
білдіру туралы
ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң
басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
5) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы шешім
қабылдайды.
6)
алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде
шығарылады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья,
органдар (лауазымды адамдар) іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және
одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге
біріктіруге құқылы.
5. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде
және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған
тұлғаның,
оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган
(лауазымды адам) аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Ескерту. 816-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау
мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқылы судья, орган
(лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да
материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан
өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде
iстi қарап жатқан судья, орган (лауазымды адам)
iстiң қаралу мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр
айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi,
ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты – ол ұстап алынған кезден бастап қырық
сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға
солардың негізінде лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған тексеру
нәтижелеріне және өзге де
мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судья,
орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың
тиісті шешімі шығарылғанға дейін және заңды күшіне енгенге
дейін немесе өзіне қатысты
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның
(лауазымды адамның) шешіміне шағым жасаудың мерзімі өткенге дейін ұзартады.
818-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау
тәртiбi
1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға
кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң
қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң,
сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс бойынша іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның
заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған
адамдар болмағанда iсті қарау туралы не iсті қарауды кейiнге
қалдыру туралы шешiм
қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын
адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) іс жүргізу тілін айқындайды, ана тiлiнде немесе өзіне қатысты іс жүргізіліп
жатқан адам бiлетiн басқа да тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру,
өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, іс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз
сөйлеу, аудармашының көрсететін қызметтерін тегiн пайдалану құқығын түсiндiредi;
8) мәлiмделген бас тартуды және өтiнiшхаттарды шешедi;
9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған кезде істің өзге де
материалдарын жариялайды;
10) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс
жүргiзуге қатысатын басқа да
адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және
сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға
прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
11) iсті қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: iс қарайтын судьяның не
лауазымды адамның, егер оған қарсылық білдіру iстi мәнi бойынша қарауға кедергi
келтiрсе, өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру
туралы мәлiмдеуге; егер
қорғаушыға, уәкiлеттi өкiлге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру iстi мәнi
бойынша қарауға кедергi келтiрсе, көрсетілген қарсылық білдіруге; iстi қарауға қатысатын
адамдардың келуі немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне
байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда
шығарады. Қажет болған жағдайда судья немесе орган (лауазымды адам)
сараптама тағайындау
туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстiң 816-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру
туралы ұйғарым шығарады.
2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған
адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай
отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 9) және 12) тармақшаларының талаптарын
сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану
туралы қаулы шығаруға құқылы.