2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке
тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске
дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке
тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге
дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк
экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi,
лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi
мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен
көрсетiлген айыппұл салуға;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның
орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды
адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция
сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл
салуға құқылы.
Ескерту. 697-бапқа өзгеріс енгізілді
-
ҚР 17.11.2015
№ 407-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230
(екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты
объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші
бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері
объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353
(техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464
(бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді
қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк
жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық
маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң
онға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас
мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң
жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкеркерге – бір жүзге дейiнгi, заңды
тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, заңды
тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 698-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар
мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар
бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да
бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы
уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында
бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы
Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы
және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және
қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;
2) 297-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – бағалы металдарды
өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат
тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да
бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның
орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 36-тарау 698-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016
№ 445-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы
Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар
қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті
әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.
700-бап. Денсаулық сақтау органдары
1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың
айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424
(бiрiншi бөлiгiнде), 426(бiрiншi бөлiгiнде), 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға
дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң
басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық
бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 81 (бiрiншi
бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші
бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға
медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның
орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
701-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015
№ 424-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |