Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет169/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   192

                мерзiмдерi
 
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау 
фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
 
      2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен 
жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
 
      3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік 
қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және жергілікті 
атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік 
құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті 
шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.      
 
      4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және 
өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған 
жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
 
      5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, 
хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік 
ішінде жасалады.
 
      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке 
тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң 
жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы 
Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi 
және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi 
бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде – бұл бұзушылықтар 
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; 
екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық 
бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық 
немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
 
      7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
 
      8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344, 347, 394 (екiншi 
бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға 
келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген 
кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
 
      9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына 
байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама 
осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша 
жасалады.
 
      
Ескерту. 806-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
 
                жасалмайтын жағдайлар
 
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
 
      1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
 
       2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін 
сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен 
тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының 


көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, 
бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі; 
 
      3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның 
қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген 
жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық 
бұзушылықтар жасалған кезде;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде 
осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-
1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 10
3, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 
121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130, 132 және 456-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк 
құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
 
      5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен 
қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының 
үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде 
жасалмайды.
 
      2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi 
жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде 
ресiмдейдi.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi 
данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
 
      
Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 
№ 315-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 
№ 404-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн
 
                жiберу
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған 
кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға 
уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.
 
      Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн 
судьяға дереу жiберiледi.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) 
жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат 
нысанында жiберiлуі мүмкін.
 
      
Ескерту. 808-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
 
                жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату
 
      Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi 
болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.
 
   42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША 
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ 
      810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау