Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет18/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192

      Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды 
тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау –
 
      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
   11-тарау. САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫНА (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ 
ҚҰҚЫҒЫНА) ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына
 
                (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi
 
                мәлiметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе
 
                комиссияның шешiмдерiн орындамауы
 
      Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) 
кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының 
болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың 
сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; 
кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған 
кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша 
сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың 
комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы –
 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      102-бап. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған
 
                кезеңде жүргiзу
 
      Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға 
дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, 
сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт 
жүргізу –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергi
 
                келтiру
 
      Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, 
олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiтті 
жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу
 
                жалған мәліметтер тарату
 
      Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе 
сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және 
іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      105-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум
 
                комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу
 
      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау 
комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін 
мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі 


құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың 
куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді 
жүзеге асыру құқықтарын бұзу –
 
      отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу
 
                құқығын бұзу
 
      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың 
сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 
адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен 
күні қарамауы не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға 
құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін 
жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не 
сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар 
тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн дереу орындамауы –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      107-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға
 
                құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін
 
                сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
 
      1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылар (республикалық 
референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған 
мәліметтерді ұсынуы –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына 
сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес 
тізімін ұсынуы –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      108-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
 
      Тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы 
үшiн дауыс беру арқылы бұзу –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      109-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың,
 
                шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық
 
                ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн
 
                ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға,
 
                сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге
 
                кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн
 
                қызметтi жүзеге асыруы
 
      Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және 
халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды 
ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін 
және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы –
 
      жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып 
жiбере отырып немесе онсыз, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға 
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      110-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге
 
                мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн
 
                (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру
 
      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтарға 
басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс 
беруге арналған бюллетеньдердi) беруi –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау