Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет132/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   192

      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      646-бап. Әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен
 
                азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау
 
      1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе 
тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау 
ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери 
міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару 
органына белгiленген мерзiмде хабарламауы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының жергiлiктi әскери 
басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал 
актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендігі туралы белгiленген мерзiмде 
хабарламауы – 
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының әскери есепке алуды жүзеге 
асыратын органға тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған, 
жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды 
адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери 
міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына 
заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды 
адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен 
әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы 
заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi
 
                мiндеттерді орындамауы
 
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару 
органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге 
(әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) 
тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш 
айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен 
жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –
 
       бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 647-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 
№ 408-V
 Заңымен (01.03.2016 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан
 
                жалтару
 
      1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi комиссияның немесе әскерге шақыру 
комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару –
 
      әскери мiндеттiлерге – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге 
шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      649-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру
 
                немесе жоғалту
 


      Иесiнiң кiнәсiнан әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын 
азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жою, сол сияқты 
әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-
әскери құжаттарын жоғалту –
 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      650-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
 
      Әскерге шақырылушылардың жергiлiктi әскери басқару органдарының жолдамасымен 
әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе оқу 
ұйымдарының сабақтарына дәлелді себептерсіз қатыспау –
 
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      651-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке және
 
                келісімшарт бойынша әскери қызметке заңсыз
 
                шақыру, оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру
 
      Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке 
заңсыз шақыру не оларға заңсыз кейiнге қалдыруды беру –
 
      он жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      652-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызмет
 
                саласындағы заңнамасын бұзу
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      1. Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде немесе орындауға байланысты бiр 
әскери қызметшiнiң екiншiні қорлауы –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке 
дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
       3. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет 
өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он 
тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол 
сияқты бөлімнен босатылу, тағайындалу, ауыстырылу кезінде, іссапардан, демалыстан немесе 
емдеу мекемесінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу – 
 
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке 
дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, ұзақтығы он тәуліктен асатын, бірақ бір 
айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер –
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке 
дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
       5. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 
әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет өткеру қағидаларын бұзуы, егер бұл 
әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      6. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты 
қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген 
бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы –
 
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес 
тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау