ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шеткі құрылғылар (жабдық) тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне үш жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Шеткі құрылғылар (жабдық) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң
пайдалануындағы, абоненттер жiберген ақпаратты байланыс арналары арқылы беру және
қабылдау үшiн электр және радиобайланысы сигналдарын қалыптастырудың техникалық
құралдары (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi
беру
құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң шеткі құрылғылары, кәбілдiк
теледидар жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар)
түсiнiледi.
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:
1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не
байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға
немесе төсеуге көрінеу
шектеулі жағдайлар белгілеуі;
2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне
жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген
мерзiмдерiн бұзу;
3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс
операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;
4) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да
қызметтерді тегін жалғау нөмірлерімен байланысты өшіру және (немесе) шектеу;
5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) байланыс операторларының өз желілерінде қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысы операторын таңдау бойынша абоненттердің құқығын шектеуі;
7) көрсетілетін зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина,
викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну
кезінде абоненттерді жалғанымның
құны туралы хабардар етпеу;
8) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және
көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс
қызметтерін көрсету;
9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес
келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;
9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу
қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу;
9-2) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-
трафикпен алмасу нүктесіне
жалғау қағидаларын бұзу;
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған
басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан
Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;
10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры
операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;
11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры
операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру
жөніндегі
міндетті орындамауы;
12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс
операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі,
сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы;
13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күндi
өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы;
14) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiнің жоғалуына алып келген қабылдау
және
табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды
бұзуы;
15) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiндегі тыйым салынған нәрселер мен
заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта
желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтiк
ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс
желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс
желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық
мүмкіндіктерімен
қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу
нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді
орындамауы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс
желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды абоненттер туралы
қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-
шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану
жөніндегі міндеттерді орындамауы –