Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет119/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   192

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе
 
                тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ
 
                адамдарды кеме басқаруға жiберу
 
        1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, 
жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген 
кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу 
ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден 
басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) 
жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу 

 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден 
(куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған 
немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын 
көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ 
адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу 

 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi
 
                пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi,
 
                оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы
 
                жоқ адамның басқаруы
 
        1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден 
(куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi 
рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, 
немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары 
бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару 

 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы 
кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын 
көлемдi кеменi өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын 
растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi 
кеменi басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-
ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған 
тiркеу борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      583-бап. Кемелердiң жүзу, оларға жүк тиеу және олардан жүк
 
                түсiру қағидаларын бұзу
 
        1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқасы) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс 
және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру 
қағидаларын, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ 
порттық және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықты бүлдіру 

 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін 
объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын 
сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, 


гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен 
навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт 
жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы 

 
      ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын көлемді кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп 
соғады.
 
       3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді 
пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы 

 
      ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану
 
                қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
 
        1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде 
сигналдар беру қағидаларын сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар 
орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн 
белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де 
құралдар қою тәртiбiн бұзу 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы 
құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және 
басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану 
қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен 
сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық 
сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау –
 
      ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу,
 
                түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
 
      Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың 
техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу 
(түсiру) актiсiн ресiмдемеу –
 
      екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына
 
                арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану
 
                қағидаларын бұзу
 
      1. Шағын көлемдi кемелердiң тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) 
шағын көлемдi кемелердi базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану 
қауiпсiздiгiне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетiлген 
базаларда (құрылыстарда) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын көлемдi кемелердi 
күтіп-ұстау –
 
      жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Шағын көлемдi кемелердiң жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың 
белгiленген режимiн сақтамау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      587-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөнiндегi
 
                талаптарды бұзу
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау