наразылық келтірілуі мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым,
наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодексте
белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкiн.
840-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға не оны өзгертуге
және қаулы шығаруға мыналар:
1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды,
наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;
2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3) осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына,
кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер
болып табылады.
841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның)
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы
түйіндерінің шағымды, наразылықты қарау кезiнде
зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-
жайлары туралы түйіндердің шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге
сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының
күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, наразылықты қарау нәтижелерiне сәйкес
жаңа қаулы шығарады.
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау
процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға
алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.
842-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
1. Мыналар әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау болып табылады:
1) осы Кодекстiң 1-бөлiмiнiң және 2-бөлiмi Жалпы бөлiгiнiң талаптарын бұзу;
2) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiгiнiң қолданылуға жататын бабынан немесе
бабының бөлiгiнен басқасын қолдану;
3) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабының санкциясында
көзделгеннен анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдану.
2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны
дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам)
құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына
өзгертуге құқылы.
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау
нәтижелерi бойынша анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін заңды қолдануға немесе осы
негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген немесе прокурор наразылық келтірген жағдайда
ғана анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
843-бап. Осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде
бұзу
1. Осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргiзу
және оны қарау кезiнде осы Кодекстің қағидаттарының және iске қатысатын тұлғалардың
заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-
жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және
негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы
ережелерiнiң бұзылуы танылады.
2. Іс бойынша іс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы
болуы мүмкiн, зерттеуден жол берiлетiн дәлелдемелердi қателесіп шығарып тастаудың немесе
дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың; мiндеттi түрде зерттелуге жататын
дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болып табылса, қаулының күшi жойылуға жатады.
3. Егер:
1) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген негiздер болған кезде іс
бойынша iс жүргiзу тоқтатылмаған болса;
2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік
берілмеген судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
3) қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылғанда іс оның қатысуынсыз
қаралса немесе өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қорғаушы алу
құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi
бiлетiн тiлдi және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға iстiң мән-жайлары туралы
түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
6) қаулыға осы Кодекстiң 822-бабының төртiншi бөлiгiнде аталған тұлғалардың
қайсыбiреуi қол қоймаса, кез келген жағдайда қаулының күшi жойылуға жатады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң
1) тармақшасында көрсетiлген процестік нормалардың бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай
отырып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және
iс жүргiзудi тоқтатады.
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың
қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлген болса, судья, жоғары тұрған
орган (лауазымды адам) iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға
шаралар қолданады, тиiсінше тиісті мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген
әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, төмен
тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың
нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған
құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына
немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына
сәйкес келмеуi
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес,
жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк
жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам)
әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен айқындалғаннан анағұрлым қатаң жаза қолдануы
мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша прокурор наразылық келтірген немесе жәбiрленушi
шағым берген жағдайда ғана қолданады.
845-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының
күшiн жою немесе оны өзгерту
1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың
негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша ғана
әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату
туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |