Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет43/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   192

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      6. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды:
 
      1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның 
келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға 
бенефициардың пайдасына ақша аударымы туралы акцепт жасалған нұсқауды бермеуі;
 
      2) егер алушы банк (ақша аударымы не төлемі туралы нұсқау жолданатын банк немесе 
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) бенефициардың банкі 
(жөнелтушімен жасалған шарт талаптарына және (немесе) жөнелтушінің нұсқауына сәйкес 
бенефициардың пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушімен 
жасалған шартта көзделген өзге де әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк 
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) болып табылса, ақша аударымын 
аяқтамау;
 
       3) қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушіге қолма-қол ақшаны 
бермеу түрінде орындамауы – 
 
      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес 
пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      Ескертпе. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-
бабының төртінші бөлігінде, 285-бабында жауаптылығы көзделген әрекеттерге 
(әрекетсіздікке) қолданылмайды.
 
      221-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола
 
                және қаржы вексельдерiн шығару
 
      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару –
 
      жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу
 
                талаптарын бұзу
 
      1. Эмитенттің өзіне қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін 
сомаға электрондық ақша шығаруы –
 
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, бір жүз айлық есептік 
көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең 
жоғарғы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде 
эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі –
 
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
 
       бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
      5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе 
заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы 
және толық өтемеуі –
 
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      223-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша
 
                келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он
 
                немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама
 
                түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты
 
                бұзушылықтар
 
      Тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімінсіз, қаржы 
ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле 
отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе 
жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 
(артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы 
мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін 
иемденуі –
 
      жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Осы бапта қаржы ұйымдары деп банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны түсіну керек.
 
      224-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
 
                ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру
 
                холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық
 
                капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын
 
                құқыққа сыйымсыз иемденуіне байланысты
 
                бұзушылықтар
 
      1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, банктердің, 
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу 
үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын 
бұзып иемденуі –
 
      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi қоспағанда, заңды 
тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің
сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып 
иемденуі –
 
      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру 
холдингінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды 
құруы не иемденуі –
 
      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау
 
      1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет 
мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары 
мен тәртібін бұзуы –
 
      жеке тұлғаға – төрт жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң 
нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау