саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші
бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 324, 327, 344, 351, 358, 425 (бірінші
бөлігінде), 428, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші,
екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және
әкiмшiлiк жазалар қолдануға
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның
басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары
құқылы.
Ескерту. 701-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
(01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі); 21.04.2016
№ 504-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының,
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық
бөлімшелері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері
тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына
және Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери
қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық
қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының
(бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк
жазалар
қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары
құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы
Кодекстiң 406-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстің 406-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық
инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық
инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк
ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк
ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк
ветеринариялық-
санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда –
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан
Республикасының аумағында
тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн
айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
уәкiлеттi орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары
осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы
iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас
мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас
мемлекеттiк инспекторының орынбасары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал
шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы
жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi
органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк
инспекторы
мен оның орынбасары;
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өсiмдiктер
карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және
фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторлары құқылы.
Ескерту. 705-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен
оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 706-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 04.12.2015
№ 435-V
(01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі)
Заңдарымен