Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет152/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   192

      2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен 
дағдылары болмаса, іс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен 
жасалатын процестік әрекетке қатысты iс материалдарымен танысуға; жүргізуінде әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен 
процестік әрекетке қатысушыларға сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, 
хаттамада не процестік әрекет хаттамасының бiр бөлiгi болып табылатын ресми құжатта 
барысы мен нәтижелерiн көрсете отырып, процестік әрекет шеңберiнде iс материалдарына 
зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан процестік әрекет хаттамасымен танысуға және өзiнiң 
қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнің тіркелуде толық және дұрыс 
көрсетiлуiне қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиісті мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға 
құқылы.
 
      3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді жүзеге асыратын 
судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмiн, дағдысын 
және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекетке қатысуға; өзi 
жасаған әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; көрсетілген әрекеттердiң жасалу фактiсiн, 
олардың мазмұны мен нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
 
      757-бап. Сарапшы
 
      1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы 
мүмкiн. Сот сараптамасын жүргiзу:
 
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
 
      2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
 
      3) заң талаптарына сәйкес бiржолғы тәртiппен өзге де тұлғаларға тапсырылуы мүмкiн.
 
      2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға; қорытынды 
беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы өтiнiшхаттарды мәлiмдеуге, 
жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан органның (лауазымды адамның) 
рұқсатымен процестік әрекеттердi жүргiзуге қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға 
сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзi қатысқан процестік әрекеттiң 
хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс 
көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiстi ескертулер жасауға; сот сараптамасын 
тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келiсуi бойынша сот-сараптамалық 
зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы 
ұйғарымда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде 
қорытынды беруге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар 
беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге; 
сараптама жүргiзу кезiнде өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн соттың және іс бойынша iс 
жүргiзуге қатысатын өзге де тұлғалардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға; 
сараптама жүргiзу кезiнде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу 
өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындаған жұмысы үшiн сыйақы 
алуға құқылы.
 
      3. Сарапшы: іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органды хабардар етпей, 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылармен сараптама 
жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу үшін материалдарды 
өз бетінше жинауға; егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, 
объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі 
қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
 
      4. Сарапшы: жүргiзуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, 
органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзiне ұсынылған объектiлерге жан-
жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге, өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша 
негiзделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстiң 772-бабының он үшiншi бөлiгiнде 
көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн 
еместiгi туралы дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған 


органға (лауазымды адамға) жiберуге; жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға 
байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттелiп жатқан объектiлердiң сақталуын 
қамтамасыз етуге; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сараптама жүргiзуге 
байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
 
      5. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн заңда көзделген қылмыстық 
жауаптылықта болады.
 
      6. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң 
сипатына қарай құқықтарымен және мiндеттерiмен танысты және сотта көрiнеу жалған 
қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлді деп есептеледi.
 
      758-бап. Аудармашы
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу кезiнде аударма үшін 
қажет болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың белгiлерiн түсiнетiн), iстiң 
қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы ретінде 
тағайындалады.
 
      2. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) аудармашыны тағайындайды.
 
      3. Аудармашы: егер аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, іс бойынша iс жүргiзуге 
қатысудан бас тартуға; аударманы жүзеге асыру кезiнде аударманы нақтылау үшiн қатысушы 
адамдарға сұрақтар қоюға; өзi жүргiзiлуiне қатысқан процестік әрекеттiң хаттамасымен 
танысуға және аударманың толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгiзiлуге 
тиісті ескертулер жасауға құқылы.
 
      4. Аудармашы: жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, 
органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзiне тапсырылған аударманы 
толық және дәлме-дәл жасауға; аударманың дұрыстығын тиiстi хаттамада өзi қол қойып 
куәландыруға мiндеттi.
 
      5. Аудармашыға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде 
көрiнеу жалған аударма жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы және сотта осы іс-
әрекеттi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi.
 
      6. Осы баптың қағидалары мылқаудың немесе саңыраудың белгiлерiн түсiнетiн, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға тартылған адамға қолданылады.
 
      759-бап. Прокурор
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде 
заңдардың дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан 
тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас 
Прокуроры жүзеге асырады.
 
      Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде тәуелсiз болады және 
заңға ғана бағынады.
 
      2. Прокурор осы Кодекстiң 760-бабында көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру 
мақсатында: әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзуге қатысуға; 
дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға; iстi қарап жатқан сотқа, органға 
(лауазымды адамға) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс 
жүргiзiлiп отырған тұлғаның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстi қарау процесiнде 
туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн білдіруге; iстi қарап жатқан сотқа, 
органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан 
босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
 
      3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен 
уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң 
қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау