Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет31/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192

әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды 
ресімдемей, оларды іріктеп алу;
 
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де 
құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
 
      8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыру;
 
      9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) 
және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ 
сол кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу 
қайта тексеру жүргізу;
 
      10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен 
шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;
 
      11) жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын 
бұзу;
 
       12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау – 
 
      лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы
 
                бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын
 
                негізсіз жүргізу 
 
 
 
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де 
нысандарын негізсіз жүргізу -
 
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
 
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      
Ескерту.
 
175-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      176-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi құқыққа
 
                сыйымсыз әрекеттер
 
      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы 
мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, 
мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн 
бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды 
қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсiздiк) оңалту 
немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес 
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, 
борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi 


немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары 
берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген 
кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты 
дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық 
жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер 
iрi залал келтiрмесе, –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық
 
                туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
 
      1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау 
не тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi 
есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi 
туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-
ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, 
құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң 
активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң 
жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не 
тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес 
мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды 
уақтылы хабардар етпеу –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды 
хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың 
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген 
тәртiбiн бұзу –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық 
белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды 
адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн 
орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не 
тиiсiнше орындамау –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, 
борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп 
тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды 
жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, 
өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау