Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет144/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   192

      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары 
құқылы.
 
      712-бап. Геодезия және картография саласындағы
 
                мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
 
      1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші 
бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды 
адамдары құқылы.
 
      
Ескерту. 712-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      713-бап. Монополияға қарсы орган
 
      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші 
бөлігінде), 161, 162, 163, 201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ 
монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары 
құқылы.
 
      714-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн
 
                нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
 
                уәкiлеттi орган
 
      1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты 
жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi 
бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты 
жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи 
монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын 
уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
 
       715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
 
                 ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге
 
                 асыратын органдар
 
      1. Техникалық реттеу және өлшем бiртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы 
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 203, 415 (бірінші 
бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші 
бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және 
қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ 
облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк 
инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
 
      
Ескерту. 715-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 
№ 504-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
 
                  уәкілетті орган
 


      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 
(бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)-баптарында 
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар 
қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның 
орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
 
      
Ескерту. 36-тарау 715-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.04.2016 
№ 504-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi
 
                уәкiлеттi орган
 
      1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 
(бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, 
мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар 
бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн 
машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты 
бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстердi қарайды.
 
      2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл 
шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың  
инженер-инспекторлары құқылы.
 
      717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
 
                мемлекеттiк орган
 
      1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 
(үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында 
жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы 
өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен 
оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
 
      718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк
 
                сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге
 
                асыратын органдар
 
      1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және 
қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi 
бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-
бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi 
бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы 
Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның 
орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас 
мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
 
      
Ескерту. 718-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 
№ 366-V
 Заңымен (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз).
 
      719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi
 
                орган
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау