шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс
желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын
техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз
ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп
соғады.
9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін
пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды
байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау –
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді
көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір
мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру,
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ
азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін
есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара
кәсiпкерлерге – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып
немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырық,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы
немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан
тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар
түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында
қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық,
тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе
аспаптар түсiнiледi.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп
байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және
(немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, шұғыл
медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама және басқа да қызметтермен
байланысудың мүмкін болмауына әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы әрекеті (әрекетсіздігі) түсініледі.
Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
(01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі); 09.04.2016
№ 499-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
638-бап. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, бiрақ одан
өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсінде техникалық реттеу
саласында сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс
құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiкті құрылғыларды, пошта байланысының
техникалық құралдарын пайдалану –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
ескерту жасауға немесе сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып,
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау
құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi
талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық)
құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік
техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл
жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған
бұзушылық –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын
кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық
қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескерту. 639-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын
бұзу
Достарыңызбен бөлісу: |