Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет114/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   192

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру чектерін
 
                не құжаттандырылған бағалы қағаздарды
 
                декларацияламау немесе анық емес кедендік
 
                декларациялау
 
      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының 
кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе 
анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті 
экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге 
де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны 
не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі 
немесе кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын 
төлеуден босатуға немесе олардың мөлшерін төмендетуге негіз беретін өзге де анық емес 
мәліметтерді мәлімдеуі –
 
      жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және 
жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының 
қолма-қол валютасын, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды 
декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
 
      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының 
тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін 
оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
 
      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 
хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс 
күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз 
бетінше жойған;
 
      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі 
кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде 
осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
 
      
Ескерту. 551-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 
№ 317-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік отыз күн өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі); 03.12.2015
 № 432-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен
 
      552-бап. Кеден одағының кедендік аумағына кеден
 
                қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен
 
                көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу,
 
                пайдалану немесе оларға билiк ету
 


      1. Кеден одағының кедендік аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай 
бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып 
әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық емес декларацияланған тауарлар мен көлiк 
құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты 
өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер 
берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен 
шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген
 
                тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған
 
                тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және
 
                (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
 
      Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты 
түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден 
заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берілгеннен 
өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      554-бап. Төленген кедендiк төлемдерді және салықтарды
 
                тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге
 
                де өтемдер алуға не оларды қайтармауға
 
                бағытталған әрекеттер
 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген кедендiк төлемдердi 
тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды 
қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi 
қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет 
белгiлерi болмаса –
 
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      555-бап. Кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы,
 
                демпингке қарсы, өтемақы баждарын
 
                төлеу мерзімдерін бұзу
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі 
бар тұлғалардың кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы 
баждарын белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды 
негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды, салықтарды, 
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден босатуды беруге байланысты 
мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді, 
салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау