Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)


қысқартылған іс жүргізудің негіздері



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет170/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   192

                қысқартылған іс жүргізудің негіздері
 
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, егер құқық 
бұзушылық фактісін лауазымды адам оның жасалу орнында анықтаса, 44-баптың бірінші 
бөлігінің бірінші абзацына сәйкес ол үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген, оны 
жасаған, өз кінәсін мойындаған жеке тұлға анықталған және салынған айыппұл мөлшерімен 
келіскен жағдайларда жүзеге асырылады.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
 
      1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
 
      2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;
 
      3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
 
      4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық 
бұзушылықтар жасалған;
 
      5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн 
сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен 
тiркелген жағдайларда қолданылмайды.
 
      
Ескерту. 810-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша
 
                қысқартылған іс жүргізу тәртібі
 
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, 
лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды 
және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік 
ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.
 
      Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін 
адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.
 
      2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл жеті тәулік ішінде 
төленген жағдайда, іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.
 
      Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-
тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше 
пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы 
тәртіппен жүзеге асырылады.
 
      
Ескерту. 811-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
   43-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУ 
      812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын
 
                орын
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте 
көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық 
бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан 
жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс 
жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша 
қаралуы мүмкін.
 
      2. Осы 
Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 574, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600
, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 6
18, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында 
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде 
шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да 
қаралуы мүмкiн.
 


      3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383 және 440-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша 
қаралады.
 
      4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын 
адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша 
қаралады.
 
      813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға
 
                әзiрлеу
 
      1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға 
әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
 
       1) аталған iстi қарау өздерiнiң құзыретiне жататынын; 
 
      2) аталған iстi судьяның, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-
жайлардың болуын;
 
      3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың және басқа 
да хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс 
ресiмделгенiн;
 
      4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың, сондай-ақ тұлғаны әкiмшiлiк 
жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн  мән-жайлардың болуын;
 
      5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер 
бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұратын жеріндегі сотта қарау туралы 
өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;
 
      6) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iстің 
қаралу орны мен уақыты туралы хабарланғанын анықтайды.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы 
Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру 
фактілері туралы істерге қолданылмайды.
 
      
Ескерту. 813-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      814-бап. Судьяның, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық
 
                бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн
 
                болғызбайтын мән-жайлар
 
      Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген судья, лауазымды адам, егер 
бұл тұлға:
 
      1) жауаптылыққа тартылып отырған тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң, олардың 
өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болып табылған;
 
      2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған 
жағдайларда, аталған iстi қарай алмайды.
 
      815-бап. Судьяның, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы
 
                және оларға қарсылық білдіру
 
      1. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, лауазымды 
адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
 
      2. Осы Кодекстiң 814-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды 
тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьяға, лауазымды адамға қарсылық білдіруін 
мәлiмдеуге құқылы.
 
      3. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың 
төрағасына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
 
      4. Өздiгiнен бас тарту, қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, 
жоғары тұрған лауазымды адам келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау