13) техникалық қарап-тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының
мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі түрінде жасалған
бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – жиырма,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-
тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтердi қоса атқару –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, лауазымды
адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне –
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Техникалық қарап-тексеру орталығының аумағында механикалық көлiк құралдары мен
олардың тiркемелерiн жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi
көрсету –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген кезде көрiнеу анық
емес ақпарат беру –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, лауазымды
адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып, лауазымды
адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
617-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын
пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын
өзге де бұзушылықтар
1. Осы Кодекстiң 619-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарының
техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын,
жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп
соққан дәл сол әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 617-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын
талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген
нормаларды бұзып, жаңа көлік құралдарының
сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе
өзге де құжаттарды тану не беру
1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын көлік құралдары
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды
бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де
құжаттарды тану не беру –
осы қызметпен айналысу құқығынан бір жыл мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының немесе өзге де
мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
осы қызметпен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, үш жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жеңіл және орташа ауырлықтағы дене
зақымын келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
осы қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 618-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы
көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан
айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға
жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның
көлiк құралын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан
айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын,
жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп
соққан дәл сол әрекет –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
620-бап. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де
талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзбеленбеген, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
қағидаларында белгiленген, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
–
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
қағидаларының нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
621-бап. Көлiкпен қауiптi заттектерді немесе нәрселерді
тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Темiржол көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе қол жүгi нәрселерін
тасымалдау қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |