Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет149/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   192

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істі 
қарау немесе жекелеген процестік әрекеттер жасау уақыты мен орны туралы хабарланады және 
олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.
 
      2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс 
хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе 
электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін 
қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.      
 
      3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама 
немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды 
тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
 
      4. Хабардар ету (хабарлама):
 
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік 
жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған;
 
      2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің 
біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып 
тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше 
жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына 
немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, 
тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды;
 
      3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол 
қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай 
бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
 
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық 
салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық 
тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп 
танылады.
 
      5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге 
асырылатын адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, 
ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен 
танысқанын өзінің қол қоюымен растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар 
ету (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.
 
      5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де 
қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы 
сотқа келу туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың 
өз есебінен төленеді.
 
      Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен 
бірге беріледі.      
 
      6. Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны 
жеткізетін немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын 
хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі соғады.
 
      7. Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға 
немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
 
      
Ескерту. 743-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
  (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015
 № 432-V  
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 
31.10.2015
 № 378-V  
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
   38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША IС 
ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 
      744-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
 
                іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға
 
      1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, 


хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, 
өтiнiшхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті 
қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп 
отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша 
іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға, одан үзiндi көшірме алуға және iстегi 
құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де 
процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға 
iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан 
iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның 
өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
 
      3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-
ақ шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік 
жолмен шығарып жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару 
құқығын қоспағанда) айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы 
мiндеттi.
 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған тұлғалар жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, 
органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға 
күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.
 
      Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын 
iшкi iстер органы (полиция) орындайды.
 
      5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайларын қарау 
кезiнде шығарыла тұруы мүмкiн.
 
      745-бап. Жәбiрленушi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық 
зиян келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
 
      2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, 
дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтар мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша 
қаулыға шағым жасауға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де процестік құқықтарды 
пайдалануға құқылы.
 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Оған 
iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан 
iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның 
өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
 
      4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап 
алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болып табылса, куә ретiнде оның өкiлiнен 
жауап алынуы мүмкiн.
 
      746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi
 
      1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы 
бойынша өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырылғандар болып 
табылатын, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп 
жатқан жеке тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды 
олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау