Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет135/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   192

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Осы бап бойынша өндiрiп алушылар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
 
      673-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды
 
                орындауға кедергi келтiру
 
      Сот орындаушысының, сот приставының мүлiкке өндiрiп алуды қолдану (тiзiмдеу, 
бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткiзу) әрекеттерiн жасауына жеке тұлғалардың және 
заңды тұлғалардың кедергi келтiруi немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан 
бас тарту –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп 
соғады.
 
      674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
 
      1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденiн, медалін, құрметтi 
атаққа берілетін төсбелгiсiн, ерекшелік белгiсiн немесе планкалардағы орден ленталары 
мен медаль ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi –
 
      Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның орденi, медалі, құрметтi 
атаққа берілетін төсбелгiсі, ерекшелік белгiсi немесе планкалардағы орден ленталары мен 
медаль ленталары тәркiлене отырып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi 
тағайындау немесе жасау –
 
      белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери
 
                киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы
 
                киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
 
      1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ 
нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
 
      айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды 
киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға 
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге 
асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет –
 
      айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды 
киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
   34-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
 
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға 
немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер 
беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет 
белгiлерi болмаса, –
 
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк
 
                берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның
 
                заңсыз материалдық сыйақы алуы
 
      Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған 
теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, 
сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына 
әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) 
мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген 


тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық 
жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, –
 
      алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
 
      1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген 
тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, 
жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
 
                басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi
 
                жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
 
      Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне 
заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген 
қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы –
 
      осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас
 
                жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды
 
                қабылдамауы
 
      Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан 
Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты 
хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды 
адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты 
адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды 
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза 
отырып қабылдауы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс 
органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 680-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015
 № 411-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды
 
                жұмысқа қабылдау
 
      Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, 
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ 
олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды 
жұмысқа қабылдауы –
 
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
   3-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУҒА 
УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАНДАР 
   35-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
      682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға
 
                уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
 
      1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
 
      2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық 
соттардың судьялары;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау