Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет117/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   192

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      568-бап. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны қасақана
 
                жасыру
 
      Авиациялық оқиғаны, оқыс оқиғаны немесе бұлар туралы мәліметтерді қасақана жасыру 
не ақпаратты бұрмалау не борттағы немесе жерүстіндегі объективтік бақылау құралдарын 
немесе авиациялық оқиғамен немесе оқыс оқиғамен байланысты басқа да дәлелдеме 
материалдарды бүлдіру немесе жою – 
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      569-бап. Әуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздік
 
                қағидаларын бұзу
 
      1. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші 
бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерін ұшуды орындауға 
жіберу тәртібін не ұшуға дайындау және оны орындау қағидаларын бұзу, егер бұл әрекеттер 
абайсызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
 
      жеке тұлғаларға әуе кемесін басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемесіне 
техникалық қызмет көрсету) құқығынан алты ай мерзімге айыра отырып, отыз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Уәкілетті органның рұқсатынсыз ұшуды орындауды бастауға тыйым салынған ақаулар 
болған кезде не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе әуе кемесінің 
ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулерді бұза отырып әуе кемесінде ұшу –
 
      әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
 
      3. Әуе кемесін басқаруға құқығы жоқ адамның оны басқаруы – қырық айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не 
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда есепте тұрмаған не көрінеу жалған 
мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар әуе кемесін басқару –
 
      әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
 
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ 
әуе кемесін басқару не өзімен бірге әуе кемесінің осы түрін басқару құқығына құжаттары 
жоқ ұшу экипажы мүшесінің әуе кемесін басқаруы –
 
      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ, не 
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда есепте тұрмаған не көрінеу жалған 
мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар не Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ не ұшу немесе кабина экипажы жасақталмаған не 
уәкілетті орган беретін рұқсатсыз оны пайдалануға тыйым салынған ақаулары бар, не 
жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормалары немесе әуе кемесінің ұшу массасы 
немесе орталықтануы бойынша шектеулер бұзылған әуе кемесін ұшуға жіберу, сол сияқты әуе 
кемесіне қызмет көрсетуге осыған құқығы жоқ немесе масаң күйдегі адамды жіберу не оның 
әуе кемесіне қызмет көрсетуі –
 
      жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Бортында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іздеу және авариялық-
құтқару құралдары жоқ әуе кемелерінің ұшуды орындауы –
 


      жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Авиация персоналы куәлігін бүлдіру немесе жоғалту –
 
      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      570-бап. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу
 
      1. Авиациялық қауіпсіздік қағидаларын бұзу –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауларын күтіп-ұстау жөнінде шаралар 
қолданбау, егер бұл іс-әрекет авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкеп соқпаса, –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
 
                қағидаларын бұзу
 
      1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және 
жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу –
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын 
бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      572-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
 
                автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде
 
                жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің
 
                бұзылуы
 
      1. Мыналарды:
 
      1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
 
      2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
 
      3) жолаушыларды, багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, тұрақты және 
ауданішілік тасымалдауды;
 
      4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық 
(облысiшiлiк қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiлердiң 
еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе 
ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе 
бұрын пайдаланылған диаграммалық дискiлердi қолдана отырып не электрондық (цифрлық) 
тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты 
жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей 
(бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау