Ескерту. 652-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
652-1-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
Ескерту. 652-1-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
652-2-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап
кету
Ескерту. 652-2-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
652-3-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет
атқару қағидаларын бұзу
Ескерту. 652-3-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
33-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
653-бап. Сотты құрметтемеушілік
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан
әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету
немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық
етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты
құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық
көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес
тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс
жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы
Iс жүргізуге қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға
(лауазымды адамға) iс бойынша талқылауды кейiнге қалдыруға себепшi болған дәлелді
себепсіз келуден бас тартуы немесе келмеуі –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақыру бойынша дәлелді себептерсіз
сотқа келмеуi –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
656-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн
ақпарат бермеу
Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға
қажеттi ақпарат бермеу, сол сияқты бұрыс ақпарат беру –
ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
657-бап. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға
байланысты міндеттерді орындамауы, сондай-ақ
шектеулердi сақтамауы
1. Алқабидiң сот талқылауында iстi қарауға байланысты, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ шектеулердi
сақтамауы –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соққан дәл сол
әрекеттер –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
658-бап. Куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе
жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган
(лауазымды адам) куә ретiнде сауал қоюға жататын адамның айғақтар беруден дәлелді
себептерсіз бас тартуы немесе келмеуі –
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
659-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары,
сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе
көрінеу дұрыс емес аударма
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет
сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу
жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, сондай-ақ сондай жағдайларда
аудармашы жасаған көрiнеу дұрыс емес аударма –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстi қарау барысында осыған уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам)
iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы
немесе дұрыс емес аударма туралы ерiктi түрде мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан
босатылады.
660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру
және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам
жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер
бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер
бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп
соқпаса, –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 660-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
661-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы
қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру
туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе
жалтаруы
Достарыңызбен бөлісу: |