«Kaspi Bank» АҚ электрондық ақша жүйесінің ережесі
Осы «Kaspi Bank» АҚ электрондық ақша жүйесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) Интернетті
қосқанда, дербес компьютерлер, смартфондар, электрондық терминалдар арқылы және
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәсілдермен байланыс
арналары бойынша қашықтан төлем мен аударымдар жасаған кезде «Kaspi Bank» АҚ-тың
электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Ереже Интернет желісіндегі Банктің
www.kaspibank.kz
мекенжайындағы веб-сайтында
орналастырылған.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде банктер туралы, төлемдер мен аударымдар туралы, ақпараттандыру туралы
заңнамада, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы
№102 қаулысымен бекітілген «Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесінде,
сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын
талаптарда», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28
наурыздағы №18 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін
көрсету ережесінде» көзделген және Ереженің 2-тармағында айқындалған мәндегі ұғымдар
пайдаланылады.
2. Ережеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Банк – «Kaspi Bank» АҚ, Электрондық ақша эмитенті, Электрондық ақша жүйесінің
Операторы;
2) Шарт – Шартта көзделген тәртіппен Клиенттің Банктің Оферталарын акцепттеуі арқылы
Банк пен Клиенттің арасында жасалған Электрондық ақша шығару туралы шарт;
3) Құжат – Электрондық ақшамен операциялардың/әрекеттердің жасалғанын растайтын қағаз
жеткізгіштегі (чек) электрондық нысандағы (электрондық түбіртек) құжат;
4) ақпараттық-банктік қызмет көрсету – клиенттің сұратуы бойынша не Банк пен Клиент
арасында жасалған шарт бойынша Банктің Клиентке көрсетілетін және көрсетілген банк
қызметін көрсету туралы ақпаратты беруіне байланысты электрондық банк қызметін көрсету;
5) Клиент – Банктің Офертасын қабылдаған (акцепттеген) және Банкпен Шарт жасасқан/бұзған
жеке тұлға;
6) Әмиян – микропроцессор (чип), дербес компьютердің бағдарламалық қамсыздандыруы,
Электрондық ақша сақталатын және/немесе оған қолжетімділікті қамтамасыз ететін өзге
бағдарламалық-техникалық құрал;
7) Лимит – осы Ережеде белгіленген Электрондық ақша сомасының ең көп мөлшері;
8) АЕК – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
9) Банктің міндеттемесі – шығарылған Электрондық ақша сомасы шегінде Операциялар
бойынша өзінің атынан есеп айырысу бойынша Банктің Клиенттің алдындағы міндеттемесі;
10) Оператор – электрондық ақша пайдаланылатын операцияларды жүзеге асыру кезінде
қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрондық ақша жүйесінің қатысушысы;
11) Операция – Электрондық ақшаны пайдаланып, тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің)
ақысын төлеу операциясы, Лимит шегінде электрондық банктік қызмет (транзакциялық-банктік
және акпараттық-банктік қызмет) көрсету бойынша Электрондық ақша жүйесінде жасалатын
операция;
12) Қайтару
операциясы
–
Электрондық
ақшаны
пайдаланып
сатып
алынған
тауарлар/жұмыстар/қызмет үшін ССК-ден ақшаны қайтару операциясы, оның аясында Банкке
олардың құнын құрайтын ақша қайтарылады және Клиентке қайтарылған сомаға Электрондық
ақша шығарылады;
13) Ұйым/Агент – сату орындары арқылы Банктің Электрондық ақшаны өткізу үшін тартатын
тұлғасы;
14) Электрондық ақша жүйесі – Электрондық ақшамен төлемдерді және өзге де Операциялардың
жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін Банктің бағдарламалық-техникалық құралдарының,
құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
15) Клиенттің талап ету құқығы – Банктің Лимит шегінде Операцияларды жасауы бойынша есеп
айырысу жөнінде Клиенттің Банкке қоятын талап ету құқығы;
16) ССК – сауда және сервис кәсіпорны;
17) Тарифтер – Банктің уәкілетті органы бекіткен, Банк қызметінің ақысын төлеген күні
қолданылатын, оның қызметіне байланысты Банктің қызметі үшін төлемдер мен
комиссиялардың мөлшерлемелері. Тарифтер Интернет желісіндегі Банктің
www.kaspibank.kz
мекенжайындағы веб-сайтында орналастырылған;
18) Терминал – Банктің өздігінен қызмет көрсететін терминалы және/немесе Электрондық
ақшаны өткізу (Электрондық ақшаны төлеуге ақша қабылдау) жүзеге асырылатын өзге
тұлғалардың өздігінен қызмет көрсететін терминалы;
19) транзакциялық-банктік қызмет көрсету – ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу және
ақпараттық-банктік қызметке жатпайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыру;
20) Электрондық ақша жүйесінің Қатысушысы – ақша төлемі және (немесе) аударымы жөнінде
құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктері;
21) Қашықтан байланысу арнасы – Банктің анықтайтын талаптарында және тәртібімен
пайдаланылатын, Клиент пен Банктің арасында ақпаратты беру құралдарының бірі: электрондық
пошта (email), пошталық байланыс, интернет-банкинг, ұялы банкинг, телебанкинг, USSD/SMS-
хабар, телефон, факс, банкомат, POS-терминал, терминал (Банктің немесе Банк агентінің), Жеке
кабинет, Интернет киоск, интернет-бөлімше, заңнамаға қайшы емес өзге байланыс арнасы,
Клиенттің әлеуметтік желідегі парағы, Банктің әлеуметтік желідегі ресми парағы;
22) Электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде
жүйенің басқа да қатысушылары төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша
эмитентінің шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай міндеттемесі;
23) Электрондық ақша эмитенті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік
құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны
шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
3. Осы Ереже Электрондық ақша жүйесінің Қатысушыларымен жасалатын қарым-қатынасқа
қолданылады.
4. Электрондық ақша жүйесінің Қатысушылары (бұдан әрі және бұған дейін – Электрондық
ақша жүйесінің Қатысушылары):
1) Банк – «Kaspi Bank» АҚ;
2) Банкпен Шарт жасасқан және Электрондық ақша жүйесінде тіркелген Клиенттер;
3) Банкпен Электрондық ақша жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан Агенттер;
4) Банкпен Электрондық ақшаны пайдаланып төлемдер қабылдау туралы шарт жасасқан ССК.
5. Клиенттерді Электрондық ақша жүйесіне тіркеу «Kaspi Bank» АҚ-та электрондық банктік
қызмет көрсету ережелеріне (бұдан әрі – ЭБТҚ ережесі) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Агенттер мен ССК-ны Электрондық ақша жүйесіне тіркеу олармен жасалған шарттардың
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Электрондық ақшаны шығарған және Электрондық ақшаны өтеген кезде Банктің ақша
қабылдауына байланысты барлық операциялар Банктің баланстық шотында көрсетіледі.
3. Электрондық ақшаны шығару және өткізу тәртібі
8. Банк Электрондық ақшаны шығарады және Клиентпен Шарт жасасқаннан кейін Клиенттің
алдында Лимит шегінде Электрондық ақшаны пайдаланып жасалған Операциялар бойынша есеп
айырысу міндеттемесін өзіне алады.
9. Электрондық ақшаны Банк Клиенттерден немесе Агенттерден олармен жасалған шарттарға
және осы Ережеге сәйкес алған ақша сомасы шегінде немесе эмитент Банктің қаражаты есебінен
төлем карточкасын ұстаушының (Клиенттің) шотына ол төлем карточкасын пайдаланып, қолма-
қол жасалмайтын төлем жасаған кезде немесе бонустық бағдарламалар аясында эмитент Банктің
аударатын ақша сомасы шегінде шығарады.
10. Электрондық ақшаны Банк қашықтан байланысу арналарының бірімен өткізеді.
11. Банктің Терминалдарын және/немесе электрондық ақша өткізу (Электрондық ақшаны
төлеуге ақша қабылдау) жүзеге асырылатын Агенттің Терминалдарын пайдалану арқылы
Электрондық ақшаны сатып алу (төлеу) үшін жеке тұлға мына іс-әрекеттерді орындайды:
1) Терминалдың мәзірінен Терминал арқылы көрсетілетін Банктің қызметін таңдау арқылы
Ережемен келіскенін растайды;
2) Терминалдың мәзірінде экрандық нысандағы міндетті жолдарды толтырады;
3) Терминалдарда қолма-қол ақша салу арқылы шығарылуы (теңгеде) тиіс Электрондық ақша
сомасын айқындайды, оның шегінде Банктің міндеттемесі және Клиенттің талап ету құқығы
туындайды. Бұл ретте Клиент салған ақша сомасынан Банктің Тарифтеріне және/немесе
өздігінен қызмет көрсететін терминалдары арқылы Электрондық ақша өткізу жүзеге асырылатын
Агенттің тарифтеріне сай комиссиялар, төлемақы (Электрондық ақша шығарғаны үшін, ақшаны
қабылдағаны (аударғаны) үшін, өзге ықтимал қызметтер мен операциялар үшін) ұсталып
қалынады (төленбейді) және шығарылған Электрондық ақша сомасына кірмейді. Электрондық
ақша Лимитінің мөлшері және комиссиялар, төлемақы мөлшері (олар бар болған кезде)
Терминалдың мәзірінде көрсетіледі;
4) Терминалдың мәзірінде шығарылатын Электрондық ақша сомасымен (Шарттың аясында
Клиентке шығарылатын Лимит, комиссия (бар болса) сомасы) келіскенін растайды.
7. Интернет желісін пайдаланып Электрондық ақшаны сатып алу (төлеу) үшін жеке тұлға мына
іс-әрекеттерді бірізділікпен орындайды:
1) Банктің
www.kaspi.kz
Интернет-ресурсына кіреді;
2) Телефон нөмірін көрсетеді және «Ары қарай» деген кнопканы басып,
www.kaspi.kz
сайтында
орналастырылған Ережемен келіскенін растайды;
3) Клиенттің жинақ немесе ағымдағы шотынан ақша аудару арқылы Электрондық ақша сатып
алады.
8. Клиентке Электрондық ақша төмендегі барлық талаптар болған кезде сатылады:
1) Ақша сомасы теңгеде көрсетілген;
2) Салынған ақша сомасы байланыс арнасымен (терминалмен, Интернет желісі арқылы және
т.б.) айқындалған ақша сомасынан аз және Лимит сомасынан көп болмауы керек. Бұл ретте
Клиенттің Электрондық ақшаны сатып алған кезде төлеген ақшасының (төлемінің) жалпы
сомасы (ақша қабылдаған кезде алынатын Банктің, Агенттің және Электрондық ақшаны өткізу
(Электрондық ақшаны төлеуге ақша қабылдау) үшін тартылған өзге тұлғалардың комиссиялары,
төлемақысы ескерілгенде) Лимиттің сомасынан аспайды;
3) Ақша қабылдаған кезде алынатын (бар болса) Банктің, Ұйымның/Агенттің және
Электрондық ақшаны өткізу (Электрондық ақшаны төлеуге ақша қабылдау) үшін тартылған өзге
тұлғалардың комиссиялары, төлемақысы Лимит сомасына қосылмайды;
4) Банкте Банктің міндеттемесі қалыптасу үшін және Клиентте Талап ету құқықтары туындау
үшін Клиенттің төлейтін нақты ақша сомасын Клиенттің өзі жоғарыда көрсетілген өлшемдерді
ескеріп айқындайды.
9. Электрондық ақшаны алған сәттен бастап Клиентте Электрондық ақша иесінің құқықтары
туындайды.
10. Банк Электрондық ақшаны Банктің өзінің бағдарламалық қамсыздандыруында бірегей (Банк
ашқан және Шарт жасалғн күні қолданыстағы басқа Әмияндардан ерекшеленетін) сәйкестендіру
нөмірі тағайындалған Әмиян туралы есептік жазба құруы арқылы шығарады.
11. Клиенттің иелігіне берілген немесе ол пайдаланатын Әмиянда Электрондық ақшаның
қолжетімді сомасы туралы ақпарат көрсетілген сәттен бастап Банк Электрондық ақшаны
айналымға шығарған болып саналады.
12. Электрондық ақшаны Терминал арқылы сатып алған кезде Клиентке сатып алғанын
растайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін ақпарат жазылған
чек беріледі. Электрондық ақшаны Интернет желісі арқылы сатып алған кезде электрондық
түбіртек беріледі.
13. Электрондық ақшаны шығарған кезде берілетін түбіртекте мынадай міндетті деректемелер
жазылады:
1) Банктің атауы және деректемлері,соның ішінде оның БСН;
2) Операция жасалғаны уақыты мен күні;
3) түбіртектің реттік нөмірі;
4) Электрондық ақша иесінен қабылданған ақша немесе түскен төлемдер сомасы;
5) шығарылған Электрондық ақша сомасы;
6) Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянының сәйкестендіру коды;
7) комиссиялық сыйақы мөлшері (алынған жағдайда).
14. Банк Клиентпен жасалған Шарттың негізінде Банктің Электрондық ақша жүйесінің
Электрондық ақшасын шығарады.
3. Электрондық ақшаны пайдалану және Операцияларды жасау тәртібі
15. Электрондық ақша Клиентке осы Ережеде, ЭБТҚ ережесінде және Шартта жазылған
талаптарды ескеріп, электрондық банктік қызмет алу мүмкіндігін береді.
16. Клиент Электрондық ақшаны пайдаланып Операциялар жасаған кезде, Банк Тарифтерге
сәйкес төлемақы мен комиссияларды (бар болса) алады.
17. Электрондық ақшаны пайдалану арқылы Операциялар Қазақстан Республикасының
заңнамасы мен осы Ереженің талаптары ескеріліп, жасалуы мүмкін.
18. Клиент Электрондық ақшаны пайдаланып Операциялар жасаған кезде, Банктің өзінің атынан
Операциялар бойынша есеп айырысуы үшін негіз болатын Құжаттар жасақталады.
19. Электрондық ақшамен Операциялар Клиенттің Электрондық ақшаны ары қарай төлем жасау
үшін Банкке беруі арқылы жасалады.
20. Терминалдағы Операциялар жөніндегі Құжаттар электрондық түрде ресімделеді, сонымен
бір уақытта қағаз жеткізгіштегі Құжат (чек) басып шығарылады.
21. Операцияларды Интернет желісі арқылы жасаған кезде Операциялар жөніндегі Құжаттар тек
электрондық нысанда жасалады және болады (электрондық түбіртек беріледі).
22. Банк Операциялар бойынша өз атынан және Лимиттер шегінде есеп айырысады.
23. Электрондық ақшаның Лимиті толтырылады, Әмиянды толтыру мақсатында ақша салынған
жағдайда, Банк Электрондық ақшаны салынған ақша сомасына тең сомадағы Лимит шегінде
шығарады.
24. Банктің кез келген кезеңде кез келген төмендегі жағдайда:
1) Электрондық ақшамен Операциялар жасаған кезде жіберілген қателер мен дәлсіздіктер
анықталған жағдайда;
2) Әмиянмен рұқсат етілмеген төлем жасау күдігі бар болған кезде;
3) Клиент Операцияның жасалғанын растайтын қажетті құжаттарды бермеген жағдайда, егер бұл
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе;
4) Операция жасалған күні қолданыстағы банк қарызы шарттары бойынша Клиентте берешек
болған кезде;
5) Банк Электрондық ақша шығару жөнінде қате нұсқауды орындаған жағдайда;
6) Клиент Шарт бойынша міндеттерін орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда Операция жасаудан
бас тартуға құқығы бар.
25. Банк Қайтару операциясының негізінде ақша алған жағдайда, Банк өңдеген күні осындай
Қайтару операциясы бар болса, мұндай қайтару Операциясының сомасына Электрондық ақша
шығарылады, не болмаса бұрын шығарылған Электрондық ақша сомасына балама сома
Клиенттің банктік шотына аударылады.
26. Электрондық ақшаны сатып алу арқылы Клиент Операциялар жасаған күні қолданылатын
банк қарызы шарты бойынша берешегі болған жағдайда, Электрондық ақшамен жасалатын
Операциялар бойынша шектеулермен келісетінін растайды. Клиент Шартты жасасу бойынша іс-
әрекеттерді орындаған кезде сонымен бірге Электрондық ақшаны пайдаланып, банк қарызы
шарты бойынша берешекті өтеуге келісімін береді.
27. Банк қарызы шарты бойынша берешекті өтейтін күн басталған кезде Банк берешек сомасына
Әмияндағы Электрондық ақшаның қалдығын азайтуға және бір-бірінің міндеттемелері бойынша
талаптарды өзара есепке алуға құқылы. Электрондық ақша есебінен берешекті өтеу Операциясы
бойынша шектеулермен келіспеген кезде, Клиент берешекті өтеу бойынша жасалған
Операцияны болдырмау жөнінде Банкке жазбаша өтініш білдіруге құқылы. Бұл жағдайда Банк
берешекті өтеу Операциясының сомасына тең сомаға Электрондық ақша шығарады.
28. Банк туындаған даулы жағдайлар (олар бар болса) реттелгенге дейін Электрондық ақшамен
операциялар жүргізуден бас тартуға құқылы.
29. Электрондық ақшаны өтеу Операцияларын қоспағанда, Клиент Электрондық ақшамен
Операциялар жасаған кезде, Клиенттің бір Операциясының сомасы:
1) сәйкестендірілген Клиенттер үшін – 500 АЕК-тен;
2) сәйкестендірілмеген Клиенттер үшін – 100 АЕК-тен аспауы керек.
30. Клиентті сәйкестендіру үшін Банкке жеке басты куәландыратын құжат ұсынылады.
31. Ереженің 33-тармағында көрсетілгендерден басқа, Электрондық ақшамен Операциялар
жасау бойынша шектеулерді Клиент мына тәсілдермен белгілейді:
1) Клиент Call Center-ге 9999 нөмірі бойынша телефон соғады және Call Center менеджері
Клиентті сәйкестендіргеннен кейін Клиенттің Әмиянымен Операциялар жасауға техникалық
шектеулер белгілейді;
2) Клиент интернет бөлімшеде айқындалған нұсқауларға сай Интернет желісі арқылы
(
www.kaspi.kz
Интернет-ресурсында) Электрондық ақшамен Операциялар жасауды өз бетінше
шектейді.
4. Электрондық ақшаны өтеу және Шартты бұзу
32. Клиент Электрондық ақшаны өтеуге ұсынған кезде, Банк Электрондық ақшаны Клиенттің
банктік шотына ақша аудару арқылы немесе Клиентке Банктің кассасында қолма-қол ақша беру
арқылы өтейді.
33. Әмиянды жабу және Шартты бұзу қажет болған жағдайда, Клиент Банкке тиісті жазбаша
өтінішпен хабарласып, ақша аударғаны үшін Банктің Тарифтерінде көзделген комиссияны төлеп,
Электрондық ақшаны Банкте ашылған ағымдағы банктік шотқа өтеу немесе тиісті соманы
Банктің кассасы арқылы төлеу жөнінде тапсырма береді. Банкте ашылған банктік шоты болмаған
жағдайда, ақшаны банктік шотқа аудару/салу туралы жазбаша өтініш/тапсырма болған кезде,
Клиенттің ақшасы кез келген банкте ашылған кез келген ағымдағы банктік шотқа есептеледі
(аударылады). Электрондық ақшаны басқа банктерде ашылған банктік шоттарға өтеген кезде,
Банк ақша аударғаны үшін Банктің Тарифтерінде көзделген мөлшерде комиссия алуға құқылы.
34. Шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Клиенттің Операцияларды жасау үшін Әмиянды
пайдалануға құқығы жоқ.
8. Дауларды реттеу
35. Үшінші тұлғалардың Әмиянды заңсыз пайдалану фактісі анықталған кезде, Клиент 8-727-
250-00-01 (Алматы қ. үшін) және 8-800-080-18-00 (бүкіл Қазақстан бойынша) телефон нөмірлері
арқылы Банкке дереу хабарлауға міндетті.
36. Клиент мекенжайын, телефон нөмірін, шағымның мазмұнын және басқа да ақпаратты
көрсетіп, online@kaspibank.kz электрондық мекенжайына электрондық нысанда хабар жолдауға
немесе Банктің Саll Center-іне 8-727-250-00-01 (Алматы қ. үшін) және 8-800-080-18-00 (бүкіл
Қазақстан бойынша) нөмірлеріне телефон соғуға (ауызша өтініш білдіруге) құқылы.
37. Банкке жолданған хабарламада көрсетілген мекенжайға Банк Клиентке жазбаша түрде жауап
береді.
38. Банк сәйкестендіру рәсімін Банктің қалауы бойынша ұялы телефон нөмірі (Банк растаған),
Клиенттің туған күні және Клиенттің өзге деректемелері бойынша жүргізеді.
39. Клиент Электрондық ақшаны пайдаланып жасаған барлық Операциялар бойынша
жауапкершілік атқарады.
40. Банк Электрондық ақшамен төленген тауарлардың/қызмет көрсетудің сапасы үшін
жауапкершілік атқармайды.
41. Барлық даулар бойынша (соның ішінде Клиенттің жасалған қандай да бір Операциямен
келіспеуіне байланысты) Клиент Банкке жазбаша өтініш береді. Ережеде даулы Операцияны
қарау бойынша мерзім белгіленеді – оны жасаған күннен бастап 30 (отыз) күн. Шағым
дәлелденген жағдайда, сома Клиенттің Әмиянына немесе оның банктік шотына қалпына
келтіріледі.
42. Банк Электрондық ақшаның заңсыз пайдаланылғаны туралы жазбаша өтінішті алған күнге
дейін (қоса алғанда) үшінші тұлғалардың Әмиянды пайдаланып жасаған барлық Операциялары
үшін (соның ішінде рұқсат етілмеген төлемдер үшін) Клиент жауапкершілік атқарады.
43. Әмиянның заңсыз пайдаланылғаны туралы жазбаша өтінішті алған күннен бастап үшінші
тұлғалардың Әмиянды пайдаланып жасаған барлық Операциялары үшін (соның ішінде рұқсат
етілмеген төлемдер үшін) Банк жауапкершілік атқарады.
44. Осы Ережеде жазылған міндеттемелерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін
Клиент Банкке келтірілген залал мөлшерінде Ережеде және Қазақстан Республикасының
заңнасында көзделген жауапкершілікті атқарады.
45. Клиент оның Банкке беретін барлық құжаттарында жазылған мәліметтердің шынайылығы
мен толықтығы үшін жауапкершілік атқарады.
46. Банк Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін,
егер мұндай орындамау:
1) Банкке Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының шешімдерінен;
2) үшінші тұлғаның Операция жасау үшін Электрондық ақшаны қабылдаудан бас тартуын
қосқанда, Банктің бақылауынан тыс саладағы себептерден, сондай-ақ бағдарламалық
және/немесе техникалық құралдарға қызмет көрсетуде қандай да бір апаттық жағдайлардың,
жаңылысулардың туындауынан;
3) еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауынан болса;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда жауапкершілік
атқармайды.
47. Құжатта ақша алушының деректемелерінің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты ақшаның қате
аударылғаны үшін Банк жауапкершілік атқармайды. Банк ақшаны қателесіп есепке
жазуға/аударуға/төлеуге байланысты даулы жағдайларды шешуге жәрдемдеседі.
48. Кодты/ЖДСК үш рет дұрыс термеген кезде Әмиянмен жасалатын іс-әрекеттерді Банк күдікті
деп бағалап, Электрондық ақшамен Операция жасаудан бас тартады.
49. Клиентке Әмияндағы Электрондық ақшаның жұмсалуын есепке алу үшін және ықтимал
дауларды реттеу үшін Құжаттарды сақтау ұсынылады.
50. Банк пен Клиенттің арасында Шарттан немесе соған байланысты (соның ішінде Әмиянды
пайдалануға байланысты) туындайтын барлық даулар (тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда) соттың құзыретіне жатқызылған даулар
болған жағдайда, Банктің бас офисі орналасқан жерде қаралуы тиіс.
51. Терминалдан Құжатты ала алмаған жағдайда, Клиент АТТК-ні сатып алған күннен бастап
күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде Банкке немесе Ұйымға/Агентке жазбаша өтінішпен
хабарласады, Банк жазбаша өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде
Клиентке Құжаттың телнұсқасын береді.
9. Басқа ережелер
52.
Клиент Әмиянды пайдаланған кезде сүйенген жағдайлардың елеулі түрде өзгеруіне
байланысты барлық тәуекелді Клиент өзіне қабылдайды және мұндай жағдайлар Банк пен
Клиенттің арасында туындаған шарттық қатынастарды өзгерту үшін немесе бұзу үшін негіз
болып табылмайды.
53.
Клиенттің (Ережеде баяндалған жағдайды қоспағанда) Банкпен шарттық қатынастардан
шығатын, Клиенттің Банкке қоятын Талап ету құқығын қоса алғанда, өзінің құқықтарын
(талаптарын) үшінші тұлғаларға толық немесе ішінара беруге құқығы жоқ.
54.
Осы арқылы Клиентке барлық ССК Электрондық ақшаны қабылдай алмайтыны және
Банктің және/немесе басқа ұйымдардың Электрондық ақша жүйесі Әмиянды пайдаланып
жасалған Операциялардың сомалары бойынша шектеулі болуы мүмкін екені хабарланды, ол оны
түсінеді және онымен келіседі.
55.
Банк Ережені және (немесе) Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгерткен (толықтырған)
кезде, аталған өзгерістер (толықтырулар) олар Банктің сайтында орналастырылған күннен бастап
күнтізбелік 10 күн өткенде қолданылады. Клиент Банктің Ереженің талаптарын біржақты
өзгертуімен келіспеген жағдайда, Клиентпен жасалған Шарт Ережеде көзделген талаптарда
бұзылады.
***
Достарыңызбен бөлісу: |