Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет128/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   192

      Ескерту. 629-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
 
      630-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол
 
                құрылыстарын бүлдiру
 
      1. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін 
реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы 
бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту 
арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе 
оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу –
 
      жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян 
келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк 
оқиғасына әкеп соққан бұзушылықтар –
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 630-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      631-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол
 
                құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу
 
      1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын 
күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында 
белгiленген өзге де талаптарды орындамау –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян 
келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да 
құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан 
әрекеттер - 
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 631-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      632-бап. Жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын
 
                күтiп-ұстау қағидаларын жол жүрісі
 
                қауiпсiздiгiне қатер төндiре отырып бұзушылық
 
      1. Жолдардың жүру бөлiгіндегi жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-
ұстау қағидаларын бұзу, сол сияқты жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың 
шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетінің бұзылуына, жол үстiне мұздың қатуына, 
көрiнудің шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соғатын жер асты коммуникациялардың 
ақауларын жоюға шаралар қолданбау –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Адамдардың денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi 
және өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан дәл сол 
бұзушылықтар –
 


      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 632-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      633-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта қорғау мен
 
                пайдалану қағидаларын бұзу
 
      1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай, автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жер 
резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және 
топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да 
жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты 
және жерүстi құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де 
ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал 
жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне кәріздік, өнеркәсiптiк, 
мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану –
 
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамдарға жеңiл дене зақымдарын келтіре 
отырып, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп 
соққан не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
        634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және
 
                жол құрылыстарын пайдалану мен қорғау
 
                қағидаларын бұзуы
 
      Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып 
кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға 
бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару 
жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы 
пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi 
қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды 
техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi 
орындамау –
 
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      635-бап. Магистральдық құбыржолдарын қорғау қағидаларын
 
                бұзу
 
      Магистральдық құбыр жолдарын қорғау қағидаларын бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бір, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
   31-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК 
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      636-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды
 
                 (жабдықты) заңсыз қосу
 
      1. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу -
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау