Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет124/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   192

      609-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты
 
                тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау
 
                маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын
 
                тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру
 
      1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген 
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру 

 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі
 
                қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген
 
                қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян
 
                келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де
 
                мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы
 
      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 
белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа 
құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген 
бұзушылығы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзiмге 
көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
 
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бiр жыл мерзiмге 
көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару 
құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      611-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты
 
                міндеттерді орындамауы
 
      1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі 
қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол 
жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы –
 
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-
көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
 
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан 
айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе

Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы 
болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
 
      612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның
 
                көлiк құралын басқаруы
 
      1. Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген 
басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық 


жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар 
алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру 
полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ 
жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) 
басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк 
құралын басқаруы –
 
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту 
жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын 
басқаруға беру –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      613-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары
 
                қызметкерінің Қазақстан Республикасының
 
                Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын
 
                өткізу пункттерінде және Қазақстан
 
                Республикасының аумағындағы көліктік бақылау
 
                бекеттерінде, әскери полиция органдары
 
                қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік,
 
                есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін
 
                куәландырудан өтуден жалтару
 
      1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық 
қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері 
мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк 
құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
 
      көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға, ал мұндай құқығы жоқ 
не одан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы 
көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе көлік құралдарын 
басқару құқығынан алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық 
қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері 
мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің 
белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң 
күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
 
      көлік құралдарын басқару құқығынан екі жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау